"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 132 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 5408 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.02.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 176 қаулысының (2016 жылғы 1 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "16" мамырдағы № 132 қаулысымен бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12520 болып тіркелді) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

      2. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы ("Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 14 (он төрт) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау шартын жасасу не осы Регламенттің 14-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жолданады.

      7. Жұмыс кестесі:

      1) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      8. Пайдалануға берілмеген инвестициялық жобалар бойынша көрсетілетін қызметті алушы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім береді, оған өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркеледі.

      Пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша көрсетілетін қызметті алушы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім береді, оған өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар PDF форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркеледі, ол екі кезеңді рәсімдерді қолданбастан қаралады.

      Екінші кезеңде (жұмыстар аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған екінші кезеңдегі өтінім береді, оған PDF электрондық форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерлеген көшірмесі) мынадай растау, құқық белгілеу және (немесе) тіркеу құжаттары қоса тіркеледі:

      1) "Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелді) бекітілген нысан (бұдан әрі – Нысан) бойынша инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің ("Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) 14-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;

      2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмелері (жабдықтар сатып алу кезінде);

      3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және (немесе) қағаз шот-фактуралардың, ақы төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      4) Заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);

      5) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;

      6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;

      7) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, PDF электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса тіркейді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы/сараптама ұйымы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың "Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелді) бекітілген "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі" (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының негізінде дайындалатын кемінде 30 (отыз) % өндірілген өнім көлеміне қол жеткізілгені туралы қарап-тексеру актісін жасайды.

      Қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлем тетігін қолдана отырып, инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімді көрсетілетін қызметті алушы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді және қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты растаған көшірмесін PDF электрондық форматында (қаржы институты қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы дайын жобалардың лизингі кезіндегі инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімді Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді, оған PDF электрондық форматында мынадай растайтын құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін) қоса тіркейді:

      1) көрсетілетін қызметті алушы, лизинг беруші және объектіні сатушы арасындағы үшжақты келісімнің көшірмесі;

      2) сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған объектіні сатып алу-сату шартының көшірмесі;

      3) қаржы институты растаған объектінің лизинг шарты;

      4) Заңның 73-бабының 2-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмесі;

      5) жабдықты және (немесе) инвестициялық объектіні пайдалануға беру актісінің көшірмесі;

      6) сатушының инвестициялық жобаны іске асырған кездегі инвестициялық салымдарын растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;

      7) жабдықты қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;

      8) жобаға бизнес-жоспардың көшірмесі;

      9) Заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмесі (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша).

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтінімнің порталда қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебенің көрініс табуы растайды.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидиялауға арналған өтінімді беру және тіркеу – 3 (үш) сағат;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімді қабылдауды растайды не осы Регламенттің 14-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) өтінім бірінші кезеңде берілген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімнің сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      4) өтінім екінші кезеңде берілген және тіркелген кезде өтінім жобалау-сметалық құжаттамаға жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы электрондық қорытындыны дайындау үшін сараптамалық ұйымның немесе мамандар тобының жеке кабинеттеріне түседі – 10 (он) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында оң шешім болған жағдайда, инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылады – 1 (бір) жұмыс күні.

      10. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) субсидиялауға арналған өтінімді беру және тіркеу;

      2) ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімді қабылдау;

      3) бірінші кезеңде өтінімнің сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдау;

      4) сараптама ұйымы немесе мамандар тобы, екінші кезеңде өтінімнің сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы электрондық қорытындыны дайындайды;

      5) инвестициялық субсидиялау шартына және сатып алынатын жабдықты, техниканы мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімге қол қойылады;

      6) субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастыру;

      7) субсидияларды аудару туралы хабарлама не уәжді бас тарту.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) сараптама ұйымы немесе мамандар тобы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру бөлімі.

      12. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту реттілігін сипаттау:

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидиялауға арналған өтінімді беру және тіркеу – 3 (үш) сағат;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімді қабылдауды растайды не осы Регламенттің 14-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) өтінім бірінші кезеңде берілген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімнің сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      4) өтінім екінші кезеңде берілген және тіркелген кезде өтінім жобалау-сметалық құжаттамаға жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы электрондық қорытындыны дайындау үшін сараптамалық ұйымның немесе мамандар тобының жеке кабинеттеріне түседі – 10 (он) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында оң шешім болған жағдайда, инвестициялық субсидиялау шартына қол қойылады – 1 (бір) жұмыс күні.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      13. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті алушы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдайды, электрондық сұраудың нысанын толтырады және құжаттар топтамасын бекітеді (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі);

      3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрауды куәландыру;

      4) көрсетілетін қызметті берушімен электрондық сұрауды өңдеу (тексеру, тіркеу);

      5) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды сұрау мәртебесі мен мерзімі туралы хабарландыруларды алуы;

      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылы реттілігінің сипаттамасына сәйкес жүзеге асырады және ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды;

      7) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тарихында мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының алуы.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау осы Регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналасқан.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Портал арқылы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады