Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5556 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 09 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 27.03.2020 № 09 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы 5 наурыздағы хаттамасы негізінде, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:

      1. Орал қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Орал қаласы әкімінің орынбасары С.Доля тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (Е.Каримов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары С.Доля жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады