Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кенті әкімінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 6188 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 -бабының 2- тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 29 қарашадағы қорытындысына сәйкес, Жаңа Бұқтырма кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің көшелеріне мынадай:

      1) 8 шағын ауданындағы Заводская көшесінен кейінгі 1-ші аты жоқ көшеге Шығыс көшесі деген атау берілсін;

      2) 8 шағын ауданындағы Заводская көшесінен кейінгі 2-ші аты жоқ көшеге Бастау көшесі деген атау берілсін.

      2. Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің Ленин көшесі Көктем көшесі деп жаңа атау берілсін.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сәйкес:

      1) осы шешім Алтай ауданы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аким М. Карибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады