Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20011 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 6 ақпандағы
№ 43 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларындағы:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында тұтынушыларға электрмен жабдықтау жария шарттарына сәйкес сатады.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымды ауыстыру үшін тұтынушы жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш жібереді.

      Жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйым 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйымды және энергия беруші ұйымды келіп түскен өтініш туралы хабардар етеді.

      Тұтынушы өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде энергиямен жабдықтаушы жаңа ұйым бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкілдерімен және энергия беруші ұйымның өкілдерімен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері санағын жүргізеді және қабылдап - беру актісін жасайды, оған энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың өкілдері мен тұтынушы қол қояды. Осы қабылдау - беру актісі тараптардың өзара есеп айырысуы үшін негіз болады.

      Бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйым қабылдау - беру актісі жасалған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде түпкілікті есеп айырысу үшін тұтынушыға шот береді.

      Тұтынушы шоттарды өтеген сәттен бастап бұрынғы энергиямен жабдықтаушы ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті тиісті тұтынушының құжаттар пакетін жібереді.".

      2. "Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларындағы:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдар құрамында жоқ тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері;

      2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;

      3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      4) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;

      5) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);

      6) техникалық шарттардың көшірмесі;

      7) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №) – заңды тұлғалар ғана ұсынады.

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Электрмен жабдықтау объектілері кондоминиумдардың құрамында болатын тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесі, заңды тұлғалар ғана ұсынады;

      2) кондоминиум объектісін басқарушы орган немесе энергия беруші ұйым жасаған электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі;

      3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (жеке кәсіпкерлер үшін); жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

      4) ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға берілген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі (заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін);

      5) банктік деректемелер (банктің атауы, ағымдағы шоттың №), заңды тұлғалар ғана ұсынады;

      6) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі

      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым энергиямен жабдықтаушы ұйымға ұсынады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Объектінің иесі ауысқан кезде жаңа меншік иесі меншік құқығы тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде энергия беруші ұйымға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, осы Қағидалардың 4-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында немесе осы Қағидалардың 4-1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді.

      Энергия беруші ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде жаңа меншік иесіне тараптардың теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін шектеу актісін береді және жаңа меншік иесі таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін осы тармақта көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Бұрынғы меншік иесі тұтынылған электр энергиясы үшін есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша электрмен жабдықтау объектісінің иесі өзгерген күні түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді.

      Иесі өзгергенде, меншік иесі ауысқан жағдайда, бұрын берілген техникалық шарттар қайта ресімделмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар электрмен жабдықтауға қосылуға еркін нысандағы өтініш және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруге арналған өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы) негізінде беріледі.

      Белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары электр құрылғылары бар тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді. "Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілерге қосу жоспарланған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.";

      13 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасалған және қол қойылған тұтынушыны электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісі және жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

      Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

      Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі.

      Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды. ";

      15-тармақ алынып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда, энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама ұйымына жүгінеді. Сараптама ұйымы тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады.

      Тұтынушы энергетикалық сараптаманың техникалық шарттарда көрсетілген талаптарының дәйексіздігі туралы қорытындысы негізінде техникалық шарттар алу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға еркін нысанда өтінішті қайта береді.

      Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда, тұтынушы Қазақстан Республикасының белгіленген азаматтық заңнамасымен электр беруші (электр өндіруші) ұйымның әрекетіне шағым береді.";

      21 және 21-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру мынадай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі:

      1) құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға , техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) және осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында немесе осы Қағидалардың 4-1-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтаудың шартын акцептеу туралы өтінішті жібереді.жібереді

      2) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым:

      хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді;

      хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалауды жүргізеді, сондай-ақ электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісін береді;

      электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тұтынушы таңдаған энергиямен жабдықтаушы ұйымға осы Қағидалардың 4 немесе 4-1-тармақтарында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 6) тармақшаларында немесе 4-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым дайындайды.

      Осы Қағидаларда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

      Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылыс-монтаждау жұмыстарын және сынақтарды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиясы бар ұйымдар орындайды.

      21-1. Сыртқы қосылудың кемшіліктері және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылысты қараған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктер туралы акт береді.

      Анықталған кемшіліктер туралы актіде көрсетілген кемшіліктерді жойғаннан кейін құрылыс-монтаж ұйымы (мердігер) немесе тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы қайта (еркін нысанда) хабарлама жібереді.

      Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қайта өтініш алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде сыртқы қосылуды қарауды жүргізеді және осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес тұтынушының электр қондырғыларын қосуды жүргізеді және қайта тексерілгеннен кейін ескертулер жойылмаған жағдайда, келесі тексеру 1 (бір) ай өткеннен кейін жүргізілетінін жазбаша түрде хабардар етеді.

      Сыртқы қосылуды қайта қарау кезінде сыртқы қосылуды бастапқы тексеру кезінде көрсетілмеген ескертулер беруге жол берілмейді.

      Қайта тексергеннен кейін кемшіліктер жойылмаған жағдайда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сыртқы қосылуды қарап тексеруді жүргізбейді және техникалық шарттардың орындалуы және соңғы тексеру күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарламаны (еркін нысанда) қабылдамайды.";

      23-тармақ алынып тасталсын;

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімде электр желісінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және Тұтынушының келісімі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мынадай жағдайларда:

      1) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өтінімі бойынша электрмен жабдықтау шартында белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем жүргізілмегенде, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда;

      2) электрмен жабдықтау шартында белгіленген электрді тұтыну режимі бұзылғанда;

      3) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның осы Қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы талабы белгіленген мерзімде орындалмағанда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатады.

      Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (шектеуге) дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын мерзімде тұтынушыны (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланатын тұтынушыны - кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын) жазбаша ескерте отырып (хабарлама беру жолымен) немесе тұтынушыларға тұтынушының шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) хабарлама жіберу арқылы электр энергиясын жеткізуді тоқтатуға (шектеуге) өтінімді энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жібереді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Электрмен жабдықтау шартының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес Тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысуды энергиямен жабдықтаушы ұйым қағаз тасығышта жазып берген төлем құжаты бойынша (оның ішінде бірыңғай төлем құжатының құрамында) не "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректердің құпиялылығын қорғауды сақтай отырып, энергиямен жабдықтаушы ұйымның немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымының интернет-ресурсында орналастыру құралдары бойынша электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптары немесе тұтынудың өзге де есептеу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізеді.

      Төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурс, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы жеткізеді.

      Төлем құжатын тек интернет-ресурс арқылы немесе шарт акцептінде Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, бірыңғай есеп айырысу ұйымына алуға жол беріледі.";

      62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      63. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым жарты жылда 1 (бір) рет коммерциялық есепке алу аспабының көрсеткіштерін алу кезінде оны көзбен шолып қарауды жүргізеді. Еркін нысанда коммерциялық есепке алуды тексеру туралы актіні жасайды, оған құқығы бар ұйымның алғашқы немесе мерзімдік тексеруі туралы пломбының (таңбасының) немесе пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын, КЕҚ әйнегі мен корпусының тұтастығын, энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым бұрын белгілеген орындарда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның пломбалау құрылғысының болуын немесе болмауын белгілейді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым мына бұзушылықтар болғанда, тұтынушыға еркін нысанда бұзушылық туралы акт толтырады, оны ажыратады және қайта есептеу жүргізеді:

      1) энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне өздігінен қосылуы;

      2) электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабынан (бұдан әрі – КЕҚ) басқа электр энергиясының қабылдағыштарын қосу;

      3) КЕҚ, ток пен кернеу трансформаторларын қосу схемасының өзгеруі;

      4) КЕҚ дискісінің жасанды тежелуі;

      5) КЕҚ көрсеткішін бұрмалайтын құрылғыларды орнату.

      Қайта есептеу техникалық шарттарға сәйкес рұқсат етілген электр қуаты бойынша, ал техникалық шарттар болмаған жағдайда, тәулігіне 24 сағатты пайдалануды есепке алып, қосу коммутациялық аппаратының қуаты бойынша жүргізіледі.

      Қайта есептеу кезеңі КЕҚ соңғы рет ауыстыру немесе оны қосу схемасының соңғы аспаптық тексеру күнінен бастап бүкіл уақыт ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде анықталады.

      Қайта есептеуге сәйкес есепке толық алынбаған немесе мүлде алынбаған электр энергиясының көлемі энергиямен жабдықтаушы ұйымның таратқан электр энергиясы көлеміне қосылады және тұтынушыға ағымдағы есептік кезеңде қолданылатын жіберу тарифі бойынша төлеуге ұсынылады.

      Тұтынушы электрлік желіге схемадағы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарындағы бұзушылықтар жойылғаннан кейін және қайта есептеу төлемі мен қосылу үшін төлем өтелгеннен кейін қосылады.

      Тұтынушының энергия беруші және энергиямен өндіруші ұйымның электр желілеріне өздігінен қосылғаны анықталса, акт жасалып, жеке меншіктілік құқығын иеленген сәттен бастап, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде нақты қосылған жүктеме бойынша пайдаланған электр энергиясының көлеміне қайта есептеу жүргізіледі.

      Тұтынушы электр желісіне электр энергиясының схемасы мен есепке алу құралдарындағы бұзушылықтарын жойғаннан, қайта есептеу және электрмен жабдықтау шартын жасасу немесе электрмен жабдықтау шартына толықтырулар енгізу сомасы мен қосу сомасы өтелгеннен кейін қосылады.

      Тұтынушы қайта есептеу төлемін мерзімде өтемеген, сондай-ақ толық өтемеген жағдайда немесе төлем өтеуден бас тартқан жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым, ал энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шарты болмағанда, энергия беруші ұйым материалдарды сотқа тапсырады.".

      1 және 2-қосымшалар алынып тасталсын;

      Тізбесіне 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      3. "Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15978 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартында:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      7-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

      Осы Шарттың акцептінде тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда, төлем құжаттарын және қарыздардың болуы туралы хабарламаларды интернет-ресурс немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы ғана алуға жол беріледі.

      7-3. Электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан тыс орнатқан жағдайда, электр желісінің теңгерімдік тиесілік шекарасынан электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарын орнатқан жерге дейінгі учаскедегі электр энергиясының шығындары шарт негізінде теңгерімінде желінің көрсетілген учаскесі тұрған иегердің меншігіне жатқызылады және Тұтынушының келісімі бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның есептік жолымен анықталады.

      7-4. Тұтынушылар кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Тұтынушы:

      1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;

      2) электр энергиясын оған қажетті мөлшерде пайдалануға;

      3) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге;

      4) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;

      5) тұтынылған электр энергиясы үшін оны тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер бойынша ақы төлеуді жүргізуге;

      6) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      7) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;

      8) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.";

      10-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) төлем болмаған, сондай-ақ шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін толық төленбеген жағдайда кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тұтынушының шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен тұтынушыны хабардар ете отырып, электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Сатушы:

      1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;

      2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

      3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен электр энергиясы үшін төлемегені немесе толық төлемегені үшін электр энергиясын беруді тоқтата тұрғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;

      4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру жолымен, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;

      5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;

      6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;

      7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарлы тоқтатылғаны туралы тұтынушыны ажыратқанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей хабардар етуге;

      8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі.

      Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.";

      9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Тараптар деректемелері

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартында:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуы бойынша алты айдан аспайтындай мерзім ішінде есепке алады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Егер тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      10-2. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

      Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда интернет-ресурс арқылы ғана алуға жол беріледі.

      10-3. Тұтынушылар кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) туралы хабарлама алады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Тұтынушы:

      1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;

      2) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге;

      3) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;

      4) тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеуді сараланған тариф бойынша жүргізуге;

      5) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      6) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;

      7) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Тұтынушы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарттың акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен Тұтынушыны ескерте отырып:

      шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;

      шартта белгіленген электр тұтыну режимі бұзылған жағдайларда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Сатушы:

      1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын беруге;

      2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

      3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен төлемегені үшін электр энергиясын беру тоқтатыла тұрғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;

      4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;

      5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге;

      Бұл ретте Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;

      6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;

      7) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарланған тоқтатылғаны туралы тұтынушыны ажыратқанға дейін 3 (үш) күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етуге;

      8) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге міндетті.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған және бір жыл мерзімге жарамды болып есептеледі.

      Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.";

      9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Тараптар деректемелері

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шартында:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) коммерциялық есепке алу аспабы – электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды Сатушының немесе энергия беруші ұйымның өкілдері сағат 21-00-ден кешіктірмей жүргізеді. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде көрсеткіштерді қашықтықтан алуға кез келген уақытта жол беріледі.

      Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алу кезінде Тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі. Көрсеткіштерді алу және төлем құжаттарын төлеу кезінде Тұтынушы жіберген қателерді Сатушы және (немесе) энергия беруші ұйым олардың анықталуына қарай есепке алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны қосуды энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының бұзушылықтарды жоюды және қосу үшін қызметке ақы төлеуді растайтын құжаттары қоса берілген өтінішін бергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Тұтынушылар төлем құжаттарын пошта байланысы, интернет-ресурсы арқылы, энергиямен жабдықтаушы ұйымның персоналы немесе бірыңғай есеп айырысу ұйымы арқылы алады.

      Тұтынушының жазбаша келісімі болған жағдайда интернет-ресурс арқылы ғана алуға жол беріледі.

      9-2. Тұтынушылар кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын шарт акцептінде көрсетілген тәсілдермен (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабарлама, мультимедиялық хабарлама, қолданыстағы мессенджерлермен) электр энергиясын жеткізуді тоқтату (шектеу) хабарлама алады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тұтынушы:

      1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын алуға;

      2) жасалған шарттың талаптарына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын жеткіліксіз жеткізуден немесе сапасыз жеткізуден келтірілген нақты залалды өтеуді талап етуге;

      3) шарт жасасуға және оны орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге;

      4) тұтынылған электр энергиясы үшін сараланған тариф бойынша ақы төлеуді жүргізуге;

      5) Сатушыны күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын хабардар ету және тұтынылған электр энергиясы үшін толық ақы төлеу талабымен Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      6) тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша есептеулерді егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, төлем құжатын Сатушыдан талап етуге;

      7) қызмет көрсетуші энергиямен жабдықтаушы ұйымды жаңа энергиямен жабдықтаушы ұйымға ауыстыруға құқылы.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Тұтынушы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кем емес тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) көрсетілген тәсілдермен Тұтынушыны ескерте отырып:

      шартта белгіленген мерзімде электр энергиясы үшін төлем болмаған, сондай-ақ толық төленбеген;

      шартта белгіленген электр тұтыну режимі бұзылған жағдайларда электр энергиясын беруді толық немесе ішінара тоқтатуға;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Сатушы:

      1) жасалған шартқа сәйкес электр энергиясын беруге;

      2) Тұтынушыға келтірілген нақты залалды толық көлемде өтеуге;

      3) Тұтынушыға хабарлама жіберу фактісін растауға мүмкіндік беретін шарт акцептінде (электрондық поштамен, факспен, пошта жөнелтілімімен, қысқа мәтіндік хабарламамен, мультимедиялық хабарламамен, қолданыстағы мессенджерлерді пайдаланғаны үшін) көрсетілген тәсілдермен төлемегені үшін электр энергиясын беру тоқтатыла тұрғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Тұтынушыны хабардар етуге;

      4) Тұтынушыны электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифтері, олардың өзгеруі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ төлем құжаттарындағы осы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып хабардар етуге;

      5) Тұтынушыдан өзіне берілген электр энергиясы үшін өз кассалары арқылы, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ Тұтынушыдан өзіне берілетін электр энергиясы үшін интернет-ресурстар немесе терминалдар, төлем агенттері, төлем ұйымдары сияқты қосымша көздер арқылы төлемдер қабылдауға жол беріледі;

      6) тұтынылған электр энергиясы үшін төлем құжатын Тұтынушыға ай сайын ұсынуға;

      7) табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісілген тарифтер бойынша электр энергиясын беруге;

      8) энергия беруші ұйымдар тарапынан жабдықты жөндеу және жаңа тұтынушыларды қосу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізуге байланысты электр энергиясын берудің жоспарланған тоқтатылғаны туралы Тұтынушыны ажыратқанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шарт Тұтынушы қосылған желіге нақты қосылған сәттен бастап жасалған болып есептеледі және ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жарамды болып есептеледі.

      Тараптардың бірінің мерзімнің аяқталуы туралы Шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған кезде, ол белгіленбеген мерзімге және оны жасасу кезінде Шартта көзделген талаптарда ұзартылған болып есептеледі.";

      9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Тараптар деректемелері деректемелері

Сатушы

Тұтынушы

_________________________

______________________

_________________________

______________________

_________________________

______________________

      ".

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Электр энергиясын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Кондоминиум құрамындағы тұтынушыларға арналған электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату №_____ АКТІСІ

      "___" ________ 20___ж.

      Бұдан әрі "кондоминиум басқару органы/энергия беруші ұйым" деп

      аталатын ________________________________________ атынан

      ________________________________________ негізінде әрекет ететін

      ______________________________________ бір тараптан, және бұдан әрі

      "Тұтынушы" деп аталатын _____________________________ атынан

      _____________________________________ негізінде әрекет ететін

      ______________________ екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Актіні жасады:

      _________________ мекенжайы бойынша орналасқан _________________

      __________________объектіні электрмен жабдықтауға Актіні жасау күніне

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      орындалды.

      Пайдалануға рұқсат етілген қуат _____ кВт.

      Бөлудің шекаралары мыналармен белгіленеді:

      1. Теңгерімдік тиесілігі бойынша

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      2. Пайдалану жауапкершілігі бойынша

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Электр қондырғыны электрмен жабдықтаудың бір сызықты схемасы



      ЕСКЕРТПЕ:

      1. Схемадағы бөлу шекаралары: теңгерімдік тиесілігі – қызыл, пайдалану жауапкершілігі – көк сызықпен белгіленеді.

      2. Қосылған қуаттар, сыртқы электрмен жабдықтау схемалары, электрмен жабдықтау сенімділігі санаты, теңгерімдік тиесілік шекаралары және пайдалану жауапкершілігі өзгерген кезде Акт ауыстырылуға жатады.

      3. Электр қондырғыны электрмен жабдықтау схемасында есептеу аспаптарын орнату орындары, күштік трансформаторлардың, ток пен кернеудің өлшеу трансформаторларының, электр беру желілерінің параметрлері көрсетіледі.

      4. Тұтынушыға диспетчермен, кондоминиум басқару органының/энергия беруші ұйымның келісімінсіз сыртқы электрмен жабдықтау схемасын өз бетімен өзгертуге жол берілмейді.

      3. Тұтынушыға энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның келісімінсіз өзінің электр қондырғыларына бөгде тұтынушыларды қосуға жол берілмейді.

      Кондоминиумды басқару органының немесе энергия беруші ұйымның өкілі

      __________________________________________________________________

      Тұтынушының өкілі

      __________________________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Электр энергиясын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Электрмен жабдықтау шартының акцепті туралы өтініш

      Кімге: _________________________________________________________

      (тұтынушы желілеріне қосылатын энергия беруші немесе энергия өндіруші

      ұйымның атауы)

      Кімнен: ________________________________________________________

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4 немесе 4-1-тармақтарына сәйкес (энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы) құжаттарды беруге келісім беремін.

      Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

      Сондай-ақ

      __________ қысқа мәтіндік хабар ұялы телефон нөміріне;

      __________ мультимедиалық хабар ұялы телефон нөміріне;

      __________ қолданыстағы мессенджерлерді пайдаланатын ұялы телефон нөміріне;

      __________ электрондық поштаға;

      __________ пошта мекенжайына жіберу арқылы электр энергиясын тоқтату туралы (электрондық пошта, факс, пошта жөнелтілімі, қысқа мәтіндік хабар, мультимедиалық хабар, қолданыстағы мессенджерлерді пайдалану) хабарлама алуға келіскенімді хабарлаймын.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Қолы

      Күні

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Электр энергиясын
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруге арналған өтінішке сауалнама парағы

Тапсырыс беруші


Объектінің атауы


Нормалар бойынша құрылыс мерзімі


Объектіге құқық белгілейтін құжаттар (реконструкция)


Қабаттылығы


Ғимараттың ауданы


Пәтерлер (нөмірлер, кабинеттер) саны



Электрмен жабдықтау
құрылыс кезінде кезек бойынша қосымша
реконструк-ция кезінде

Талап етілетін қуат, кВт


Жүктеме сипаты (фаза)

Бір фазалы, үш фазалы, тұрақты, уақытша, маусымдық

Сенімділік бойынша санат

І санат ___ кВт (кВА),
ІІ санат ___ кВт (кВА),
ІІІ санат ___ кВт (кВА)

Жылдар бойынша пайдалануға берілгеннен кейінгі максималды жүктеме (қолданыстағы жүктемені ескере отырып, өсу қорытындысымен)


20__ ж.____ кВт,
20__ ж.____ кВт,
20__ ж.____ кВт

көрсетілген максималды жүктемелерден электр қабылдағыштарға жатады:


І санат ___ кВт (кВА),
ІІ санат___ кВт (кВА),
ІІІ санат ___ кВт (кВА)

Электр қазандықтарды, электркалориферлерді,
электр плиталарды, электр пештерді,
электр қыздырғыштарды орнату болжанып отыр (қажеттінің астын сызу)

бірлік қуатының ___ дана мөлшерінде,_____ кВт (кВА)

Қолданыстағы максималды жүктеме


Шарт бойынша трансформаторлардың рұқсат етілген қуаты

№ ____________ ТҚС-да
_________________ кВА
№ ____________ ТҚС-да
_________________ кВА

      Сауалнама парағына Ахуалдық жоспар мен өз бетінше немесе сараптама ұйымын тарту арқылы орындалған, мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесі қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Электр энергиясын
пайдалану қағидаларына
4-қосымша

"Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасының" мазмұны

      1) қолданыстағы электрмен жабдықтаудың жай-күйін шолу және 3(5)-10 жылға даму перспективасы;

      2) тұтынушылардың электр жүктемелері және оның өтеу көздері;

      3) қуат және электр энергиясы балансы (қазіргі жай-күйі және 3(5)-10 жылға арналған перспективасы);

      4) сыртқы электрмен жабдықтау схемасының нұсқалары;

      5) ұсынылған сыртқы электр жабдықтау схемасының негіздемесі;

      6) қарастырылып жатқан ауданның іргелес электр желілерімен электр режимдерінің есептері (қалыпты, авариядан кейінгі режимдер);

      7) жабдықты таңдау үшін қысқа тұйықталу токтары деңгейлерінің есептеуі;

      8) релелік қорғаныс пен автоматика, аварияға қарсы автоматиканы орындау қағидаттары;

      9) диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру қағидаттары;

      10) электр энергиясын есепке алу;

      11) энергия үнемдеу бойынша жоспарланатын іс-шаралар;

      12) электр желілік құрылыстың көлемі, құрылыс құнын ұлғайтып есептеу;

      13) қорытындылар;

      14) сызбалар: қағидатты схемалар, карта-схемалар немесе ахуалдық жоспар, электрлік режимдер есептерінің нәтижелері, диспетчерлік және технологиялық басқаруды ұйымдастыру схемалары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады