"Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 ақпанда № 20038 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық істен шығу туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12671 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу себ-порталын пайдалану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты Жүйенің (Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті) уақыты бойынша тіркеледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жүйе инциденттерінің (техникалық іркілістерінің) сыныптамасы";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Техникалық іркілістің туындауы туралы ақпарат көздері";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану кезінде техникалық іркілістер туындаған жағдайда пайдаланушылардың, оператордың және оператор мамандарының іс-әрекеті";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) техникалық іркіліс анықталған күнді және уақытты Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, сондай-ақ байланыс деректерін көрсете отырып және растаушы материалдары қоса бере отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық почта арқылы бір сағаттан кешіктірмей байланыс орталығын хабардар етеді.

      Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық почта бойынша жіберу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей байланыс орталығын хабардар етеді.

      2) оператор маманы жүйе жұмысында немесе конфигурациясында стандартты жұмыс істеуге сәйкес келмейтін өзгерістерді тапқан жағдайда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алу веб-порталында техникалық іркілістер туындауы туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістің туындаған күні мен уақытын тіркейді.

      Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды (телефон, электрондық почта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) қамтамасыз етеді:

      жұмыс күндері – Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс уақытында;

      Бұл ретте осы Қағидалардың 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларға жұмсалатын уақытты қоспағанда, веб-портал пайдалану үшін тәулік бойы қол жетімді.

      7. Оператордың байланыс орталығы пайдаланушылардың және оператор мамандарының өтініштерін Есепке алу журналына Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында отыз минут ішінде тіркейді.

      Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық почта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны түскі үзілістен кейін отыз минут ішінде тіркейді.

      Егер техникалық іркіліс туралы пайдаланушының өтініші Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыстан тыс уақытта электрондық почта бойынша түскен жағдайда, оператор хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.

      Байланыс орталығының операторы есепке алу журналын пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде оператор Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытының екі сағаты ішінде ұсынылған материалдарға (экран түсірілімдері мен өзге де ұсынылған электрондық құжаттарға) талдау жүргізеді, қажет болған жағдайда Жүйенің техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында техникалық іркіліске әкеп соғатын пайдаланушының әрекетін қайталайды (имитациялайды).";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық іркілістері расталған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының және оператор әрекетінің тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Оператордың жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуі кезінде мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Техникалық іркіліс туындаған жағдайда веб-портал жұмысының мәселелері бойынша оператордың Жұмыс тобымен өзара іс-қимыл тәртібі".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады