Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 172 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 5749 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 58 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 22.04.2020 № 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

      2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №33 "Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4708 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Хайруллинге жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 26 шілдедегі
№ 172 қаулысына
қосымша

Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

1

2

"М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесі

75

2

1

3

"Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесі

70

2

1

4

"Жәнібек аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

102

3

3

5

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

164

3

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады