Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі Сарман жайлауы аумағына карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 13 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 қарашада № 5856 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 19.12.2019 № 16 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 28 қазандағы №01-18/576 ұсынысы негізінде, Ақшат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округінің Сарман жайлауы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Б.Бокаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Сатыбалдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады