Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 102 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 23 сәуірде № 4984 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 80 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 09.04.2020 № 80 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 199 "Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымында "Шаян" газетінде және 2018 жылғы 18 маусымында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбековке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "С.Ерубаев жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

136

1

1

2

"Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімінің Бәйдібек ауданының ветеринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

203

1

2

3

Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының "Бәйтерек" бөбекжай-бала бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

30

1

1


  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 19 сәуірдегі
№ 102 қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Бәйдібек ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Боралдай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

71

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады