Байланыс формасы

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 шілдеде № 5475 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2019 жылғы 21 маусымдағы № 10-11/74 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі Жарқайың ауылының аумағында ірі қара малдар арасында бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Л.Ботина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады