Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 142 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 мамырда № 5039 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 21.02.2023 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 21.02.2023 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Алынып тасталды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 21.02.2023 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Келес ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Оразбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Есбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Келес аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________ Ж.Альсеитов

      "___" _________ 2019 жыл

  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 08 мамырдағы
№ 142 қаулысына
1 қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 21.02.2023 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Келес ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 8 мамырдағы
№ 142 қаулысына
2 қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігінің 21.02.2023 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Абай ауылы бойынша

1

Б.Қырғызалиев көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№4 Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы жағы

2

Т.Рысқұлов көшесіндегі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "№13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратына қарама-қарсы жағы

3

Т.Рысқұлов көшесіндегі Келес ауданы әкімдігінің "Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының сол жағы

4

Ә.Сатбаев көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№1 О.Есімов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

Біртілек ауылдық округі бойынша

5

Аққорған елді мекені, Ынтымақ көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№8 Т.Бегманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

6

Еңбекші елді мекені, Мүслім ата көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

7

Игілік елді мекені, Сұнқар көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№10 "Игілік" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Қошқарата ауылдық округі бойынша

8

Бесқұбыр елді мекені, Қ.Ерназаров көшесіндегі "Келес ауданы әкімдігінің "Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының "Бесқұбыр" ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

9

Қошқарата елді мекені, С.Өсербайұлы көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

10

Аманжар елді мекені, А.Байтұрсынов көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№28 "Мақташы" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Ұшқын ауылдық округі бойынша

11

Ұшқын елді мекені, Қ.Қонысбаев және Д.Қонаев көшелері қиылысының батыс жағы

Алпамыс батыр ауылдық округі бойынша

12

Ақжол елді мекені, С.Қожанов және Абай көшелері қиылысының солтүстік шығыс жағы

13

Қауыншы елді мекені, Б.Майлин және Т.Тажибаев көшелері қиылысының оңтүстік жағы

Жүзімдік ауылдық округі бойынша

14

Жүзімдік елді мекені, Б.Қалмаханов және Т.Бигельдинов көшелері қиылысының оңтүстік батыс жағы

Бірлесу ауылдық округі бойынша

15

Қазақстан елді мекені, Б.Құрмансеитов және М.Иебаев көшелері қиылысының оңтүстік батыс жағы

16

28 гвардия елді мекені, Қабанбай батыр көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№34 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағы

Ақтөбе ауылдық округі бойынша

17

Жуантөбе елді мекені, Ақдала және Атамұра көшелері қиылысының солтүстік батыс жағы

18

Жаңадәуір елді мекені, Нұрлы жол көшесі мен "Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы" республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы қиылысының шығыс жағы

19

Лесбек батыр елді мекені, А.Туралимов және Б.Ермеков көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

20

Көкбұлақ елді мекені, Т.Сүлейменов көшесі мен "Жызақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы" республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы қиылысының оңтүстік батыс жағы

21

Бозсу елді мекені, Жаңағасыр көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№43 "Болашақ" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

Бірлік ауылдық округі бойынша

22

Бірлік елді мекені, Ә.Жангелдин және М.Әуезов көшелері қиылысының шығыс жағы

23

Жаңатіршілік ауылы, Х.Көбеев және Д.Қонаев көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

Ошақты ауылдық округі бойынша

24

С.Саттаров елді мекені, М.Әуезов және Ә.Молдағұлова көшелері қиылысының солтүстік батыс жағы

25

Береке елді мекені, Ж.Жақсыбеков көшесіндегі Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "№47 Д.Қонаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

26

Ошақты елді мекені, Құрбанов көшесіндегі "Асмет ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының сол жағы

Бозай ауылдық округі бойынша

27

Бозай елді мекені, Құрманғазы және Қазыбек би көшелері қиылысының оңтүстік жағы

28

Тентексай елді мекені, Ш.Қалдаяқов және Ы.Алтынсарин көшелері қиылысының оңтүстік шығыс жағы

Жамбыл ауылдық округі бойынша

29

Бекбота елді мекені, Жамбыл және Абай көшелері қиылысының оңтүстік батыс жағы

30

Ащыкөл елді мекені, Бейбітшілік және Құрманғазы көшелері қиылысының солтүстік шығыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады