Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 4 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 ақпанда № 1525 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 29.01.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 3 "Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2018 жылғы 21 қарашада № 1510 болып тiркелген, "Алматы ақшамы" газетiнiң 2018 жылғы 24 қарашадағы № 134 (5641) санында және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2018 жылғы 24 қарашадағы № 142 (13463) санында жарияланған шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған шешімнің № 1 қосымшасындағы № 561 сайлау учаскесінің орталығы осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, сондай-ақ Наурызбай ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімі аппаратының басшысы М. Нысаналиевке жүктелсін.

      4. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Тоғай

  Алматы қаласы
Наурызбай ауданы әкімінің
2019 жылғы 15 ақпандағы
№ 4 шешіміне қосымша

№ 561 Сайлау учаскесі (050006, Орталығы: "№ 1 қалалық клиникалық ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Қалқаман шағынауданы, Әшімов көшесі, 2 үй).

      Шекарасы: Әшімов көшесінен бастап, Проектируемая көшесінің оңтүстік жақ бетімен Сағатов көшесіне өтіп, шығыс бағытта Қарғалы өзеніне дейін. Қарғалы өзенінің батыс жақ жағалауымен оңтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Байзақ батыр көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әйтей батыр көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Құлбеков көшесінің солтүстік жақ бетімен батыс бағытта Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесіне дейін. Қалқаман-2 шағынауданының Әшімов көшесінің шығыс жақ бетімен солтүстік бағытта Проектируемая көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады