Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 138 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 5857 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 303 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 19.07.2019 № 303 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 37 – бабының 1,2 – тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8 - бабының 3 - тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы№ 648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 28 - 2 - тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Катонқарағай ауданы аумағындамемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын.

      3. "Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Бексұлтановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2019 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Катонқарағай ауданының әкімі А. Нұрғожин

  Катонқарағай
ауданының әкімдігінің
2019 жылғы 11 сәуірдегі
№ 138 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұймдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі

р/с

Атауы

1

Тауарлар:

1.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын тауарлар

2

Жұмыстар:

2.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (2.2 және 2.3 – тармақтарда көрсетілген жұмыстарды қоспағанда) жұмыстар

2.2

Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) техникалық – экономикалық негіздеме

2.3

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу мен оларды күтіп-ұстау

3

Көрсетілетін қызметтер:

3.1

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспайтын инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау және жобаларды басқару бойынша қызметтер)

3.2

Жылдық көлемі құндық шамада республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын (3.1 – тармақта көрсетілген қызметтерді қоспағанда) қызметтер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады