Байланыс формасы

Бәйтерек ауданы бойынша 2019 жылға азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 290 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 5634 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық–атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13598 тіркелген) сәйкес, Бәйтерек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бәйтерек ауданы бойынша ұйымдық–құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін Бәйтерек ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бәйтерек ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін Бәйтерек ауданы бойынша ұйымдарда жұмыскерлердің жалпы тізімдік санынан екі пайыз мөлшерінде.

      2. Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 545 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының камқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген, 2016 жылдың 2 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      3. Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Турлыбековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 290
қаулысына 1 қосымша

2019 жылға ата – анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата – насының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Қасым Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

92

1

1

2

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

98

1

1

3

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Батурин жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

1

1

4

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Январцев жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

82

1

1

5

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Махамбет жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

113

1

1

6

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Рубежин жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

85

1

1

7

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Дарьинск жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік екемесі

102

1

1

8

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Щапов жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

72

1

1

9

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Зеленов жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

75

1

1

10

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Қасым Ахмиров атындағы жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

82

1

1

11

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Көшім жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

95

1

1

12

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Белес жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

86

1

1

13

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Мичурин жалпы орта білім беретін "мектеп-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

103

1

1

14

"Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Достық жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

131

1

1

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 290
қаулысына 2 қосымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

407

2

8

2

"АСФА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

154

2

3

3

Зеленов ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Коммунальник" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

120

2

2

4

"Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

138

2

3

5

"Уральская газотурбинная электростанция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

58

2

1

  Бәйтерек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі № 290
қаулысына 3 қосымша

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бәйтерек ауданының 2-ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

407

2

8

2

"АСФА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

154

2

3

3

Зеленов ауданы әкімдігінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Коммунальник" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

120

2

2

4

"Бәйтерек ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

138

2

3

5

"Уральская газотурбинная электростанция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

58

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады