Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 77 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 4367 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Ж. Жанқуатовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Баженов

  Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "1" сәуірдегі № 77 қаулысына қосымша

Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      2. Осы тәртіп Қызылқоға ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қызылқоға ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрi – комиссия) қарайды.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Қызылқоға ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      5. Комиссиямен қабылдаған хаттамалық шешім, көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Қызылқоға ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Қызылқоға ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      9. Ақшалай сыйақының мөлшерi көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе

Постановление акимата Кызылкогинского района Атырауской области от 1 апреля 2019 года № 77. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 2 апреля 2019 года № 4367

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", акимат Кызылкогинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Кызылкогинского района" Жанкуатова А.Ж.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Баженов

  Приложение к постановлению акимата Кызылкогинского района от "1" апреля 2019 года № 77

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядкав Кызылкогинском районе

Глава 1. Виды поощрений

      1. Мерами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, являются:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежного вознаграждения.

Глава 2. Порядок поощрений

      2. Настоящий порядок регулирует вопросы организации поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кызылкогинском районе.

      3. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, рассматриваются комиссией, создаваемой решением акима Кызылкогинского района (далее-комиссия).

      4. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в обеспечении общественного порядка, вносится на рассмотрение комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Кызылкогинского района Департамента полиции Атырауской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан".

      5. Основанием для поощрения является протокольное решение, принимаемое комиссией.

      6. Выплата денежного вознаграждения, производится за счет средств областного бюджета государственным учреждением "Департамент полиции Атырауской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан".

      7. Для выплаты денежного вознаграждения дополнительно издается приказ начальника государственного учреждения "Отдел полиции Кызылкогинского района Департамента полиции Атырауской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" согласно решению, принятому комиссией.

      8. Меры поощрения гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется государственным учреждением "Отдел полиции Кызылкогинского района Департамента полиции Атырауской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" в торжественной обстановке.

Глава 3. Размер денежного вознаграждения

      9. Размер денежного вознаграждения устанавливается комиссией с учетом внесенного поощряемых граждан вклада в обеспечение общественного порядка, а также объема ущерба, который мог быть нанесен в результате противоправного действия, которое было пресечено ими или с их участием и не превышает 10 кратного месячного расчетного показателя.