"Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 20/3-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 18 шілдедегі № 34/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 6095 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы (Салық кодексі) Кодексінің 546 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 2 тармағы 2 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 6 - бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы №20/3-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5596 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 18 сәуірде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің үшінші тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданылады.";

      шешімнің қосымшасындағы реттік нөмірі жеті жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7.

Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10

      ".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданылады.

      Сессия төрағасы О. Беляев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады