Мақтаарал ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 наурыздағы № 183 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 19 наурызда № 4938 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 4 мамырдағы № 186 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 04.05.2020 № 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9), тармақшаларына сәйкес Мақтаарал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы приложению 3 сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Мақтаарал ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 1 "Мақтарал ауданының пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квоталар белгiлеу туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4412 нөмiрiмен тiркелген, 2018 жылғы 02 ақпанда "Мақтаарал" газетiнде және 2018 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      5. "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ешанқұловаға жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Асанов

  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"18" наурыз 2019 жылғы
№ 183 қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтаарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ЕЛСУ и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

23

2%

1

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

2%

2

3.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

122

2%

2

4.

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2%

1


Барлығы

274


6


  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"18" наурыз 2019 жылғы
№ 183 қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтаарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ЕЛСУ и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

23

2%

1

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

2%

2

3.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

122

2%

2

4.

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2%

1


Барлығы

274


6


  Мақтаарал ауданы әкімдігінің
"18" наурыз 2019 жылғы
№ 183 қаулысына 3 қосымша

Ата-анасына кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Мақтаарал ауданы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"ЕЛСУ и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

23

2%

1

2.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мырзакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

73

2%

2

3.

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Атакент" Мақтаарал аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

122

2%

2

4.

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2%

1


Барлығы

274


6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады