"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 20015 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      11- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сотталғандарды жасақтар (бөлімшелер) және камералар бойынша бөлу туралы шешімді олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, олардың еңбекке тартылуын, жалпы және кәсіптік білім беру жүйесінде оқуын ескере отырып, мекеме бастығы басқаратын мекеме комиссиясы қабылдайды. Комиссияның құрамына мекеме бастығының орынбасарлары, күзет, жедел, режим, тәрбие, арнайы, медициналық, психологиялық, өндірістік қызметтердің өкілдері кіреді. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде комиссия құрамына, бұдан басқа, жалпы білім беретін мектептің және өндірістік-техникалық училищенің қызметкерлері кіреді. Комиссия талқылауының нәтижесі бойынша мекеме бастығының бұйрығы шығарылады.

      Террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды қоспағанда күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар бөлек ұсталады.";

      147- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Камералық ұстау мекемесіне келген сотталғандарды кезекші немесе оның орынбасары жедел бөлініс қызметкерінің және психологтың келісімі бойынша карантин бөлімшесінің камераларына орналастырады. Карантинде болудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін сотталғандарды мекеме комиссиясы камералар бойынша бөледі. Бірге қылмыс жасаған, сондай-ақ туыстық байланыстары бар сотталғандар жеке (бөлек корпустарға) орналастырылады. Мекеме әкімшілігі олардың арасында байланыстарды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.

      Террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталғандарды қоспағанда күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар бөлек ұсталады."

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады