Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 67 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 сәуірде № 4373 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Н.М. Ерғалиевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Карағаев

  Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "3" сәуірдегі № 67 қаулысына қосымша

Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      2. Осы тәртіп Мақат ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Мақат ауданы әкімінің шешімімен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Мақат ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      5. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      6. Ақшалай сыйақыны төлеу "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті" мемлекеттік мекемесімен облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Мақат ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу шаралары "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысының полиция департаменті Мақат ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесімен салтанатты жиында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      9. Ақшалай сыйақының мөлшері көтермеленетін азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар олармен немесе олардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып комиссиямен белгіленеді және 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады