"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 ақпанда № 20037 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 138 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, олар:

      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;

      2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыс;

      3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

      4) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс;

      5) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін табыс;

      6) бағалы қағаздардан түсетін табыс;

      7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған табыс;

      8) алынған сәтінен бастап алғашқы алты айды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде алынған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған кредитті (микрокредитті) және өтеусіз грантты пайдаланудан түскен табыс;

      9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;

      10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;

      11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс;

      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі табыс;

      13) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған табыс.";

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

      1) атаулы әлеуметтік көмек;

      2) тұрғын үй көмегі;

      3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

      4) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

      6) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;

      8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік (мектептер, колледждер), білім беру ұйымдарының студенттеріне төленетін мемлекеттік стипендия;

      10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

      11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;

      13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;

      14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;

      15) қайырымдылық көмек;

      16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

      17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

      18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:

      дәрілік препараттар;

      санаторлық-курорттық емдеу;

      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

      мүгедектерге бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;

      жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаған отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес студенттер мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына ұсынылатын материалдық көмек;

      табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмек;

      20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер;

      21) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;

      22) "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;

      23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады