Алтай ауданы Алтай қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 3 шешімі және Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 43/6-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 16 қаңтарда № 5-12-189 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындысына сәйкес және "Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 Жарлығы негізінде Зырян ауданының Зырян қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Алтай ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданы Алтай қаласы көшелерінің атаулары:

      1) Лениногороская көшесі Вишневая көшесі болып;

      2) Пролетарская көшесі Спортивная көшесі болып;

      3) Канавная көшесі Родниковая көшесі болып;

      4) Коммунистическая көшесі Тохтаров көшесі болып;

      5) Ленин көшесі Астана көшесі болып;

      6) Советская көшесі Тәуелсіздік көшесі болып;

      7) Ворошилов көшесі Труд көшесі болып;

      8) Советский тұйық көшесі Тенистый тұйық көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Зырян ауданының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімнің осы бірлескен қаулысы және шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;

      3) осы бірлескен қаулы және шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Н. Токсеитов
      Сессия төрағасы Л. Попова
      Зырян ауданы мәслихатының хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады