Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 мамырда № 5659 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 02.11.2020 № 14 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімі бойынша, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 4 "Бөкей ордасы ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3447 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірде "Орда жұлдызы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Бөкей ордасы ауданы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:

      № 67 сайлау учаскесi келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 67 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жетібай ауылы, "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жамбыл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".

      Шекарасы: Жетібай ауылы, Уайс, Шәңгерей, Ерке атан, Жолабай, Ракима, Жамбыл, Қызыл қабақ, Досым-1, Досым-2, Досым-3, Қараой, Пұшпалақ, Жалқаш, Кiдiбай, Бруцеллез, Сақау, Қашар, Садыр қыстақтар.".

      № 75 сайлау учаскесi келесі редакцияда жазылсын:

      "№ 75 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайқын ауылы, Орда көшесі, 32 үй, "Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сайқын ауылы, Әзербаев, Орда, Б.Жәнекешов, Тайманов, Бейбiтшiлiк, Қазақстан, Шағыров, Х. Чурин, Абай көшелерi және Подстанция, Машдвор, Аэропорт тұрғындары.".

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"
Бөкей ордасы аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
____________ Ж.Ж.Еркегалиев
06.05.2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады