Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір сұрақтары туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 5203 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 7 тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Уәлиханов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) оны ресми жарияланғаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы қаулыны орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Уәлиханов ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмiнің
міндетін атқарушы
Т.Сагитов

  Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "__"__________ №__ қаулысына қосымша

Уәлиханов ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі Уәлиханов ауданы әкімдігімен құрылған комиссиясымен қаралады.

      3. Қылмыстың алдын-алу және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Уәлиханов ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен ұсынылады.

      4. Көтермелеу төлеу комиссиясы қабылдаған шешіміне сәйкес "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Уәлиханов ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрығы көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және ол 10-еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      6. Азаматтарды көтермелеу "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция Департаменті Уәлиханов ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      7. Көтермелеулерді төлеуге арналған қаражат облыстық бюджеттен көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады