Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қарашадағы № 41/282-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 6318 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 49/407-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 02.07.2020 № 49/407-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңның 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 46/339-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 4458 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 15 сәуірінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешім қосымшасының 2 және 3 тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орын: Аягөз қаласы: Ә. Тәңірбергенов көшесіндегі "Ардагерлер" саябағы, Р. Қошқарбаев көшесіндегі "Аман" мәдениет және демалыс саябағы.

      3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді: Аягөз қаласы: Абай бульвары – Б. Момышұлы көшесінің қиылысынан, Абай бульвары бойымен Ә. Тәңірбергенов көшесіндегі қиылысқа дейін жоғары қарай қозғалу, Ә. Тәңірбергенов көшесінің бойымен Абай бульвары қиылысына дейін қозғалу, Абай бульвары бойымен аудандық мәдениет үйінің орталық кіре берісіне дейін төмен қарай қозғалу (Абай бульвары, 14).".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш. Омаров
      Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы С. Искаков

О внесении изменений в решение Аягозского районного маслихата от 2 марта 2016 года № 46/339-V "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"

Решение Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 15 ноября 2019 года № 41/282-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 27 ноября 2019 года № 6318. Утратило силу решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 2 июля 2020 года № 49/407-VI

      Сноска. Утратило силу решением Аягозского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 02.07.2020 № 49/407-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Аягозский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести следующее изменения в решение Аягозского районного маслихата от 2 марта 2016 года №46/339-V "О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4458, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 15 апреля 2016 года):

      пункт 2 и 3 приложения к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "2. Места проведения митингов и собраний: город Аягоз: парк "Ардагерлер" по улице А. Танирбергенова, парк культуры и отдыха "Аман" по улице Р. Кошкарбаева.

      3. Шествия и демонстрации проходят по маршруту: город Аягоз: от пересечения бульвара Абая – улицы Б. Момышулы, движение вверх по бульвару Абая до перекрестка с улицей А. Танирбергенова, движение по улице А. Танирбергенова до перекрестка с бульваром Абая, движение вниз по бульвару Абая до центрального входа районного дома культуры (бульвар Абая, 14).".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ш. Омаров
      Секретарь Аягозского районного маслихата С. Искаков