"IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXIV сессиясының "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының LIV сессиясының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 394 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қыркүйекте № 1584 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXXXIV сессиясының "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекіту туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 450 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 900 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда "Алматы ақшамы" газетінде, 2011 жылғы 18 тамызда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережесіндегі:

      6-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Атақ беру жылына бір рет және Қала күніне орайластырылады. Атақ жылына он адамға дейін берілуі мүмкін.".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Н. Садықовқа және Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Т.Е. Сәрсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы
мәслихатының LIV сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады