Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 38/4-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 сәуірде № 5839 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 56/6-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 03.09.2020 № 56/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағы, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лонский
      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы А. Боровикова

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 38/4-VI шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шемонаиха ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі әкімдердің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 45/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Шемонаиха ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі -ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсіндіріледі.

      4. Осы қағидалар Шемонаиха ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 114 Заңында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) күн көріс деңгейіне еселік қатысы бар шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы негіздеме болып табылады.

      4) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 45/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 07.06.2019 № 41/2-VI ; 18.10.2019 № 45/8-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      9. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қараусыз қалған, оның ішінде мінез-құлқы ауытқымалы кәмелетке толмағандар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      4) психофизикалық дамуы ерте бұзылған туғаннан үш жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;

      7) егде жасына байланысты, басынан кешірген аурудың және (немесе) мүгедектік салдарынан өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      11) пробация қызметінде есепте тұрған адамдар;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өзіне не оның мүлкіне зиян келтірілген адамдар (отбасылар);

      13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).

      14) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 45/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 07.06.2019 № 41/2-VI; 18.10.2019 № 45/8-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      10. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы табысының шегі күн көріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 07.06.2019 № 41/2-VI; 18.10.2019 № 45/8-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы хаттамада көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      12. Ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулездің белсенді түрлерімен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі азаматтарға қосымша тамақтануға ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ай сайынғы әлеуметтік көмек АИТВ-мен ауыратын азаматтарға, балаларға медициналық мекеме басшысы бекіткен тізімдер бойынша табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 06.04.2020 № 50/14-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Біржолғы әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға негіздердің біреуі бойынша атаулы күндер мен мереке күндеріне ұсынылады:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан:

      басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысушыларға – 35 АЕК (отыз бес айлық есептік көрсеткіш);

      бұрынғы КСР одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан Кеңес армиясы, Әскери-Теңіз флоты, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР одағы ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамдағы адамдарға (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда); жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде оқу жиындарына шақыртылып, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге; жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде Ауғанстанға жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне; бұрынғы КСР одағы аумағынан Ауғанстанға әскери тапсырмаға ұшқан ұшқыштар құрамының әскери қызметкерлеріне; Ауғанстанда кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия немесе жарақат алған, не жауынгерлік іс-қимылдарды қамтамасыз етуге қатысқандығы үшін бұрынғы КСР одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған қызметшілерге – 35 АЕК (отыз бес айлық есептік көрсеткіш);

      бұрынғы КСР одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін орындау кезінде алған жаралану, контузия, жарақат салдарынан немесе майданда болумен байланысты сырқат салдарынан, сондай-ақ Ауғанстандағы немесе жауынгерлік іс-қимылдар өткен өзге де мемлекеттердегі әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болып қалған әскери қызметшілерге – 35 АЕК (отыз бес айлық есептік көрсеткіш);

      Ауғанстандағы немесе әскери іс-қимылдар өткен өзге де мемлекеттердегі жауынгерлік іс-қимылдар кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия, жарақат, сырқаттану салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 35 АЕК (отыз бес айлық есептік көрсеткіш);

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын Алқа", "Күміс Алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған аналарға – 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш);

      бірге тұратын төрт және одан да аса бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары, олардың ішінде олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары оқу орындарында білім беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасыларға – 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш);

      3) Халықаралық радиациялық апат құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын, азаматтық немесе әскери мақсаттағы басқа да радиациялық апаттарды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,400 АЕК (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз айлық есептік көрсеткіш);

      1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын жоюға қатысқандарға – 33,400 АЕК (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз айлық есептік көрсеткіш);

      Чернобыль АЭС-тағы апат салдарын, азаматтық немесе әскери мақсаттағы басқа да радиациялық апаттарды жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 33,400 АЕК (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз айлық есептік көрсеткіш);

      Чернобыль АЭС-тағы апат салдарынан, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар, ядролық қаруды сынау салдарынан мүгедек болып қалған адамдарға және ата-анасының біреуі мүгедектігі радиациялық сәулеленумен генетикалық байланысты балаларға - 23,857 АЕК (жиырма үш бүтін мыңнан сегіз жүз елу жеті айлық есептік көрсеткіш);

      4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр:

      1, 2-топтағы көруі бойынша мүгедектер – 10 АЕК (он айлық есептік көрсеткіш);

      5) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 215,983 АЕК (екі жүз он бес бүтін мыңнан тоғыз жүз сексен үш айлық есептік көрсеткіш);

      әскери міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының, немесе сол кезеңдерде қалаларда болып, қорғанысына қатысқан, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдары есепке алынып, армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындалған адамдарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болған адамдарға – 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар мен басқа да антифашистік құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш);

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құралымдарының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, Балық өнеркәсібі халық комиссариатының, теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолдары бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында еркінен айрылған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      Ленинград қаласын қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен, "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердің, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне), қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз айлық есептік көрсеткіш);

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 35,998 АЕК (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш);

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 4,294 АЕК (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт айлық есептік көрсеткіш);

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 15,299 АЕК (он бес бүтін мыңнан екі жүз тоқсан тоғыз айлық есептік көрсеткіш);

      6) Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр:

      саяси қуғын – сүргіннен зардап шеккен адамдарға – 4,294 АЕК (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт айлық есептік көрсеткіш);

      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз:

      16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға - 4,771 АЕК (төрт бүтін мыңнан жеті жүз жетпіс бір айлық есептік көрсеткіш);

      8) Тәуелсіздік күні - 16 желтоқсан:

      күнтізбелік жылы бесінші баланы дүниеге әкелген аналарға – 25 АЕК (жиырма бес айлық есептік көрсеткіш).

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 18.10.2019 № 45/8-VI; 06.04.2020 № 50/14-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Шемонаиха ауданының әкімі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      15. Туберкулездің белсенді түрлерімен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі азаматтарға ай сайынғы әлеуметтік көмек туберкулезге қарсы диспансердің бірінші басшысы бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 06.04.2020 № 50/14-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      19. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      20. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      21. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      24. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен асқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      28. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Шемонаиха ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      29. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      30. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Шемонаиха
аудандық мәслихатының
2019 жылғы 4 сәуірдегі
№ 38/4-VI шешіміне қосымша

Шемонаиха аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3453 нөмірімен тіркелді, 2014 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 20 тамызда "Уба-Информ" газетінде жарияланды).

      2. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 26/2-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3775 нөмірімен тіркелді, 2015 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 сәуірде "ЛЗ Сегодня" газетінде жарияланды).

      3. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 32/6-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4179 нөмірімен тіркелді, 2015 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 4 қарашада "ЛЗ Сегодня" газетінде жарияланды).

      4. "Шемонаиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4/6-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4606 нөмірімен тіркелді, 2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 4 тамызда "Мой город Шемонаиха" газетінде жарияланды).

      5. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 мамырдағы № 12/3-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5061 нөмірімен тіркелді, 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 29 маусымда "Мой город Шемонаиха" газетінде жарияланды).

      6. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 шілдедегі № 21/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 мамырдағы № 25/4-VІ шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-185 нөмірімен тіркелді, 2018 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2018 жылғы 20 маусымда "Уба-Информ" газетінде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады