Объектілік масштабтағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 қыркүйекте № 6170 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімінің 26.03.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 8 хаттамасы негізінде, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Аягөз ауданы Өркен ауылдық округі Өркен ауылының "С. Нұғыманов" атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратында апатты жағдайдың туындауы мүмкін болуына байланысты объектіде объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Б. Нукибаев төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады