Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 224 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 шілдеде № 5502 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 (2017 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4417 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы _____ № __ қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 24 қарашадағы № 445 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы

      Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға "Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Қызылжар ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Қызылжар ауданының ПБ) енгiзедi.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      4. Комиссия көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Қызылжар ауданының ПБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Қызылжар ауданының ПБ ақшалай сыйақыны төлеудi және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, "Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесінің 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

      8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Қызылжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, құнды сыйлықты берудi Қызылжар ауданының ПБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады