Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20006 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.06.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 119-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.06.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.06.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналар:

      1) "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 708 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12443 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 3 ақпандағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген

Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.06.2022 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 119-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органның операциялық жоспарын (бұдан әрі – операциялық жоспар) әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу тәртібі

      2. Даму жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік орган жыл сайын операциялық жоспар әзірлейді.

      3. Операциялық жоспар мемлекеттік органның ресурстар, жауапты орындаушылар және даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжатты білдіреді.

      4. Операциялық жоспар мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған даму жоспарында көзделген стратегиялық бағыттарға, макроиндикаторларға, мақсаттары мен нысаналы индикаторларына және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды қамтиды және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қоса алғанда, оның қызметінің бүкіл саласын қамтиды.

      5. Операциялық жоспар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде әзірленеді.

      6. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның даму жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.

      7. Операциялық жоспарды іске асыру операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру және талдау үшін операциялық жоспарға мониторинг жүргізу жүзеге асырылады.

      9. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізудің мақсаты мемлекеттік органның даму жоспарының стратегиялық бағыттарына, макроиндикаторларына, мақсаттары мен нысаналы индикаторларына тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін оның іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.

      10. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу:

      1) операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;

      2) операциялық жоспарды іске асыруда мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының іс-қимылдарының келісушілігін;

      3) мемлекеттік органның даму жоспарының жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін операциялық жоспарды уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

      11. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.

      12. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат мақсаттар мен нысаналы индикаторлар бөлінісінде орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар (орындалмау себептерін көрсете отырып) туралы ақпаратты қамтиды.

      13. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін беріледі.

      14. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің немесе ведомстволық бағынысты ұйымының басшысы ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.

      15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпараттың негізінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп дайындайды және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға ұсынады.

      16. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп операциялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, лауазымды тұлғалардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауы жөніндегі ұсынымдарды және операциялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

      17. Мониторинг жүргізудің нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар:

      мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыруға (өзге де іс-шараларды айқындауға);

      анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарады.

      18. Операциялық жоспарды мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша және мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, операциялық жоспар түзетілуге жатады.

  Операциялық жоспарды
әзірлеу, іске асыру, іске
асырылуы бойынша мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

_______________________________________ (мемлекеттік органның атауы) _____ жылға арналған операциялық жоспары

Мемлекеттік органның іс-шаралары

Р/с №

Атауы

Бюджеттік бағдарламаның коды

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

I. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар


1-стратегиялық бағыт


1-макроиндикатор






Іс-шаралар






2-макроиндикатор






Іс-шаралар






1.1-мақсаты


1-нысаналы индикатор






Іс-шаралар






n-нысаналы индикатор






Іс-шаралар






2-стратегиялық бағыт


1-макроиндикатор






Іс-шаралар






2-макроиндикатор






Іс-шаралар






2.1-мақсаты


1-нысаналы индикатор






Іс-шаралар






n-нысаналы индикатор






Іс-шара





II. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар







      Операциялық жоспарды әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы

      _________________________________________________________________________

                        (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)

  Операциялық жоспарды
әзірлеу, іске асыру, іске
асырылуы бойынша мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

(мемлекеттік органның атауы) ______________ жыл бойынша (есептік кезең) операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі

Мемлекеттік органның іс-шаралары

№ р/с

Атауы

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

Аяқталу нысаны

Іс-шаралардың нақты орындалуы

Орындалмау себептері

Ұсынымдар, оның ішінде операциялық жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар

1

2

3

4

5

6

7

8

I. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша іс-шаралар


1-стратегиялық бағыт


1-макроиндикатор








Іс-шаралар








2-макроиндикатор








Іс-шаралар








1.1-мақсаты


1-нысаналы индикатор








Іс-шаралар








n-нысаналы индикатор








Іс-шаралар








2-стратегиялық бағыт


1-макроиндикатор








Іс-шаралар








2-макроиндикатор








Іс-шаралар








2.1-мақсаты


1-нысаналы индикатор








Іс-шаралар








n-нысаналы индикатор








Іс-шаралар







II. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар









      Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты

      құрылымдық бөлімшенің басшысы

      _________________________________________________________________________

                        (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады