Байланыс формасы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы №311 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы №18/5 "Қызылжар ауданы Бескөл селолық округі Бескөл селосының шекарасын өзгерту туралы" біріккен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 22 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 38/1 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 ақпанда № 5220 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7- бабы 4- тармағына, 37- бабы 7- тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 14 қазандағы №311 және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 қазандағы №18/5 "Қызылжар ауданы Бескөл селолық округі Бескөл селосының шекарасын өзгерту туралы" біріккен қаулысына және шешіміне (2009 жылғы 20 қарашада "Қызылжар", "Маяк" газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-8-111 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) біріккен қаулының және шешімнің деректемелерінде және барлық мәтін бойынша қазақ тіліндегі "біріккен", "селолық", "селосының" сөздері "бірлескен", "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;

      2) біріккен қаулының және шешімнің деректемелерінде және барлық мәтін бойынша орыс тіліндегі "Бишкуль", "Бишкульского" сөздері "Бесколь", "Бескольского" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Ж. Сәдуақасов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
С. Оралұлы
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады