Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 сәуірде № 1539 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 кыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелері осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің шешімдерінің күші осы шешімнің № 2 қосымшасына сәйкес жойылсын.

      3. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейінен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.О.Торламбаевқа жүктелсін.

      5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім П. Кулагин

  Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 01 шешіміне № 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 04.11.2020 № 02 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.09.2022 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.10.2023 № 02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2024 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының сайлау учаскелері шекараларының сипаттамасы № 421 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 31 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Гете көшесі, 263)

      Шекарасы: Сүйінбай даңғылынан Хмельницкий көшесінің бойымен шығысқа қарай Майлин көшесіне дейін, Майлин көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстік-шығысқа қарай Элеватор көшесіне дейін, Элеватор көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Щелков көшесіне дейін (екі жағы қоса алынады), Сүйінбай даңғылына шығып, Сүйінбай даңғылынан оңтүстікке қарай Хмельницкий көшесіне дейін.

      № 422 сайлау учаскесі (Орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 32
қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Монтажный көшесі, 33)

      Шекарасы: Майлин көшесінен Элеватор көшесі бойымен (солтүстік жағы) Қарасу өзеніне дейін, Қарасу өзені бойымен солтүстік-шығысқа қарай Димитров көшесі, № 78 үйге дейін, Димитров көшесі бойымен (екі жағы) Гете көшесі,

      № 354 үйге дейін. Гете көшесі, №№ 354-356 үйлер арасымен оңтүстік-батысқа қарай Алғабас көшесіне дейін, шығысқа қарай Физули көшесіне дейін, Физули көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай Майлин көшесіне шығып, Майлин көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай Монтажный көшесіне шығып (№№ 218, 220, 222, 224, 226 барлық үйлерді қосқанда). Монтажный көшесі бойымен оңтүстік-батысқа қарай Майлин көшесіне дейін, Майлин көшесі бойымен Элеватор көшесіне дейін, Ақбілек көшесіндегі барлық үйлерді қосқанда.

№ 423 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 170 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Магнитный көшесі, 31)

      Шекарасы: Сүйінбай даңғылындағы теміржол көпірінен темір жол желісі бойымен солтүстік-шығысқа қарай Бекмаханов көшесіне дейін, Гете көшесіндегі (№№ 305, 311, 313, 313б, 315, 315а, б, е, 317, 319, 319а, 319б, 321, 323, 422, 424, 424а) үйлерді қоспағанда, Бекмаханов көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай жол айрығына дейін. Майлин көшесі бойымен (№ 206-дан № 228 үйлерді қосқанда) Физули көшесіне дейін. Физули көшесі бойымен батысқа қарай Гете көшесіне дейін, № 356 үйді қосқанда, Гете көшесін қиып өтіп № 356 үйден бастап және ары қарай, Димитров көшесін қиып өтіп батысқа қарай Қарасу өзеніне шығып, № 78 және № 80 үйлер арасында. Қарасу өзенінен батысқа қарай темір жол желісіне шығып Сүйінбай даңғылындағы № 351-ден № 365 үйлерді қосқанда.

№ 424 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 89 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Поддубный көшесі, 155)

      Шекарасы: Майлин көшесіндегі жол айрығынан солтүстік-шығысқа қарай Мирный көшесіне дейін, Мирный көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Аэропорт көліне дейін, Аэропорт көлінің бойымен оңтүстікке қарай Көбеев көшесіне дейін, әрі батысқа қарай Тоқай көшесі, № 107 үйге дейін, әрі солтүстікке қарай Майлин көшесіне дейін, №№ 206, 208, 210, 212, 214, 216 үйлер қосылмайды.

№ 425 сайлау учаскесі (Орталығы: "№ 44 мектеп-гимназия" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Огарева көшесі, 6)

      Шекарасы: Аэропорт көлінен Майлин көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) солтүстік-шығысқа қарай №№ 5, 7, 9, 11а, 15, 17, 19 үйлерді косып алып Әуежайға дейін, Әуежайдан оңтүстікке қарай қала шекарасына дейін. Қала шекарасының бойымен солтүстік-батысқа қарай Аэропорт көліне дейін.

№ 426 сайлау учаскесі (Орталығы: "Азаматтық авиация академиясы" АҚ,
Ахметов көшесі, 44)

      Шекарасы: Майлин көшесінің Кіші Алматы өзенімен қиылысқан жерінен Кіші Алматы өзені бойымен (шығыс жағалауы) солтүстікке қарай қаланың (ауданның) шекарасына дейін. Қаланың (ауданның) шекарасының бойымен шығысқа қарай Закарпат көшесіне дейін, Закарпат көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (екі жағы) Майлин көшесіне дейін. Майлин көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін, оңтүстік-батысқа қарай үйлер қосылмайды.

№ 427 сайлау учаскесі (орталығы: "Д. Бабаев атындағы білім беретін № 115 мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Алтай-1" шағынауданы, 28)

      Шекарасы: Майлин көшесіндегі жол айрығынан (солтүстік жағы) солтүстік-шығысқа қарай Мирный көшесіне дейін, Мирный көшесінің бойымен (солтүстік жағы) солтүстік-шығысқа қарай Новокузнецк көшесіне дейін, Новокузнецк көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Майлин көшесіне дейін. Майлин көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа (№№ 58-70 үйлерді қоса ала) Кіші Алматы өзеніне дейін. Новокузнецк көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Поддубный көшесіне дейін. Поддубный көшесінің бойымен (батыс жағы) солтүстікке қарай № 77 үйге дейін. № 77 үйдің солтүстік шекарасының бойымен батысқа қарай Захаров көшесінен дейін, Захаров көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Алтай-1 шағынауданы, № 4 үйге дейін. № 4 үйдің солтүстік шекарасымен солтүстік-батысқа қарай Алтай-1 шағынауданы, № 11 үйге дейін. № 11 үйдің шекарасымен оңтүстік-батысқа қарай Алтай-1 шағынауданы, № 25а үйге дейін (бұл үй қосылмайды). Алтай-1 шағынауданы, № 25а үйден батысқа қарай Лавренев көшесіне дейін, одан ары оңтүстікке қарай Майлин көшесінің жол айрығына дейін.

№ 428 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 78 Мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, "Алтай-2" шағынауданы, 57)

      Шекарасы: Новокузнецк көшесінен Кіші Алматы өзенінің бойымен солтүстікке қарай Домбровский көшесіне дейін. Домбровский көшесінің (оңтүстік жағы) бойымен батысқа қарай Лавренев көшесіне дейін. Лавренев көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Наманган көшесіне дейін. Наманган көшесінің бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Поддубный көшесіне дейін. Поддубный көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Новокузнецк көшесіне дейін. Новокузнецк көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Кіші Алматы өзеніне дейін.

№ 429 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 78 Мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, "Алтай-2" шағынауданы, 57)

      Шекарасы: Домбровский көшесінен Лавренев көшесі бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Дөнентаев көшесіне дейін, Дөнентаев көшесі бойымен (екі жағы) шығысқа қарай, Жұлдыз-2 шағынауданы, № 53 үйді қоса, Дөнентаев көшесі, № 23 үйге дейін. Дөнентаев көшесі, № 23 үй учкаскесі солтүстік-батыс шекарасының бойымен солтүстікке қарай Соболев көшесі, № 160 үйге дейін. Соболев көшесі, № 160 үйден солтүстікке қарай темір жолға дейін (Соболев көшесі бойындағы барлық үйді қосқанда). Соболев көшесі бойымен оңтүстікке қарай Асылбеков көшесіне дейін, Асылбеков көшесі бойымен, барлық үйді қосқанда, оңтүстік-батысқа қарай Иванов көшесіне дейін (№ 1 және № 5 үйлерді қосқанда). Иванов көшесінен батысқа қарай Домбровский көшесіне дейін. Домбровский көшесі бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Лавренов көшесіне дейін.

№ 430 сайлау учаскесі (орталығы: "Д.Бабаев атындағы білім беретін № 115 мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Алтай-1" шағынауданы, 28)

      Шекарасы: Лавренев көшесінен Бекмаханов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Резвых көшесіне дейін, Резвых көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Наманган көшесіндегі, № 1в үйге дейін (қоса алынады), Наманган көшесіндегі, № 1в үйден (батыс жағы) оңтүстік-шығысқа қарай және одан әрі шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Захаров көшесіне дейін, Захаров көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Алтай-1 шағынауданының шекарасына дейін (№ 4 үй косылмайды), ары қарай батысқа Лавренев көшесіне дейін, Алтай-1 шағынауданындағы (№№ 5, 6, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 22, 23, 24, 25, 25а) үйлер қосылады. Лавренев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бекмаханов көшесіне дейін, Алтай-1 шағынауданындағы № 26 үй қоса алынады.

№ 431 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 11 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Волгоградская көшесі, 22)

      Шекарасы: Полесский көшесі мен Мойка өзенінің килысынан солтүстікке карай (шығыс жағы) Полеский көшесінің бойымен № 39а үйге дейін (қоса алынады), әрі солтүстікке қарай Свободный көшесіндегі барлық үйлер қоса алынады. Свободный көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Бекмаханов көшесіне дейін (оңтүстік жағы), Сүйінбай даңғылындағы №№ 170, 172а, 172, 174, 176, 178, 180а, 180б, 180, 182, 184, 184а, 186, 188 үйлер қосылмайды. Бекмаханов көшесінің бойымен шығысқа қарай Гете көшесіне дейін. Гете көшесінің бойымен (солтүстік жағы) оңтүстікке карай Қарасу өзеніне дейін, Гете көшесіндегі №№ 305, 311, 313, 313б, 313а, 315в, 315е, 319, 319а, 321, 322, 422, 424, 424а үйлер және Долан көшесі, № 1 үй қоса алынады. Карасу өзенінің бойымен солтүстікке қарай Гаршин көшесіне дейін. Гаршин көшесі, № 1 үйден батысқа қарай Полесский көшесі мен Мойка өзенінің қиылысына дейін.

№ 432 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 32 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Сүйінбай даңғылы, 505)

      Шекарасы: Бекмаханов көшесі мен Сүйінбай даңғылының қиылысынан Сүйінбай даңғылы бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Сүйінбай даңғылы, № 284 үйге дейін (үй қосылады). Сүйінбай даңғылынан шығысқа қарай Іле тас жолына дейін, әрі оңтүстікке қарай Іле тас жолы бойымен Сүйінбай даңғылы, № 503 үйіне дейін. Сүйінбай даңғылы, № 503 үйден оңтүстікке қарай Бекмаханов көшесімен қиылысқанға дейін.

№ 433 сайлау учаскесі (орталығы: "Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар
колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Дегдар көшесі, 10/3)

      Шекарасы: Қаланың (ауданның) шекарасы мен Есентай өзенінің қиылысынан қала (аудан) шекарасының бойымен солтүстікке қарай, әрі шығысқа қарай негізгі темір жолмен қиылысқанға дейін. Темір жол (батыс жағы) бойымен оңтүстікке қарай темір жол өткеліне дейін, темір жол өткелі арқылы Кросногорск көшесіне шығады. Красногорск көшесінің бойымен солтүстікке қарай одан әрі батысқа қарай (екі жағы) Франко көшесіне дейін, Франко көшесінің бойымен батысқа қарай Есентай өзеніне дейін. Есентай өзенінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай қала (аудан) шекарасымен қиылысқанға дейін, Сүйінбай даңғылындағы №№ 296а, 296б, 296, 298, 300, 302, 320, 324, 336а, 338, 340, 342, 344а, 344, 346, 348а, 348в, 348д, 348е, 569/5 үйлер кірмейді.

№ 434 сайлау учаскесі (орталығы: "Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар
колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Дегдар көшесі, 10/3)

      Шекарасы: Қала (аудан) шекарасының темір жолмен қиылысынан солтүстікке қарай және әрі шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін, Кіші Алматы өзенінің бойымен (батыс жағалауы) оңтүстікке қарай СМУ кентін қосып алып, Сүйінбай даңғылына шығып, солтүстікке қарай темір жол өткеліне дейін, темір жол өткелінен негізгі желі бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай қала (аудан) шекарасына дейін, Сүйінбай даңғылындағы №№ 296 а, 296 б, 296, 298, 300, 302, 320, 324, 336а, 338, 340, 342, 344а, 344, 346, 348а, 348в, 348д, 348е, 569/5 үйлер қосылады.

№ 435 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 32 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Сүйінбай даңғылы, 505)

      Шекарасы: 13 әскери қалашығы, №№ 51, 52, 53, 4, 5, 14, 20, 20а, 20б, үйлерді қоспай, Сүйінбай даңғылындағы №№ 561, 561а, 563, 563а, 565, 565а, 567, 567а, 569, 569а, 571, 573, 575, 575а үйлер қоса алынады.

№ 436 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 142 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жұлдыз-1" шағынауданы, 20 )

      Шекарасы: Жұлдыз-1 шағынауданы, №№ 1а, 1, 1б, 1в, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17а, 17в, 18а, 19а, 19б, 21а, 21, 23, 25, 25б, 19, 26 үйлер.

№ 437 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 142 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жұлдыз-1" шағынауданы, 20)

      Шекарасы: Жұлдыз-1 шағынауданы, №№ 18, 18/1, 19в, 19г, 19д, 25а, 25б, 26а, 26д, 26б, 26в, 26г, 27г үйлер. Жұлдыз-2 шағынауданы, №№ 25, 27, 27а, 27б, 27в, 8в, 28б, 39, 40, 41, 42, 44, 45, 46 үйлер. Дөнентаев көшесі, № № 10б, 54, 54а, 55/1, 55б, 56, 60, 61 үйлер. Лавренев көшесі, № 3 үй.

№ 438 сайлау учаскесі (орталығы: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы "Фтизиопульмонология орталығы" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорыны, Дегдар көшесі, 45) № 441 сайлау учаскесі (орталығы: "Құрлықтағы жауынгерлердің Әскери институты"
мемлекеттік мекемесі, Красногорск көшесі, 35)

      № 442 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 84 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Нұрсая көшесі, 56)

      Шекарасы: Заветная көшесі 68 үйден батысқа қарай Шацкий көшесі 4 үйге дейін, одан әрі солтүстікке қарай Земнухов көшесі 5 үйге дейін, шығысқа қарай Космодемьянская көшесі 20 үйге дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Балқадиша көшесі 29 үйге дейін, одан әрі шығысқа қарай Заветная көшесі 68 үйге дейін.

№ 443 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 11 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Волгоград көшесі, 22)

      Шекарасы: Земнухов көшесінің қиылысынан бастап Харьков көшесінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін, Бекмаханов көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Бейсебаев көшесіне дейін, әрі қарай Бейсебаев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Нұрсая көшесіне дейін. Нұрсая көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Волгоград көшесіне дейін. Волгоград көшесінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Бекмаханов көшесіне дейін. Бекмаханов көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Мойка-Қарасу өзеніне дейін, Мойка-Қарасу өзенінің бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Балакирев көшесіне дейін, Балакирев көшесінің бойымен оңтүстік-батысқа қарай Свободный көшесіне дейін. Свободный көшесінің бойымен солтүстікке қарай Земнухов көшесіне дейін.

№ 444 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 84 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Нұрсая көшесі, 56)

      Шекарасы: Нұрсая көшесінен Бейсебаев көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Зенькович көшесіне дейін, Зенькович көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Мойка өзеніне дейін, Зенькович көшесіндегі №№ 1, 3, 5, 9, 11 үйлерді қоса ала, әрі қарай Мойка өзенінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бекмаханов көшесіне дейін, әрі қарай Волгоград көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Нұрсая көшесіне дейін. Нұрсая көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Бейсебаев көшесіне дейін.

№ 445 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 85 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Урицкий көшесі, 2а)

      Шекарасы: Бейсебаев көшесінен Бекмаханов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Спасск көшесіне дейін. Спасск көшесі мен Бекмаханов көшесінің қиылысынан Шмидт көшесіне дейін солтүстікке қарай (Спасск көшесі, № 66а, Бекмаханов көшесі, №№ 2/2, 2/3, 2/4 үйлерін қосқанда). Шмидт көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Шмидт көшесінің барлық үйлерін қосқанда, Спасск көшесінің бойымен, солтүстікке қарай екі жанындағы барлық үйлер қосылады, № 81 үйге дейін, Спасск көшесіндегі, № 81 үйден оңтүстік-шығысқа қарай Бейсебаев көшесіне дейін, Бейсебаев көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Бекмаханов көшесіне дейін.

№ 446 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 7 Оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны, Нұрсая көшесі, 4а)

      Шекарасы: Земнухов көшесінен Орловский көшесінің бойымен солтүстікке қарай Шмидт көшесі, № 1а үйге дейін, әрі қарай Шмидт көшесінен солтүстікке қарай Бекмаханов көшесі, № 2/6 үйге дейін (солтүстік жағы). Бекмаханов көшесі, № 2/6 үйден шығысқа қарай Спасск көшесіндегі №№ 66д, 66в үйлер қосылады, әрі қарай Харьков көшесіне дейін. Харьков көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Земнухов көшесімен қилысқанға дейін. Земнухов көшесінің бойымен батысқа қарай Орловский көшесіне дейін.

      № 447 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№24 қалалық
емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Земнухов көшесі, 3/1)

      Шекарасы: Бекмаханов көшесі мен Бурундай көшесінің қиылысынан солтүстікке қарай Бурундай көшесінің шығыс жағымен Сұлтан-Қарасу өзенінің қиылысына дейін, шығысқа қарай Спасская көшесі 68 үйге дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Шмидт көшесі 131 үйге дейін, солтүстік жағы Орловская көшесі 26 үйге дейін, одан әрі Земнухов көшесі 5 үйге дейін, Земнухов көшесінің оңтүстік жағымен Шацкий көшесі 47 үйге дейін, оңтүстікке қарай Костромская көшесі 2б үйіне дейін, батысқа қарай Тренева көшесі 20 үйге дейін, одан әрі Бурундай және Бекмаханов көшелерінің қилысына дейін.

№ 448 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 50 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Боралдай көшесі, 44 )

      Шекарасы: Осипенко көшесі, № 68 үйінен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Ержанов көшесінің бойымен Жансүгіров көшесіне дейін, Жансүгіров көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Боралдай көшесіне дейін, Боралдай көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Обозная көшесіне дейін, Обозная көшесінің бойымен, екі жағын қосқанда, шығысқа қарай Осипенко көшесі, № 68 үйге дейін.

      № 449 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 76 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Чехов көшесі, 15 үй)

      Шекарасы: Жансүгіров көшесі 701 үйден солтүстікке қарай Ержанов көшесі 135 үйге дейін, шығысқа қарай Шолохов көшесі мен Чехов көшесіндегі 15 үйдің қиылысына дейін, оңтүстікке қарай Богатырская көшесі 1 үйге дейін, батысқа қарай Жансүгіров көшесі 701 үйге дейін.

№ 450 сайлау учаскесі (орталығы: "Алматы телекоммуникация және машина жасау
колледжі" коммуналдық қазыналық мемлекеттік мекемесі, Заветный көшесі, 41)

      Шекарасы: Темір жол көпірінен Шолохов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Ақан сері көшесіне дейін (шығыс жағы), оңтүстікке қарай Молдағалиев көшесіне дейін, Молдағалиев көшесі бойынша (солтүстік жағы) шығысқа қарай Станкевич көшесіне дейін, Станкевич көшесі бойынша (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Аймауытов көшесіне дейін (солтүстік жағы) өткелмен шығысқа қарай Ганибет көшесіне дейін, Ганибет көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Майборода көшесіне дейін, Майборода көшесінің бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Байкал көшесіне дейін, Байкал көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Чкалов көшесіне дейін, Чкалов көшесінің бойымен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Шымкент көшесіне дейін, Шымкент көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Разин көшесіне дейін, Разин көшесінің бойымен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Байқал көшесіне дейін, Байқал көшесінің бойымен (барлық үйлерді қосқанда) оңтүстікке қарай Стахановкий көшесіне дейін, Стахановский көшесімен (солтүстік жағы) Баум тоғайының сайына дейін. Сай шекарасымен (батыс жағы) Сүйінбай даңғылына дейін, Сүйінбай даңғылымен (батыс жағы) солтүстікке қарай (№№ 263/1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 25, 27 үйлерді қосқанда, сонымен қатар №№ 267, 269, 271, 273 үйлер) батысқа қарай Шолохов көшесі мен Сүйінбай даңғылы қиылысына дейін. Шолохов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Ақан сері көшесіне дейін.

      № 451 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 15 Алматы облыстық мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Чернышевский көшесі, 43)

      Шекарасы: Жансүгіров көшесіндегі 649 үйдің оңтүстік жағынан Богатырская көшесі 1 үйге дейін, шығысқа қарай Сұлтан-Қарасу өзені арқылы Словацкий көшесі 2а үйіне дейін, оңтүстікке қарай Кассин көшесі 20 үйге дейін, одан әрі шығысқа қарай Буденный және Сейфуллин даңғылының қилысына дейін, Сейфуллин даңғылы, 49 үйден оңтүстікке қарай Палладин көшесі 5 үйге дейін, одан әрі батысқа қарай Жансүгіров көшесі 649 үйге дейін.

      № 452 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 83 гимназия" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі, Шолохова көшесі, 28)

      Шекарасы: Шолохов көшесі мен Ақан сері көшесі 1 үйдің қиылысынан оңтүстікке қарай Молдағалиев көшесі 11 үйге дейін, Молдағалиев көшесінің солтүстік жағынан батысқа қарай Лев Толстой көшесі 12 үйге дейін, Лев Толстой көшесінің шығыс жағынан солтүстікке қарай Алматы-1 теміржол станциясына дейін, шығысқа қарай Заветная көшесі 55а үйге дейін, оңтүстікке қарай Шолохов көшесі мен Ақан сері көшесі 1 үйдің қиылысына дейін.

№ 453 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 83 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шолохов көшесі, 28)

      Шекарасы: Лев Толстой көшесінен Шолохов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Сауранбаев көшесіне дейін, Сауранбаев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Сауранбаев көшесінің бойымен № 19/2 үйдің оңтүстік шекарасына дейін; № 19/2, 19/3 үйлердің оңтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сауранбаева № 19/3 үйдің батыс шекарасына дейін; Сауранбаев көшесі, 19/3 үйдің батыс шекарасы бойымен солтүстікке қарай Молдағалиев көшесіне дейін, Молдағалиев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Чехов көшесіне дейін, Чехов көшесімен солтүстікке қарай Чехов көшесі, 11 үйдің оңтүстік жағына дейін, одан әрі Чехов көшесімен солтүстікке қарай, Чехов көшесінің екі жағындағы үйлерді қоса алғанда, Тынышпаев көшесіне дейін; Тынышпаев көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Кунгурская көшесіне дейін, Кунгурская көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Станционная көшесіне дейін, Станционная көшесімен шығысқа қарай Лев Толстой көшесіне дейін, Лев Толстой көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Шолохов көшесіне дейін.

№ 454 сайлау учаскесі (орталығы: "Әскерілендірілген темір жол күзеті" акционерлік
қоғамы, Станционный көшесі, 21)

      Шекарасы: Чехов көшесінен Шолохов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Ержанов көшесіне дейін, Ержанов көшесімен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Алматы-1 вокзалының темір жол желілеріне дейін, Алматы-1 вокзалынан оңтүстікке қарай Кунгурский көшесіне дейін, Кунгурский көшесімен оңтүстік-батысқа қарай (солтүстік жағы) Тынышбаев көшесіне дейін, Тынышбаев көшесімен шығысқа қарай Чехов көшесіне дейін, Чехов көшесімен оңтүстікке қарай (№№ 13, 5б үйлерден басқасының барлығын қоспағанда) Шолохов көшесіне дейін.

№ 455 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 61 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Лев Толстой көшесі, 20)

      Шекарасы: Лев Толстой көшесінен Молдагалиев көшесімен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Станкевич көшесіне дейін, Станкевич көшесімен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Аймаутов көшесіне дейін, Аймаутов көшесімен (солтүстік жағы ) батысқа қарай Лев Толстой көшесіне дейін, Лев Толстой көшесімен шығыс жағы Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 456 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 6 оқушылар үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Сейфуллин даңғылы, 13)

      Шекарасы: Чехов көшесінен Молдағалиев көшесімен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Молдағалиев көшесі, № 28 үйдің батыс шекарасына дейін, Молдағалиев көшесі, № 28 үйдің батыс шекарасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Чернышевский көшесіне дейін; Чернышевский көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) "Теремки" тұрғын үй кешенінің 51 үйіне дейін, "Теремки" тұрғын үй кешенінің батыс жағымен солтүстікке қарай Чехов және Физкультурная көшелерінің қиылысына дейін; одан әрі Чехов көшесімен солтүстікке (шығыс жағы) Молдағалиев көшесіне дейін.

№ 457 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 49 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Кассин көшесі, 47)

      Шекарасы: Сейфуллин даңғылынан (№ 61 үй) Палладин көшесімен батысқа қарай (онтүстік жағы) Жансүгіров көшесіне дейін, Жансүгіров көшесімен онтүстікке қарай (шығыс жағы) Жұмабаев көшесіне дейін, Жұмабаев көшесінен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Осенний көшесіне дейін, Осенний көшесінен солтүстікке қарай (батыс жағы) Никольская көшесіне дейін, Никольская көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Палладин көшесіне дейін.

№ 458 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 49 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы, Кассин көшесі, 47)

      Шекарасы: Сейфуллин даңғылынан (№ 83 үй) Никольская көшесінің бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Егоров көшесіне дейін, Егоров көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Кипренский көшесіне дейін, ары қарай саймен оңтүстікке қарай Айбасов және Дулатов көшесін қосқанда, Дулатов көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Никольская көшесіне дейін.

№ 459 сайлау учаскесі (орталығы: "Аяжан" колледжі, білім мекемесі,
Таласский көшесі, 1)

      Шекарасы: Жұмабаев көшесінен Жансүгіров көшесімен Дулатов көшесіне дейін, Дулатов көшесі бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Котельников көшесіне дейін, Котельников көшесімен батысқа қарай (солтүстік жағы) Жансүгіров көшесіне дейін, Жансүгіров көшесімен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Жұмабаев көшесіне дейін.

№ 460 сайлау учаскесі (орталығы: "С.Байжанов атындағы № 162 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сүйінбай даңғылы, 207)

      Шекарасы: Сүйінбай даңғылы мен Громов көшесінің қиылысынан оңтүстік-шығысқа қарай Потанин көшесіне дейін. Потанин көшесі бойынша (екі жағы) оңтүстікке қарай Янка Купала көшесіне дейін. Янка Купала көшесі бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Герцен көшесінің қиылысына дейін, Герцен көшесі бойынша (екі жағы) Кожедуб көшесіне дейін, Кожедуб көшесі бойымен батысқа қарай Нұр Әлем көшесіне дейін. Нұр Әлем көшесі бойымен оңтүстікке қарай Шаумян көшесіндегі үйлерді қоса алғанда. Шаумян көшесі бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Цимлянский көшесіне дейін, Цимлянский көшесі бойымен оңтүстікке қарай (екі жағы) Арал көшесімен қиылысқан жеріне дейін. Арал көшесі бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Сүйінбай даңғылының қиылысына дейін. Сүйінбай даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Громов көшесінің қиылысына дейін.

№ 461 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 20 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Герцен көшесі, 154)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Сүйінбай даңғылы бойымен солтүстікке қарай (екі жағы), темір жол өткеліндегі үйлерді қосқанда Арал көшесіне дейін, Арал көшесінен (екі жағы) батысқа қарай Якубов көшесінің қиылысына дейін, Якубов көшесі бойымен солтүстікке қарай (екі жағы) Шаумян көшесіне дейін, Шаумян көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Герцен көшесіне дейін. Герцен көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (Рысқұлов даңғылымен қиылысқанға дейінгі үйлерді қоспағанда), Рысқұлов даңғылы бойынша (солтүстік жағы) батысқа қарай Сүйінбай даңғылының қиылысына дейін.

№ 462 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 1 Алматы педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Шемякин көшесі, 13)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Шемякин көшесімен солтүстікке (шығыс жағы) Гүлсары көшесіне дейін, Гүлсары көшесімен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Айтықов көшесі, № 55 үйге дейін, Айтықов көшесі, № 55 үйдің батыс жағымен солтүстікке қарай Шуақты шағынауданының Саялы көшесіне дейін, Шуақты шағынауданының Саялы көшесімен шығысқа қарай Қарасу-6 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-6 өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзені арнасы бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылының бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Шемякина көшесінің қиылысына дейін.

№ 463 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 17 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Гете көшесі, 177)

      Шекарасы: Янка Купала көшесінен батысқа қарай Герцен көшесіне дейін, Герцен көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Енисей көшесіне дейін, Енисей көшесі бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Федосеев көшесіне дейін. Федосеев көшесі бойымен (батыс жағы) № 2 үйге дейін, № 2 үй учаскесінің оңтүстік шекарасы бойымен ары қарай Федосеев көшесімен Кіші Алматы өзені жағалауы бойымен оңтүстікке қарай Баймағамбетов көшесі № 28 уйге дейін, Баймағамбетов көшесі бойымен оңтүстікке қарай Айтықов көшесіне дейін, Айтықов көшесімен Гүлсары көшесіне дейін, әрі қарай батысқа Шемякин көшесіне дейін. Шемякин көшесі бойымен солтүстікке қарай Янка Купала көшесіне дейін.

№ 464 сайлау учаскесі (Орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 19
қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Папанин көшесі, 218)

      Шекарасы: Сүйінбай даңғылынан Хмельницкий көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Майлин көшесіне дейін, Майлин көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Монтажный көшесіне дейін, Монтажный көшесінің бойымен шығысқа қарай аты жоқ көше бойымен (оңтүстік жағы) Кинологиялық орталығы учаскесінің төменгі шекарасы бойымен қала (аудан) шекарасына дейін. Қала шекарасының бойымен оңтүстік-батысқа қарай Жас-Қанат шағынауданды қосқанда Баймағамбетов көшесі, № 114 үйге дейін (қосқанда), № 114 үйден Федосеев көшесі, № 2 үйге дейін, Федосеев көшесінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Енисей көшесіне дейін, Енисей көшесінің бойымен (солтүстік жағы) Потанин көшесіне дейін, Потанин көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Громов көшесіне дейін. Громов көшесі бойымен (солтүстік жағы) Сүйінбай даңғылына дейін, Сүйінбай даңғылы бойынша Хмельницкий көшесіне дейін.

№ 465 сайлау учаскесі (орталығы: "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін № 74
мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақан сері көшесі, 150)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Ақан Сері көшесіне дейін, Ақан Сері көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Баум тоғайының шекарасына дейін, Баум тоғайынан оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылына дейін. Рысқұлов даңғылының бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін.

№ 466 сайлау учаскесі (орталығы: "С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін № 74
мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақан сері көшесі, 150)

      Шекарасы: Котельников көшесінен Сейфуллин даңғылының бойымен (№ 170б үй) солтүстікке қарай Айбасов көшесіне дейін, Айбасов көшесінің бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Бехтерев көшесіне дейін, Бехтерев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай (шыгыс жағы) Дулатов көшесіне дейін, Дулатов көшесінің бойымен шыгыска қарай (оңтүстік жагы) Дальневосточный көшесіне дейін, Дальневосточный көшесінің бойымен (оңтүстікке жағы) Баум тоғайының шекарасына дейін, Баум тоғайының шекарасының бойымен оңтүстікке қарай (батыс жағы) Котельников көшесіне дейін, Котельников көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Сейфуллин даңғылына дейін.

№ 467 сайлау учаскесі (орталығы: "Алматы қаласы Түрксіб ауданының Азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Сейфуллин даңғылы, 59)

      Шекарасы: Дулатов көшесінен, № 35 үйден батысқа қарай Сейфуллин даңғылына дейін (№ 106 үй), Сейфуллин даңғылының бойымен оңтүстікке қарай. Сейфуллин даңғылы № 52 үйден Ровенский көшесімен қиылысқан жеріне дейін, Ровенский көшесінің бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Бехтерев көшесіне дейін, Бехтерев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай № 2, 4, 6, 8 үйлерді қосқанда (шығыс жағы) Жұмабаев көшесіне дейін, Жұмабаев көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Ақан Сері көшесіне дейін, Ақан Сері көшесінің бойымен (шығыс жағы) оңтүстікке қарай Айбасов көшесіне дейін, Айбасов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылының бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Дулатов көшесінің қиылысына дейін.

№ 468 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 71 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Стахановский көшесі, 23)

      Шекарасы: Степан Разин көшесінен оңтүстікке қарай Станкевич көшесі бойымен (шығыс жағы) Қарағанды көшесіне дейін, Қарағанды көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) Ақан Сері көшесіне дейін (шығыс жағы) оңтүстікке қарай (№№ 81-135 үйлерді және Айбасов көшесі, № 4 үйді қосқанда) Дулатов көшесіне дейін, Дулатов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Международный көшесіне дейін, Международный көшесінің бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Шымкент көшесіне дейін, Шымкент көшесінің бойымен (батыс жағы) солтүстікке қарай Дальневосточный көшесіне дейін, Дальневосточный көшесінің бойымен (солтүстік жағы) шығысқа қарай Мойка өзеніне дейін, Мойка өзенінің батыс жағалауының бойымен солтүстікке қарай Стаханов көшесіне дейін, Стаханов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Байкал көшесіне дейін, Байкал көшесінің бойымен (екі жағы) солтүстікке қарай Разин көшесіне дейін, Разин көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) батысқа қарай Станкевич көшесіне дейін.

№ 469 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 61 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Лев Толстой көшесі, 20)

      Шекарасы: Сейфуллин даңғылынан Аймауытов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Ғанибет көшесіне дейін, Ғанибет көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Майборода көшесіне дейін, Майборода көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Байкал көшесіне дейін, Байкал көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Чкалов көшесіне дейін, Чкалов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Шымкент көшесіне дейін, Шымкент көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Разин көшесіне дейін, Разин көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Станкевич көшесіне дейін, Станкевич көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Қарағанды көшесіне дейін, Қарағанды көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Ақан сері көшесіне дейін, Ақан сері көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай (№ 81 және № 83 үйлерді қоспағанда) Жұмабаев көшесіне дейін, Жұмабаев көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Бехтерев көшесіне дейін, Бехтерев көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Буденный көшесіне дейін, барлық үйлер қосылады, Буденный көшесінен ЖМБ (жанармай құятын бекет) арқылы Сейфуллин даңғылына, Сейфуллин даңғылының бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Аймауытов көшесіне дейін.

№ 470 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 4 Қалалық
клиникалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, Папанин көшесі, 220) № 471 сайлау учаскесі (орталығы: "Темір жол ауруханасы" акционерлік қоғамы,
Ақан сері көшесі, 36) № 472 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 107 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Александров көшесі, 11)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан Жансүгіров көшесінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Артиллерийский көшесіне дейін, Артиллерийский көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылының бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін.

№ 473 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 106 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Фучик көшесі, 44)

      Шекарасы: Артиллерийский көшесінен Жансүгіров көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Вагжанов көшесіне дейін, Вагжанов көшесінің бойымен (оңтүстік жағы) шығысқа қарай Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Артиллерийский көшесіне дейін, Артиллерийский көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін.

№ 474 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 106 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Фучик көшесі, 44)

      Шекарасы: Вагжанов көшесінен (№№ 5, 9, 11, 13, 19а, 19, 25 үйлер) Жансүгіров көшесінің бойымен (шығыс жағы) солтүстікке қарай Котельников көшесіне дейін, Котельников көшесінен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Кассин көшесіне дейін, Кассин көшесінің бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Ақан сері көшесіне дейін, Ақан сері көшесінің бойымен шығысқа қарай (оңтүстік жағы) Сейфуллин даңғылына дейін, Сейфуллин даңғылының бойымен (батыс жағы) оңтүстікке қарай Вагжанов көшесіне дейін, Вагжанов көшесінің бойымен (солтүстік жағы) батысқа қарай Жансүгіров көшесіне дейін.

№ 475 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 4
Перзентхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, Станкевич көшесі, 6) № 476 сайлау учаскесі (орталығы: "2021 Әскери бөлім" мемлекеттік мекемесі,
Спасск көшесі, 67) № 477 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 20 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Герцен көшесі, 154)

      Шекарасы: Янка Купала көшесі мен Шемякин көшесінің қиылысынан оңтүстікке қарай (батыс жағы) Рысқұлов даңғылының қиылысына дейін. Рысқұлов даңғылының бойымен батысқа қарай (солтүстік жағы) Герцен көшесіне дейін (екі жағы), Герцен көшесінің бойымен солтүстікке қарай (шығыс жағы) Янка Купала көшесіне дейін, Янка Купала көшесінің бойымен шығысқа қарай Шемякин көшесіне дейін.

№ 478 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 142 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жұлдыз-1" шағынауданы, 20 үй)

      Шекарасы: Дөнентаев көшесі, № № 2ж, 8б, 8г, 10а, 12а, 12в, 14а, 16а, 18а, 18б, 20а, 20, 22а, 22, 24, 26, 31 үйлер. Жұлдыз-2 шағынауданы, №№ 28, 29, 30, 30а, 31, 32, 33, 34, 35, 39а, 39б, 39в, 39г үйлер.

№ 479 сайлау учаскесі (орталығы: "ЛА 155/18 мекемесі" мемлекеттік
мекемесі, Красногорск көшесі, 73) № 480 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 32 мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі (ескі ғимарат), Сүйінбай даңғылы, 505)

      Шекарасы: 13 әскери қалашық, №№ 4, 5, 14, 20, 20а, 20б, 51, 52, 53 үйлер, 16 әскери қалашық, №№ 292, 292а, 292б, 292в, 292г, 292д, 292е, 292ж, 292з, 292и, 292м, 292н, 292п, 292/1, 292/2, 292/3, 292/4 үйлер және Красногорск көшесіндегі № 171 үйді қоса алғанда (2 жатақхана).

№ 481 сайлау учаскесі (орталығы: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
әскери клиникалық госпиталі" Республикалық мемлекеттік
мекемесі, Красногорск көшесі, 2) № 521 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 195 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Әлмерек" шағынауданы, Шортанбай жырау көшесі, 72)

      Шекарасы: Закарпат көшесінің бойымен батысқа қарай аудан шекарасына дейін, аудан шекарасынан солтүстікке қарай Бейбітшілік көшесіне дейін, Бейбітшілік көшесінің бойымен солтүстікке қарай сүт-тауар фермасына дейін. Сүт-тауар фермасынан оңтүстік-шығысқа қарай егістікке дейін (Астана көшесі), Астана көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Шертер көшесімен қиылысқанға дейін, Шертер көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Новый-1 көшесіне дейін, Новый-1 көшесінен оңтүстікке қарай Закарпат көшесіне дейін.

      № 522 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 28
қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, "Жас Қанат"
шағынауданы, 54/2 үй)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылынан батысқа қарай Қайрат шағынауданының Сарыарқа көшесі мен "Парасат" тұрғын кешеніндегі 1/1 үйдің қилысына дейін, одан әрі Малая Алматинка өзені бойымен солтүстікке қарай Ақжамал көшесі 12 үйге дейін, шығысқа қарай Жаяу Мұса көшесі 137 үйге дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Рысқұлов даңғылына дейін.

№ 523 сайлау учаскесі (орталығы: "Жалпы білім беретін № 203 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Нұршашқан" шағынауданы, Досбол би көшесі, 31)

      Шекарасы: Кіші Алматы өзенінің шығыс жағалуынан солтүстік-шығысқа қарай Талғар ауданының шекарасына дейін (Набережный көшесінен Полевой көшесіне дейін) - Құлжа тас жолы, Құлжа тас жолының бойымен солтүстік-батысқа қарай Бұқтырма көшесіне дейін, Бұқтырма көшесінің бойымен солтүстік-шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін.

      № 551 сайлау учаскесі (Орталығы: "№ 198 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Жас Қанат" шағынауданы, 129 үй)

      Шекарасы: Жас Қанат шағын ауданынан 1/74 үйден батысқа қарай 533/1 үйге дейін, одан әрі солтүстікке қарай 498 үйге дейін, одан әрі шығысқа қарай Жас Қанат шағын ауданындағы көп қабатты үйлерді қоса алғанда.

      № 552 сайлау учаскесі (Орталығы: "№ 147 бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жас Қанат" шағынауданы, 215 үй)

      Шекаралары: "Жас Қанат" шағынауданының көп пәтерлік секторы, үйлер №1/12, 1/13, 1/14, 1/15, 1/16, 1/17, 1/18, 1/19, 1/20, 1/21, 1/22, 1/23, 1/24 (20 Баймағамбетов көшісінің жеке секторын қоса алғанда.

№ 553 сайлау учаскесі (орталығы: "Білім беретін № 89 мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, Поддубный көшесі, 155)

      Шекарасы: Топчиев көшесіндегі № 63 үйден Маяк тұрғын үй массивінің батыс жағы бойынша Аэропорт өзені бойымен Бұқтырма көшесіне дейін, Бұқтырма көшесінің бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Авиатор сая-жай қонысының жеке-меншік үйлерін қосқанда, Бұқтырма көшесінен оңтүстікке қарай Топчиев көшесіндегі № 63 үйге дейін.


№ 594 сайлау учаскесі (орталығы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Изатима
Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы, Дегдар көшесі, 10/2 үй)

      Шекарасы: Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Изатима Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалы.

№ 595 сайлау учаскесі (Орталығы: "№ 198 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Жас Қанат" шағынауданы, 129 үй)

      Шекарасы: Баймағамбетов көшесінен № 140 үйден Қарасу өзені бойымен солтүстікке қарай Баймағамбетов көшесі № 533/1 үйге дейін, одан әрі шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін "Жас Қанат" шағын ауданының 1/33-1/50 және 1/76 көп қабатты үйлерін қоса алғанда.

№ 605 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 198 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Жас Қанат" шағынауданы, 129 үй)

      Шекарасы: Шуақты шағынауданының Саялы көшесінен Қарасу-6 өзенінің арнасы бойымен солтүстікке (батыс жағы) Кіші Алматы өзенінің арнасына дейін; Кіші Алматы өзенінің арнасы бойымен солтүстікке қарай (батыс жағы) Баймағамбетов көшесіне дейін; Баймағамбетов көшесінен Жас Қанат шағынауданының № 1/11, 1/10, 1/9 үйлерінің солтүстік шекарасы бойымен батысқа қарай (оңтүстік жағы) Қарасу-7 өзенінің арнасына дейін; Қарасу-7 өзенінің арнасы бойымен-7 оңтүстікке (шығыс жағы) Баймағамбетов көшесінің № 68 үйіне дейін; Баймағамбетов көшесінің № 68, 68Б, 61А, 57 үйлерінің солтүстік шекарасы бойымен Қарасу көліне дейін; Қарасу көлінің бойымен оңтүстікке қарай (шығыс жағы) Шуақты шағынауданының Саялы көшесіне дейін; Шуақты шағынауданының Саялы көшесімен шығысқа қарай (солтүстік жағы) Қарасу-6 өзенінің арнасына дейін.

      № 606 сайлау учаскесі (Орталығы: "№ 187 бөбекжай-балабақшасы" коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, "Жас Қанат" шағынауданы, 129а үй)

      Шекарасы: Баймағамбетов № 76/25 көшесінен батысқа қарай № 314 үйге дейін, одан әрі солтүстікке қарай "Жас Қанат" шағын ауданындағы № 59 үйге дейін, одан әрі шығысқа қарай "Жас Қанат" шағын ауданындағы көп қабатты үйлерді қоса алғанда Кіші Алматы өзеніне дейін.

      № 607 сайлау учаскесі (орталығы: "№ 211 мектеп-гимназия" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, "Қайрат" шағынауданы, 19-көше, 20/2 үй)

      Шекарасы: Тараз көшесіндегі 58 үйіден солтүстікке қарай Бұқтырма көшесі 4/1 үйге дейін, одан әрі шығысқа қарай "Алтын сити" тұрғын үй кешенінің үйлерін қоса алғанда, Құлжа трактісіне дейін, одан әрі Құлжа трактісінің бойымен оңтүстікке қарай "Қайрат" шағынауданының "Жетісу" әмбебап базарына дейін, батысқа қарай 10-көшедегі 24 үйге дейін, одан әрі Сыбызғы көшесінің қилысына дейін, солтүстікке қарай Тараз көшесіне дейін, батысқа қарай Тараз көшесі, 58-үйге дейін.

      № 644 Сайлау учаскесі (орталығы: "№ 211 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы "Қайрат" шағынауданы, 19-шы көше, 20/2 үй)

      Шекарасы: Ақжамал көшесіндегі 12 үйден батысқа қарай Малая Алматинка өзеніне дейін, одан әрі солтүстікке қарай Береке-2 көшесі 12 үйге дейін, шығысқа қарай 17 көшенің қиылысына дейін, оңтүстікке қарай Көрімдік көшесі, 18 үйге дейін, батысқа қарай Жаяу Мұса көшесі 235 үйге дейін, оңтүстікке қарай Ақжамал көшесі 12 үйге дейін.

      № 645 Сайлау учаскесі (орталығы: "№ 211 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, "Қайрат" шағынауданы, 19-шы көше, 20/2 үй)

      Шекарасы: Рысқұлов даңғылы мен "Қайрат" шағынауданындағы 3-ші көшедегі 2 үйдің қилысына дейін, солтүстікке қарай Жаяу Мұса көшесі 58 үйге дейін, Жаяу Мұса көшесінің бойымен Көрімдік көшесіндегі, 9 үйге дейін, шығысқа қарай Тараз көшесінің бойымен Сыбызғы көшесінің қилысына дейін, оңтүстікке қарай "Қайрат" шағынауданындағы 10-көшедегі 2/1 үйге дейін, 10-көшеден шығысқа қарай Құлжа трактісіне дейін, Құлжа трактісінен оңтүстікке қарай Рысқұлов даңғылы мен "Қайрат" шағынауданының 3-ші көшесінің қилысына дейін.

      № 646 Сайлау учаскесі (орталығы: Қазақстан Республикасы ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы 3650 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 287/1)

      Шекарасы: Жабық.

      № 647 Сайлау учаскесі (орталығы: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, Красногоский көшесі, 8)

      Шекарасы: Жабық.

  Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 01 шешіміне № 2 қосымша

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 1030 болып тіркелді, "Алматы ақшамы" газетінде 2014 жылғы 29 сәуірде, "Вечерний Алматы" газетінде 2014 жылғы 29 сәуірде жарияланды).

      2. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 02 "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 27 ақпандағы № 1132 болып тіркелді, "Алматы ақшамы" газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда, "Вечерний Алматы" газетінде 2015 жылғы 28 ақпанда жарияланды).

      3. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 04 "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылғы 21 қазандағы № 1220 болып тіркелді, "Алматы ақшамы" газетінде 2015 жылғы 24 қазанда, "Вечерний Алматы" газетінде 2015 жылғы 24 қазанда жарияланды).

      4. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 наурыздағы № 02 "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 12 сәуіріндегі № 1368 болып тіркелді, "Алматы ақшамы" газетінде 2017 жылғы 15 сәуірінде, "Вечерний Алматы" газетінде 2017 жылғы 15 сәуірінде жарияланды).

      5. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2017 жылғы 08 қазандағы № 04 "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2017 жылғы 21 қарашадағы № 1427 болып тіркелді, "Алматы ақшамы" газетінде 2017 жылғы 23 қарашада, "Вечерний Алматы" газетінде 2017 жылғы 23 қарашада жарияланды).

      6. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1513 болып тіркелді, "Алматы ақшамы" газетінде 2018 жылғы 24 қарашада, "Вечерний Алматы" газетінде 2018 жылғы 24 қарашада жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады