Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 маусымда № 5733 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 13.08.2019 № 12 шешімімен (шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2019 жылғы 19 маусымдағы №7 хаттамасы негізінде, Жәнібек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жәнібек ауданының Тау ауылдық округі Тау ауылы аумағында жергілікті ауқымды техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Абдолов Жаксылык Каримуллинович тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Ж.К.Абдоловқа жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады