"Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 300 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 қарашада № 5665 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.02.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 98 қаулысының (2018 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4681 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      облыс әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы "___"________№____ қаулысымен бекітілді

"Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелді) бекітілген "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.

      2. Мемлекеттік қызметті осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе осы Регламенттің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Веб-порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Веб-порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін қызметті алушы веб-порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады:

      1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтiнiш;

      2) Стандарттың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес мәліметтер нысаны;

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініштің қабылданғанын растау ретінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 20 (жиырма) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделеп, аттестациялық комиссияға жібереді (бұдан әрі – Комиссия) – 1 (бір) жұмыс күні.

      Өтініш берушімен құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде Комиссия сол жерге шыға отырып, "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелді) белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді – 3 (үш) жұмыс күні.

      Тексеру нәтижелері бойынша Қағидалар талаптарының сәйкестігіне тексеру актісін жасайды – 1 (бір) жұмыс күні.

      Тексеру актісін қарау қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы шешім қабылдайды – 2 (екі) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аттестаттау туралы куәлік беру туралы Комиссияның шешімі негізінде жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында аттестаттау туралы куәлікті өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.

      9. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) өтінішті тіркеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделеу және Комиссияға жіберу;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру туралы шешім қабылдау;

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) аттестаттаудан өткізу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) аттестаттау жүргізу үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның аттестаттау жүргізу жөніндегі қызметіне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      3) Комиссия.

      12. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әр рәсімнің (іс-қимылдың) өту реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді – 20 (жиырма) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын зерделеп, аттестациялық комиссияға жібереді (бұдан әрі – Комиссия) – 1 (бір) жұмыс күні.

      Өтініш берушімен құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде Комиссия сол жерге шыға отырып, "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы" (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелді) белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді – 3 (үш) жұмыс күні.

      Тексеру нәтижелері бойынша Қағидалар талаптарының сәйкестігіне тексеру актісін жасайды – 1 (бір) жұмыс күні.

      Тексеру актісін қарау қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы шешім қабылдайды – 2 (екі) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы аттестаттау туралы куәлік беру туралы Комиссияның шешімі негізінде жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында аттестаттау туралы куәлікті өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдарының, реттілігін толық сипаттау осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      13. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

      14. Веб-портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен веб-порталда тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрату жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын электрондық нысанда бекітуі;

      3) электрондық сұратуды электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ЭЦҚ арқылы куәландыру;

      4) электрондық сұратудың көрсетілетін қызметті берушімен өңделуі (тексеру, тіркеу);

      5) көрсетілетін қызметті алушымен электрондық сұратудың мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіндегі" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тарихында алуы;

      6) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдары тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдауы;

      8) көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тарихынан алуы.

      Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін толық сипаттау осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналастырылған.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші, және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұкым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін кызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

Атауы

Орналасқан жері

Жұмыс кестесі

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Парк көшесі, 57В

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

  "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші, және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұкым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін кызмет регламентіне 2-қосымша

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады