Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 5548 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 14.04.2020 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылдың 14 желтоқсандағы № 01-24/951 ұсынысы негізінде, Ақжайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі Абай ауылының, "Расул", "Ақниет" шаруа қожалықтарының аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 16.01.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақжайық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.С.Туркеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылдық округі әкімінің 16.01.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады