Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 57 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 23 сәуірде № 4986 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 27 ақпандағы № 41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 27.02.2020 № 41 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 312 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4786 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә. Садырға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө.Шөкеев
      Қ.Қ. Айтмұхаметов
      Ә.Е.Тұрғымбеков
      Ж.Е.Аманбаев
      М.И.Мырзалиев
      М.Н.Отарбаев
      Е.Ә.Садыр
      А.Б.Тасыбаев

  Түркістан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "22" сәуірдегі
№ 57 қаулысына
қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 23.12.2019 № 295 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, мың теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

10 000

141 373

1 413 730,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

20 000

2 209

44 180,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

100 000

3 199

319 900,0

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

бас

150 000

4 663,7

699 558,8

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

бас

225 000

4 672,3

1 051 264,1

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

1.1

Бір жынысты

доза

10 000

250

2 498,3

1.2

Қос жынысты

доза

5 000

1 055,5

5 277,6

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

2.1

отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік

бас

150 000

703

105 450,0

2,2

Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген

бас

225 000

33

7 425,0

3.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас

100 000

135

13 500,0

4.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас

5 000

38 806

194 030,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

бас

60

62 000

3 720,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас

40 000

1 573

62 920,0

Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

бас

1 000

198 363

198 363,0

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

2.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас

2 500

189 266

473 165,0

2.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

бас

1 500

1 054 636

1 581 954,0

3.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

бас

8 000

27 155

217 240,0

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

бас

10 000

247

2 470,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

бас

100 000

244

24 400,0

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы

5 000

7 702

38 510,0

Барлығы




6 459 555,8

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тонна

200

6 566,7

1 313 348,2

2.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

тонна

200

3 212,9

642 594,6

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату:

1.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

тонна

35

8 378,7

293 255,0

1.2

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

тонна

10

11 276,1

112 760,8

1.3

Ауыл шаруашылығы кооперативі

тонна

10

15 195,2

151 951,8

2.

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

120 000

2 369

284 280,0

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

1.1

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

тонна

50

2 200

110 000,0

1.2

күрке тауық етін өндіру құнын арзандату

тонна

200

7 009,4

1 401 880,8

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

1.1

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

мың дана

2,7

11 507,2

31 069,4

1.2

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

мың дана

2,2

51 595,9

113 510,9

1.3

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

мың дана

2

16 327,1

32 654,2

Қой шаруашылығы

1.

Қозы өткізу құнын арзандату

бас 

3 000

29 291,0

87 873,0

2.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

2.1

сапасы 60-тан басталатын жүн

тонна

150

89,2

13 386,6

2.2

сапасы 50-ден басталатын жүн

тонна

100

2,9

292,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

тонна

60

2 698,1

161 884,8

Түйе шаруашылығы

1.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

тонна

55

1 630,9

89 702,1

Барлығы




4 840 444,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады