Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 03 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 1546 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі шешімдерінің күші осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жойылсын.

      3. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді, әрі қарай ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары В. Вавилинге жүктелсін.

      5. Осы шешім, ресми жарияланған күннен бастап, он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім М. Тажибаев

  Алматы қаласы
Жетісу ауданы әкімінің
2019 жылғы 12 сәуірдегі
№ 03 шешіміне 1-қосымша

Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 03.06.2022 № 03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.09.2022 № 04 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.10.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      № 313 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 66 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Казаков көшесі, № 6 үй)

      Шекаралары: Рысқұлов даңғылының жұп жағымен Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесінің тақ жағымен Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесінен Райымбек даңғылына дейін № 243г, 243в, 243/1, 243 үйлерді қоса алғанда; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.

      № 314 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 66 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Казаков көшесі, № 6 үй)

      Шекаралары: Корнилов көшесінен Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік-шығыс жағы) Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесімен оңтүстікке қарай (оңтүстік-батыс жағы) Казаков көшесіне дейін; Казаков көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен солтүстікке қарай (солтүстік-шығыс жағы) Корнилов көшесіне дейін; Корнилов көшесімен батысқа қарай (екі жағы) Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін.

      № 315 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 109 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Гончаров көшесі, № 23 үй)

      Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Есентай өзенінің батыс жағалауымен оңтүстікке қарай; Есентай өзенінің бойымен № 66 және № 68 үйлер арасымен Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесінің жұп жағымен Казаков көшесіне дейін; Крылов көшесінен Казаков көшесінің жұп жағымен Брюсов көшесіне дейін; Брюсов көшесінен жұп жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылымен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік жағы) Кудерин көшесіне дейін; Кудерин көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін.

      № 316 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 109 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Гончаров көшесі, № 23 үй)

      Шекаралары: Крылов көшесінен Столетов көшесімен шығысқа қарай (екі жағы) Гончаров көшесіне дейін; Гончаров көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Стадионная көшесіне дейін Чаплыгин көшесі №1/2 және 1/1 үйлерді қоса алғанда; Гончаров көшесінен Стадионная көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Крылов көшесіне дейін; Крылов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Столетов көшесіне дейін.

№ 317 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Вольная көшесі, № 6А үй)

      Шекаралары: Сейфуллин даңғылынан бастап Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін; Бөкейханов көшесінің шығыс жағымен темір жол желісіне дейін; Бөкейханов көшесінен бастап темір жол желісімен солтүстікке қарай, әрі қарай шығысқа Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылының батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін.

№ 319 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 108 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Акпаев көшесі, № 59А үй)

      Шекаралары: Сейфуллин даңғылынан темір жол желісі бойымен Бұлқышев көшесіне дейін; Бұлқышев көшесінің шығыс жағымен темір жолдан Лобачевский көшесіне дейін; Лобачевский көшесінен Қазыбаев көшесінің (шығыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен №66 үйге дейін (оны қоспағанда); №66 үйден Ермак көшесіне шыққанға дейін; Ермак көшесінің оңтүстік жағымен Яблочков көшесіне дейін; Ермак көшесінен Яблочков көшесінің шығыс жағымен Ленский көшесіне дейін; Яблочков көшесінен Ленский көшесінің оңтүстік жағымен, әрі қарай сайдың бойымен Ломоносов көшесіне шыққанға дейін; Ломоносов көшесінің оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылына дейін; Ломоносов көшесінен Сейфуллин даңғылының батыс жағымен темір жол желісіне дейін.

№ 320 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 108 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ақпаев көшесі, № 59А үй)

      Шекаралары: Яблочков көшесінен бастап, батысқа қарай Ермак көшесінің (солтүстік жағы) Рысқұлов даңғылының №68 үйді қоса есептегенде; № 68 үйден бастап Рысқұлов даңғылымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Тоқтаров көшесіне дейін; Рысқұлов даңғылынан бастап (оңтүстікке қарай)Тоқтаров көшесімен (батыс жағы) Ақпаев көшесіне дейін; Тоқтаров көшесінен Ақпаев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) сайға дейін; Ақпаев көшесінен оңтүстікке қарай саймен (батыс жағы) Ленский көшесіне дейін; Ленский көшесімен батысқақарай (солтүстік жағы) Яблочков көшесіне дейін; Ленский көшесінен оңтүстікке қарайЯблочков көшесімен (батыс жағы) Ермак көшесіне дейін, Рысқұлов даңғылы № 35 үй мекенжайды қоса алғанда.

№ 321 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 94 балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны, Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, № 293 үй)

      Шекаралары: Сейфуллин даңғылынан батысқа қарай Ломоносов көшесінің солтүстік жағымен сайға дейін; Ломоносов көшесінен сайдың шығыс жағымен Ақпаев көшесіне дейін; Ақпаев көшесінің солтүстік жағымен Тоқтаров көшесіне дейін; Ақпаев көшесінен Тоқтаров көшесінің шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Тоқтаров көшесінен Рысқұлов даңғылының онтүстік жағымен Ботанический көшесіне дейін; Рысқұлов даңғылынан Ботанический көшесінің батыс жағымен Маяковский көшесіне дейін; Ботанический көшесінен Маяковский көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Маяковский көшесінен Жансүгіров көшесінің шығыс жағымен Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылының батыс жағымен оңтүстікке қарай Ломоносов көшесіне дейін.

№ 322 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы автомеханикалық колледж, Алматы
қаласы, Қазыбаев көшесі, № 270 үй)

      Шекаралары: Серіков көшесінен солтүстікке қарай Ангарский көшесінің бойымен (шығыс жағы), ары қарай Көкмайса шағын ауданының шығыс шекарасынмен Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 "В" үйге дейін; Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 "В" үйден Сұлтанка өзенінің бойымен оңтүстік-шығысқа (батыс жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Құлагер шағын ауданы № 25 "А" үйге дейін, Құлагер шағын ауданының № 25, № 26, № 37 үйлерді қоса алғанда; Құлагер шағын ауданы № 25 "А" үйден шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Құлагер шағын ауданы № 33 үйге дейін; Құлагер шағын ауданы № 33 үйден оңтүстікке қарай (батыс жағы) Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесінен батысқа қарай (солтүстік жағы) Ангарский көшесіне дейін.

      № 323 сайлау учаскесі (орталығы: "Темірбетон-1" жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі, Алматы қаласы, Бөкейханов көшесі, № 11 үй)

      Шекаралары: қалалық зираттың шығыс шекарасымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Рысқұлов даңғылынан Қазыбаев көшесінің батыс жағымен ары қарай Бұлқышев көшесімен темір жол желісіне дейін; Бұлқышев көшесінен бастап, темір жол желісінің солтүстік жағымен 2-ші Гончарная көшесіне дейін; 2-ші Гончарная көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) темір жол желісі бойымен Бөкейханов көшесінің қиылысына дейін; Бөкейханов көшесінің оңтүстік жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен қалалық зираттың шығыс шекарасына дейін.

      № 324 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 112 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ратушный көшесі, № 131 үй)

      Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Бөкейханов көшесімен (екі жағы) Табиғат көшесіне дейін; Табиғат көшесінің тақ жағымен № 31 үйге дейін; Табиғат көшесінен Серіков көшесімен Үлкен Алматы каналына дейін; Үлкен Алматы каналынан оңтүстік жағымен Қазыбаев көшесіне дейін; Үлкен Алматы каналынан Қазыбаев көшесінің батыс жағымен (екі жағы) Рысқұлов даңғылына дейін; Қазыбаев көшесінен Рысқұлов даңғылының солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін.

      № 326 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 87 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Көкмайса" шағын ауданы, № 43А үй)

      Шекаралары: Солтүстік айналым шоссесінің оңтүстік жағымен, Бөкейханов көшесінен бастап, Есентай өзенінің арнасына дейін; ары қарай Есентай өзенінің арнасының батыс жағымен Ангарская көшесіне дейін; Ангарская көшесінің батыс жағымен Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесінің солтүстік жағымен Бөкейханов көшесіне дейін; Бөкейханов көшесінің шығыс жағымен Солтүстік айналым шоссесіне дейін.

№ 327 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 137 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-2" шағын ауданы, № 65А үй)

      Шекаралары: Солтүстік айналым шоссесінен оңтүстік-шығысқа қарай (солтүстік жағы) Айнабұлақ-1 шағын ауданының №№ 9, 11, 12, 12 А, 12 Б, 13, 14, 15, 16,17, 18, 19 тұрғын үйлерін қоса алғанда, әрі қарай солтүстік-шығысқа қарай (батыс жағы) Айнабұлақ-4 шағын ауданының №№ 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185 тұрғын үйлерін қоса алғанда, әрі қарай Есентай өзені арнасымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Солтүстік айналым шоссесінің қиылысына дейін, Солтүстік айналым шоссесінің №№ 37/1, 37/2,37/3 үйлерін қоса алғанда, әрі қарай Солтүстік айналым шоссесінен оңтүстік-батысқа қарай (шығыс жағы) №326 сайлау учаскесінің шекарасына дейін.

№ 328 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 118 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-2" шағын ауданы, № 65 үй)

      Шекаралары: Жұмабаев көшесінен оңтүстікке қарайЕсентай өзені арнасына дейін; Есентай өзені арнасынныңшығыс жағымен Айнабұлақ-1 шағын ауданының №№ 1,2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 20, 21, 22, 22 В, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 42 Б тұрғын үйлерін қоса; Айнабұлақ-4 шағын ауданының №№ 174, 175 үйлері.

№ 329 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 118 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-2" шағын ауданы, № 65 үй)

      Шекаралары: Есентай өзенінен солтүстікке қарай Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесінің оңтүстік жағымен Палладин көшесіне дейін; Палладин көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай, Айнабұлақ-2 шағын ауданының №№ 45, 46, 47, 48, 49, 66, 67, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84А тұрғын үйлерін және №№ 49, 80 тұрғын емес үйлерін қоса алғанда.

№ 330 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 137 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-2" шағын ауданы, № 65А үй)

      Шекаралары: Сұлтанка өзенінен оңтүстікке қарай Айнабұлақ-2 шағын ауданының оңтүстік шекарасы бойымен және әрі қарай солтүстік-батысқа қарай Есентай өзеніне дейін, Айнабұлақ-2 шағын ауданының №№ 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 42 А, 42 Б, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62 тұрғын үйлерін және №№ 43, 44 тұрғын емес үйлерін қоса алғанда.

      № 331 сайлау учаскесі (орталығы: "Келет" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы, Бөкейхнов көшесі, № 233 үй)

      Шекаралары: Рысқұлов даңғылынан Солтүстік айналма тас жолының батыс жағымен Бөкейханов көшесінің қиылысына дейін; Бөкейханов көшесінен Табигат көшесіне дейін №31 және №35 үйлерді қоса алғанда; Табиғат көшесінен (жұп жағымен) Самырсын көшесіне дейін; Самырсын көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін; Бөкейханов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылынан (солтүстік жағымен) Солтүстік айналма тас жолына дейін.

№ 332 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 110 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 166А үй)

      Шекаралары: Айнабұлақ-3 шағын ауданының №115 үйінен Айнабұлақ шағын ауданының шығыс жағының шекарасы бойымен Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесінің солтүстік жағымен Айнабұлақ-3 шағын ауданының №№ 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116 тұрғын үйлерін және №№ 166А, 166Б тұрғын емес үйлерін қоса алғанда.

№ 333 сайлау учаскесі (орталығы: Жас туристер қалалық станциясы, Алматы қаласы,
"Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 167/1үй)

      Шекаралары: Мұқатай көшесінің батыс жағымен Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесінің солтүстік жағымен Айнабұлақ-3 шағын ауданының №№ 88, 89, 90, 91, 92, 93, 167, 168, 169, 174; Айнабұлақ-4 шағын ауданының №№ 166, 167, 168, 169, 170, 170 "А", 172, 173, 187, 188, 190, 191, 192, 193, 194, 194 Б тұрғын үйлерін қоса.

№ 334 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 110 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 166Аүй)

      Шекаралары: Мұқатай көшесінің шығыс жағымен Айнабұлақ-3 шағын ауданының № 158, № 159 үйлерін қоса алғанда Павлодарский көшесіне дейін; Павлодарский көшесінің оңтүстік жағымен Айнабұлақ шағын ауданының шығыс жағымен шекарасына дейін; Айнабұлақ шағын ауданының шығыс шекарасы бойымен Палладин көшесіне дейін, Айнабұлақ-3 шағын ауданының №№ 117, 117 А, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 132, 133, 134, 135 А, 135, 136, 137, 141 тұрғын үйлерін және № 129А тұрғын емес үйін қоса алғанда.

      № 335 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 129 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 165А үй)

      Шекаралары: Есентай өзенінің шығыс жағалауы бойымен солтүстікке қарай Воронеж көшесі № 56 үйге дейін; Воронеж көшесі № 56 үйден шығыс бағытта Павлодар көшесі №№ 133А, 108 үйлерді, Мещерский көшесі № 86 және № 79 үйлерді қоса алғанда (оңтүстік жағы); Мещерский көшесі № 79 үйден оңтүстік бағытта №№ 81, 83, 85, 89, 91, 93, 95, 99, 99А үйлерді қоса алғанда Павлодар көшесіне дейін; Павлодар көшесінен Мұқатай көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай, Айнабұлақ-3 шағын ауданы №№ 142, 143, 143А, 144, 145, 147, 149, 150, 151, 152, 154, 155, 156, 157, 161, 162 тұрғын үйлерді қоса алғанда.

      № 336 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы-2 теміржол вокзалы, Алматы қаласы,
Абылай хан даңғылы, № 1 үй)

      Шекаралары: Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Желтоқсан көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен темір жол желісіне дейін; темір жол желісімен Островский көшесіне дейін, Островский көшесінің шығыс жағымен Радищев көшесіне дейін; Радищев көшесінің оңтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылымен Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылының батыс жағымен темір жол желісіне дейін; темір жол желісінің солтүстік жығымен Желтоқсан көшесіне дейін; Желтоқсан көшесінің батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін.

№ 337 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 57 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Ахтанов көшесі, № 57 үй)

      Шекаралары: Сүйінбай даңғылынан батысқа қарай Радищев көшесінің солтүстік жағымен Островский көшесіне дейін; Радишев көшесінен Островский көшесімен темір жол желісіне дейін; темір жол желісімен Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылының шығыс жағымен Маяковский көшесіне дейін; Маяковский көшесімен Сейфуллин даңғылынан бастап Ботанический көшесіне дейін; Ботанический көшесінің батыс жағымен Ломоносов көшесіне дейін; Ломоносов көшесінің оңтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының батыс жағымен Радищев көшесіне дейін.

      № 338 сайлау учаскесі (орталығы: "Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Колпаковский көшесі, № 26 үй)

      Шекаралары: Колпаковский көшесінен Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінің оңтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін; Жангелдин көшесінен батыс жағымен Бөлтірік Шешен көшесіне дейін; Бөлтірік Шешен көшесінің солтүстік жағымен Есенов көшесіне дейін; Есенов көшесінің батыс жағымен Колпаковский көшесіне дейін; Колпаковский көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін.

№ 339 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 2 Жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Черкасской обороны көшесі, № 71 үй)

      Шекаралары: Райымбек даңғылынан Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен солтүстікке қарай Колпаковский көшесіне дейін; Колпаковский көшесінің оңтүстік жағымен Есенов көшесіне дейін; Есенов көшесінің шығыс жағымен Бөлтірік Шешен көшесіне дейін; Бөлтірік Шешен көшесінің оңтүстік жағымен Тәтібеков көшесіне дейін; Тәтібеков көшесінің батыс жағымен Станиславский көшесіне өтіп, әрі Колпаковский көшесінен Жетысуская көшесіне дейін; Жетысуская көшесінің батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін.

      № 340 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 102 Жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)

      Шекаралары: Баянауыл тұйық көшесінен солтүстікке қарай Қыдырбекұлы көшесінің шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінің солтүстік жағымен Шемякин көшесіне дейін; Шемякин көшесінің шығыс жағымен Семиреченский көшесіне дейін; Семиреченский көшесінің оңтүстік жағымен Гурьевская көшесіне дейін; Гурьевская көшесінің шығыс жағымен Айтыков көшесіне дейін; Айтыков көшесінің шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің батыс жағалауымен Станиславский көшесіне дейін; Станиславский көшесінің батыс жағымен Омский көшесіне дейін; Омский көшесінің шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесімен Қыдырбекұлы көшесіне дейін.

      № 341 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 102 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)

      Шекаралары: Жангелдин көшесінен батысқа қарай Баянауыл көшесінің солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен шығысқа қарай Гастелло көшесіне дейін; Гастелло көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Мусоргский көшесіне дейін; Мусоргский көшесінің солтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін; Жангелдин көшесінің шығыс жағымен Баянауыл көшесіне дейін.

№ 342 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 102 Жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Потанин көшесі, № 226 үй)

      Шекаралары: Бондаренко көшесінен Жангелдин көшесінің шығыс жағымен Мусоргский көшесінің солтүстік жағына дейін; Мусоргский көшесінің оңтүстік жағымен шығысқа қарай Гастелло көшесіне дейін; Гастелло көшесінің шығыс жағымен солтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен Айтықов көшесіне дейін; Айтықов көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Гурьев көшесіне дейін; Гурьев көшесінің оңтүстік жағымен Семиреченский көшесіне дейін; Семиреченский көшесінің солтүстік жағымен Шемякин көшесіне дейін; Шемякин көшесінің батыс жағымен оңтүстікке қарай Баянауыл көшесіне дейін; Баянауыл көшесінің солтүстік жағымен батысқа қарай Қыдырбекұлы көшесіне дейін; Қыдырбекұлы көшесінен Леваневский көшесіне дейін; Леваневский көшесінен Черкасской обороны көшесіне дейін; Черкасской обороны көшесінің батыс жағымен Бондаренко көшесіне дейін; Бондаренко көшесінің солтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін.

№ 343 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 43 Жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Шилов көшесі, № 5 үй)

      Шекаралары: Сүйінбай даңғылынан батысқа қарай Ломоносов көшесінің солтүстік жағымен Ботанический көшесіне дейін; Ботанический көшесінің шығыс жағымен Рысқұлов даңғылына дейін; Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының батыс жағымен Ломоносов көшесіне дейін.

      № 344 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 80 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жайсаң көшесі, № 22 үй)

      Шекаралары: Бурундай көшесінен Солтүстік айналма тас жолы бойымен батысқа қарай Жайсан көшесіне дейін (солтүстік жағы); Солтүстік айналма тас жолынан солтүстік бағытта Венера көшесіне дейін (шығыс жағы); Венера көшесінен солтүстік бағытта Феоктистов көшесіне дейін (шығыс жағы); Венера көшесінен Феоктистов көшесі бойымен батыс бағытта Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінің арнасымен солтүстік бағытта Дыбенко көшесіне дейін; Дыбенко көшесінен шығысқа қарай Ақсуат көшесімен оңтүстікке қарай Бурундай көшесіне дейін; Бурундай көшесімен (батыс жағымен) оңтүстік-батысқа қарай Солтүстік айналма тас жолына дейін.

      № 345 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 80 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жайсаң көшесі, № 22 үй)

      Шекаралары: Есентай өзенінен Бурундай көшесімен батысқа қарай Алматы қаласының шекарасына дейін; Алматы қаласының шекарасымен солтүстікке қарай Талант көшесіне дейін; Талант көшесімен (екі жағы) Көкжиек шағын ауданының шекарасымен шығысқа қарай Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінен Феоктистов көшесімен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Венера көшесіне дейін; Феоктистов көшесінен Венера көшесімен оңтүстік бағытта Жайсан көшесіне дейін (батыс жағы); Венера көшесінен Жайсан көшесімен оңтүстік бағытта Солтүстік айналма тас жолына дейін; Жайсан көшесінен Солтүстік айналма тас жолы бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Бурундай көшесіне дейін, Есентай өзенімен қиылысқанға дейін.

      № 346 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 101 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)

      Шекаралары: Сұлтанқарасу өзенінен Бурундай көшесімен оңтүстікке қарай (батыс жағы) одан әрі Жансүгіров көшесімен (батыс жағы) Великолукская көшесі № 53 үйге дейін; Великолукская көшесі № 53 үйден батыс бағытта Қожамьяров көшесіне дейін (солтүстік жағы); Қожамьяров көшесінен оңтүстік бағытта Сельская көшесіне дейін (батыс жағы); Сельская көшесімен №№ 27Б, 27А, 27 үйлерге дейін; Сельская көшесі №№ 27Б, 27А, 27 үйлерінен Палладин көшесі № 172А үйге дейін; Палладин көшесі № 172А үйден солтүстік бағытта Ермолова көшесі № 78 үйге дейін; Ермолова көшесі № 78 үйден шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Сұлтанқарасу өзеніне дейін Бурундай көшесі №№ 231, 221, 223, 173А/1 үйлерді қоса алғанда; Бурундай көшесі № 173А/1 үйден Сұлтанқарасу өзені бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Бурундай көшесіне дейін.

      № 347 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 101 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Жансүгіров көшесі, № 352 үй)

      Шекаралары: Жансүгіров көшесі № 352 үйден батысқа қарай Великолукская көшесімен (оңтүстік жағы) Қожамьяров көшесі № 58 үйге дейін; Великолукская көшесінен оңтүстікке қарай Қожамьяров көшесімен (шығыс жағы) Сельская көшесіне дейін; Сельская көшесінен Қожамьяров көшесімен (екі жағы) Никольская көшесіне дейін; Никольская көшесінен батыс бағытта Сельская көшесімен сай арқылы Палладин көшесі № 174 үйге дейін (оңтүстік жағы); Палладин көшесі № 174 үйден оңтүстік бағытта Жұмабаев көшесіне дейін (шығыс жағы); Палладин көшесінен Жұмабаев көшесімен (солтүстік жағы) Беспаков көшесіне дейін; Беспаков көшесімен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен, үйлердің тақ жағымен, № 1-39 үйлерден шығысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін; Жансүгіров көшесімен солтүстікке қарай № 352 үйге дейін.

№ 348 сайлау учаскесі (орталығы: 2468 Әскери бөлімі, Алматы қаласы, "Көкмайса"
шағын ауданы, № 26А үй)

      Шекаралары: 2468 әскери бөлімінің шекарасында.

      № 349 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 109 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Гончаров көшесі, № 23 үй)

      Шекаралары: Брюсов көшесінен Казаков көшесімен солтүстік-шығысқа (оңтүстік-шығыс, шығыс жағы) Ниязбеков көшесіне дейін; Ниязбеков көшесінен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылынан батысқа қарай (солтүстік жағы) Брюсов көшесіне дейін; Брюсов көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Казаков көшесіне дейін.

      № 350 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы автомеханикалық колледжі,
Алматы қаласы, Казыбаев көшесі, № 270 үй)

      Шекаралары: Тихов көшесінен Жансүгіров көшесінің бойымен оңтүстікке Рысқұлов даңғылына дейін (батыс жағы); Рысқұлов даңғылымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен солтүстікке (Рысқұлов даңғылындағы № 65 А үйді, Қазыбаев көшесіндегі № 7Г үйді қоспағанда) (шығыс жағы) Серіков көшесіне дейін; Серіков көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Серіков көшесіндегі №45 үйге дейін; тұйық көшемен солтүстікке қарай (шығыс жағы) "Құлагер" шағын ауданындағы № 95 А үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданындағы № 95А үйден шығысқа қарай Омаров көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Омаров көшесінен солтүстікке қарай Тихов көшесіне дейін (шығыс жағы); Тихов көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Жансүгіров көшесіне дейін.

№ 351 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Черкасской обороны көшесі, № 71 үй)

      Шекаралары: Станиславский көшесінен Бөлтірік Шешен көшесінің солтүстік жағымен Жангелдин көшесіне дейін; Жангелдин көшесінің батыс жағымен Бондаренко көшесіне дейін; Бондаренко көшесінің оңтүстік жағымен Черкасской Обороны көшесіне дейін; Черкасской Обороны көшесімен Леваневский көшесіне дейін; Леваневский көшесімен Қыдырбекұлы көшесіне дейін; Қыдырбекұлы көшесінің шығыс жағымен Баянауыл тұйық көшесіне дейін; Баянауыл көшесінің оңтүстік жағымен Омский көшесіне дейін; Омский көшесінің батыс жағымен Станиславский көшесіне дейін; Станиславский көшесі бойымен Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзені жағалауының батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Жетысуйский көшесіне дейін; Жетысуйский көшесінің шығыс жағымен Колпаковский көшесінен өтіп Станиславский көшесіне дейін, әрі қарай Тәтібеков көшесінен өтіп Бөлтірік Шешен көшесіне дейін.

      № 352 сайлау учаскесі (орталығы: "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша кірістер басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, № 2 үй)

      Шекаралары: Райымбек даңғылының солтүстік жағымен Сүйінбай даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін; Желтоқсан көшесінің шығыс жағымен темір жол желісіне дейін; темір жол желісінің оңтүстік жағымен Назарбаев даңғылына дейін; Назарбаев даңғылының оңтүстік жағымен Сүйінбай даңғылына дейін; Сүйінбай даңғылының батыс жағымен Райымбек даңғылына дейін.

      № 353 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 129 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Айнабұлақ-3" шағын ауданы, № 165А үй)

      Шекаралары: Есентай өзенінен Бурундай көшесінің оңтүстік жағымен, әрі қарай оңтүстікке қарай Бурундай көшесінің батыс жағымен Сұлтанқарасу өзеніне дейін; Бурундай көшесінен Сұлтанқарасу өзенінің арнасы бойымен Бурундай көшесінің № 173/20 үйге дейін батыс бағытта Бурундай көшесі № № 207А, 219, 235А үйлерді қоса алғанда (оңтүстік жағы) Павлодар көшесі № 75 үйге дейін; Павлодар көшесімен батыс бағытта Есентай өзеніне дейін (солтүстік жағы) Мещерский көшесі № 77 үйді, Павлодар көшесі № № 106, 133А үйлерді, Воронеж көшесі № 56А үйді қоса алғанда; Есентай өзенінен солтүстік бағытта Бурундай көшесіне дейін.

№ 354 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 148 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Құлагер" шағын ауданы, № 52 үй)

      Шекаралары: Тихов көшесінен Жансүгіров көшесімен солтүстікке қарай (батыс жағы) Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен батысқа Беспақов көшесінің № 57 үйге дейін (оңтүстік жағы); Беспақов көшесімен солтүстікке қарай (батыс жағы) Жұмабаев көшесіне дейін; Жұмабаев көшесімен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Палладин көшесіне дейін (оңтүстік жағы); Палладин көшесімен оңтүстікке қарай Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 В үйге дейін; Айнабұлақ-2 шағын ауданы № 42 В үйден Сұлтанка өзенінің бойымен шығысқа қарай Омаров көшесіне дейін (№ 83 үйге дейін шығыс жағы); Омаров көшесінен батысқа Құлагер шағын ауданы № 34 үйге дейін (оңтүстік жағы); Құлагер шағын ауданы № 34 үйден оңтүстікке қарай Құлагер шағын ауданы №14 үйге дейін (шығыс жағы); Құлагер шағын ауданы № 14 үйден шығысқа қарай (солтүстік жағы) Омаров көшесіне дейін; Омаров көшесімен солтүстікке қарай (батыс жағы) Тихов көшесіне дейін; Тихов көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Жансүгіров көшесі № 256 үйге дейін.

      № 355 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 177 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Көкжиек" шағын ауданы, № 63 үй)

      Шекаралары: Геологов көшесінен Талант көшесімен батыс бағытта (солтүстік жағы) Көкжиек шағын ауданы № 58Б үйге дейін қоса алғанда; Көкжиек шағын ауданы № 58Б үйден кварталаралық көше бойымен солтүстік бағытта (шығыс жағы) Көкжиек шағын ауданы № 60А үйге дейін қоса алғанда; Көкжиек шағын ауданы № 60А үйден кварталаралық көше бойымен шығыс бағытта (оңтүстік жағы) Көкжиек шағын ауданы № 43А үйге дейін қоса алғанда; Көкжиек шағын ауданы № 43А үйден кварталаралық көше бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Геологов көшесіне дейін; Геологов көшесінен оңтүстік бағытта Талант көшесіне дейін.

      № 356 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 177 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Көкжиек" шағын ауданы, № 63 үй)

      Шекаралары: Алматы қаласының шекарасы бойымен (Талант көшесінен) солтүстікке қарай (шығыс жағы) Есентай өзеніне дейін; Есентай өзенінен Көкжиек шағын ауданы №18 үйге дейін батыс жағымен; бұдан әрі Көкжиек шағын ауданы №№ 19, 14, 7А, 7, 8Б үйлердің батыс жағымен Талант көшесіне дейін; Талант көшесінің бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Алматы қаласының шекарасына дейін.

№ 496 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 193 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Кемел" шағын ауданы,
Жар-жар көшесі, № 54 үй)

      Шекаралары: Кемел шағын ауданы шекарасы: Қазанат көшесінің № 1-ден № 5-ке дейінгі үйлер, Октябрский көшесінің № 1-ден № 13-ке дейінгі үйлер, Перекрестный көшесінің № 4-тен № 10-ға дейінгі үйлер, Жоламан көшесінің № 1-ден № 7-ге дейінгі үйлер, Әлқисса көшесінің № 1-ден № 19-ға дейінгі үйлер, Ақсуат көшесінің № 1-ден № 30-ға дейінгі үйлер, Өрлеу көшесінің № 1-ден № 21-ге дейінгі үйлер, Еламан көшесінің № 1-ден № 31-ге дейінгі үйлердің (тақ жағы), № 2-ден № 26-ға дейінгі үйлердің (жұп жағы), Космический көшесінің № 1-ден № 31-ге дейінгі үйлер, Юность көшесінің № 1-ден № 46, № 46А-ға дейінгі үйлер, Жадаукөк көшесінің № 1-ден № 12-ге дейінгі үйлер, Веселый көшесінің № 1-ден № 17-ге дейінгі үйлер, Есім хан көшесінің № 1-ден № 35-ке дейінгі үйлердің (тақ жағы), № 2-ден № 38-ге дейінгі үйлердің (жұп жағы), Гамарник көшесінің № 47А-дан № 62-ге дейінгі үйлер.

      № 497 сайлау учаскесі (орталығы: Мәдениет үйі, Алматы қаласы "Кемел" шағын
ауданы, Есім хан көшесі, № 127 үй)

      Шекаралары: Кемел шағын ауданы шекарасы: Мұхамеджан Сералин көшеснің № 1-ден № 23-ке дейінгі үйлер, Национальный көшесінің № 1-ден № 57-ге дейінгі үйлер, Жанбота көшесінің № 1-ден № 24-ке дейінгі үйлер, Жидебай көшесінің № 1-ден № 79, № 79А-ға дейінгі үйлер, Жолымбет көшесінің № 1-ден № 51, № 51А-ға дейінгі үйлер, Дәурен Құдабайұлы көшесінің № 1-ден № 164-ке дейінгі үйлер, Кеңсуат көшесінің № 1-ден № 70-ке дейінгі үйлер, Жар-жар көшесінің № 1-ден № 75-ке дейінгі үйлер, Дауылпаз көшесінің № 1-ден № 26-ға дейінгі үйлер, Көкшолақ көшесінің № 1-ден № 34-ке дейінгі үйлер, Қартқожа көшесінің № 1-ден № 21-ге дейінгі үйлер, Қоңыртөбе көшесінің № 1-ден № 8, № 8А-ға дейінгі үйлер, Бидайық көшесінің № 1-ден № 19-ға дейінгі үйлер, тұйық көшелер: Ақбөбек көшесінің № 1-ден № 17-ге дейінгі үйлер, Насихат көшесінің № 1-ден № 14-ке дейінгі үйлер.

№ 498 сайлау учаскесі (орталығы: № 193 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Кемел" шағын ауданы, Жар-жар көшесі, № 54 үй)

      Шекаралары: Кемел шағын ауданы шекарасы: Еламан көшесінің № 33-тен № 231-ге дейінгі үйлер, Әділет көшесінің № 1-ден № 184-ке дейінгі үйлер, Космический көшесінің № 32-ден № 86-ға дейінгі үйлердің (жұп жағы), № 33-тен № 47-ге дейінгі үйлердің (тақ жағы), Арлан көшесінің № 1-ден № 208-ге дейінгі үйлер, Есім хан көшесінің № 79-дан № 217-ге дейінгі үйлердің (тақ жағы), № 40-тан № 204-ке дейінгі үйлердің (жұп жағы), Дулыға көшесінің № 1-ден № 16, № 1Б, 15, № 15А, № 17, № 18 дейінгі үйлер, № 19-дан № 25-ке дейінгі үйлер, Серпін көшесінің № 1-ден № 15-ке дейінгі үйлер, Майдақоңыр көшесінің № 6-дан № 18-ге дейінгі үйлер, Аралтөбе көшесінің № 1-ден № 29-ға дейінгі үйлер, Торғай көшесінің № 1-ден № 20-ға дейінгі үйлер, тұйық көше: Ақжүрек көшесінің № 1-ден № 6-ға дейінгі үйлер.

      № 536 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 148 мектеп-гимназиясы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Құлагер" шағын ауданы, № 52 үй)

      Шекаралары: Сұлтанка өзенінің бойымен солтүстік-батыс бағытқа қарай (батыс жағы) Қазыбаев көшесіне дейін; Қазыбаев көшесімен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) "Құлагер" шағын ауданы № 26 үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданының № 25, № 26, № 37 үйлерін қоспағанда тұйық көшемен солтүстік-шығыс бағытқа қарай (солтүстік жағы) "Құлагер" шағын ауданы № 36 үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданы № 36 үйді қоса алғанда тұйық көшемен солтүстік бағытқа қарай (батыс жағы) "Құлагер" шағын ауданы № 34 үйге дейін; "Құлагер" шағын ауданы № 34 үйді қоса алғанда тұйық көшемен шығыс бағытқа қарай (солтүстік жағы) Сұлтанка өзеніне дейін.

  Алматы қаласы
Жетісу ауданы әкімінің
2019 жылғы 12 сәуірдегі
№ 03 шешіміне 2 қосымша

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің күші жойылған шешімдерінің Тізбесі

      1. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" шешімі (2014 жылдың 23 сәуірінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1028 болып тіркелген; 2014 жылдың 01 мамырында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

      2. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылдың 25 ақпандағы № 01 "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" № 01 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (2015 жылдың 27 ақпанында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1131 болып тіркелген; 2015 жылдың 28 ақпанда "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

      3. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2015 жылдың 16 қазанындағы № 03 "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" № 01 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (2015 жылдың 21 қазанында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1215 болып тіркелген; 2015 жылдың 24 қазанында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

      4. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2017 жылдың 14 наурызындағы № 04 "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" № 01 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімі (2017 жылдың 07 сәуірінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1365 болып тіркелген; 2017 жылдың 15 сәуірінде "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

      5. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2018 жылдың 22 қарашасындағы № 03 "Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі "Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша сайлау учаскелерді құру туралы" № 01 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" шешімі (2018 жылдың 22 қарашаында Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1514 болып тіркелген; 2018 жылдың 24 қарашасында "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады