Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 5515 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 12.04.2019 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы 8 қаңтардағы хаттамасы негізінде, Бөкей ордасы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Зұлқашев Рүстем Мүлкайұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Р.М.Зұлқашевқа жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Рахымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады