V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVII сессиясының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 405 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 1600 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      12-тармақтың алтыншы азат жолы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар – 150 мың теңге.";

      21-тармақтың 20) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "20) мүгедек балалар және мынадай медициналық көрсетілімдерді ескере отырып (жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерді қоспағанда), жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер:

      - толық соқырлық;

      - түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;

      - елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;

      - елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;

      - паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);

      - елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;

      - гемиплегия, триплегия, параплегия;

      - елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі);

      - елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);

      - буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;

      - қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;

      - қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;

      - екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;

      - протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;

      - жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

      - қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;

      - қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары.";

      38-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8) осы Қағиданың 21-тармағының 20) тармақшасында көрсетілген мүгедек балаларды және бірінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық ем ұсынатын мекемеде болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторий-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей, тұру және тамақтануын төлей отырып.

      Мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес көрсетіледі.".

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс LVІІ сессиясының төрағасы А. Шілікбаев
      VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады