Семей қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 34/227-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2019 жылғы 31 қаңтарда № 5-2-207 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 20.12.2022 № 37/264-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 20.12.2022 № 37/264-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Семей қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 20.12.2022 № 37/264-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы№ 37/200-V "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3803 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 "Семей таңы" және "Вести Семей" газеттерінде жарияланған);

      2) Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 3/31-VI "Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 37/200-V "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4583 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде және 2016 жылғы 26 шілдеде № 59 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған).

      3. Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/194-VI "Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеудің және оны көрсету тәртібінің ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Н. Қайырбеков
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов

  2019 жылғы 18 қаңтардағы
№ 34/227-VI шешімге
қосымша

Семей қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 20.12.2022 № 37/264-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Семей қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкілді органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және пайдалы алаңның 18 (он сегіз) шаршы метрінен аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақхана бөлмесі мөлшеріндегі алаңның нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) немесе электрондық үкімет веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе электрондық үкіметтің веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады