Бөкей ордасы ауданы бойынша 2019 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 142 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 тамызда № 5764 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 68 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 11.06.2020 № 68 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Бөкей ордасы ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының бір пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөкей ордасы ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бөкей ордасы ауданының ұйымдары жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыздық мөлшерінде, жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 9 тамыздағы № 142
қаулысына 1-қосымша

2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – насының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі

111

1%

1

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 9 тамыздағы № 142
қаулысына 2-қосымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөкей ордасы аудандық ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

64

2%

1

2

"Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы" Акционерлік қоғамын

53

2%

1

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 9 тамыздағы № 142
қаулысына 3-қосымша

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

"Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкейордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

30

2%

1

2

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

36

2%

1

3

Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

44

2%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады