"Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қарашадағы № 294 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 қарашада № 5643 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 27.10.2021 № 226 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 20-бабы 17-3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 62 қаулысына (2016 жылғы 19 сәуір "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 3675 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      облыс әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "__" _______ № ___ қаулысына қосымша
  Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1-қосымша

Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті

Есептік бірлік

1

2

3

1.

Абаттандырылған және абаттандырылмаған үйлер

1 тұрғын

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

3.

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

4.

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

6.

Емханалар

1 келіп кету

7.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

8.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

9.

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

11.

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

12.

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

13.

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

14.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңының 1 шаршы метрі

15.

Машиналардан сату

сауда орнының 1 шаршы метрі

16.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңының 1 шаршы метрі

17.

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

18.

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

19.

Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

20.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

21.

Жағажайлар

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

22.

Дәріханалар

сауда алаңының 1 шаршы метрі

23.

Автотұрақтар, автокөлікті жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

24.

Автокөлік шеберханалары

1 жұмысшы

25.

Гараж кооперативтері

1 гаражға

26.

Шаштараздар, сұлулық салондары

1 жұмыс орны

27.

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

28.

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

29.

Шағын жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

30.

Моншалар, сауналар

жалпы алаңының 1 шаршы метрі

31.

Қаланың аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар

1000 қатысушылар

32.

Бағбандық кооперативтері

1 учаске


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады