Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 2 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қаңтарда № 5724 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң, оның көшірмесінің күнтізбелік он күн ішінде облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулы ресми жарияланған соң Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шығыс Қазақстан облысы
      полиция департаменті бастығының
      міндетін уақытша атқарушы
      ________________ Қ. Нұрғалиев

      2018 жылғы "29" желтоқсан

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
"4" қаңтардағы № 2 қаулысына
қосымша

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сонымен бірге ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеу түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге ықпал еткен, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан азаматтарды көтермелеу мәселелерін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

      3. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысушы азаматтарды ақшалай сыйақымен көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды комиссияның қарауына Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы енгізеді.

      4. Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, көтермелеуге - комиссия қабылдаған шешім, сыйақы төлеуге - Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бұйрығы негіз болып табылады.

      3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      5. Ақшалай сыйақының мөлшерін қалалар мен аудандар әкімдіктерінің комиссиясы 10 есе айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде белгілейді.

      6. Ақшалай сыйақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізеді.

      7. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті шығыстарының құрамында 003 "Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысқан азаматтарды көтермелеу" жеке бюджет бағдарламасында қарастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады