Мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 274 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 6049 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 19.07.2019 № 302 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 37 – бабының 1, 2–тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабының 3 - тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 28 - 2 - тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы" бұйрығының 3 қосымшасына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін "Шығыс Қазақстан облысы "Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ұлан ауданы аумағында мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып белгіленсін.

      2. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А. Ақышов) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Хосчановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі Н. Сақтағанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады