Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі Тоғанас ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 5686 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің 14.02.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сырым ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 01-19/293 ұсынысы негізінде, Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі Тоғанас ауылы аумағында ірі қара малының арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Кажмуратов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады