Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 6 наурызда № 20095 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі" Қазақстан Республикасы заңының 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлігіне, 17-1-бабының 9-тармағы бірінші бөлігінің алтыншы абзацына және 34-бабының 5-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 21-бабы 4-тармағының бірінші бөлігіне және 26-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 47-бабы 2-тармағының бірінші бөлігіне және 72-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 8-бабы 1-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.02.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың мынадай тізбесі белгіленсін:

      1) Америка Құрама Штаттары (тек Американдық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтарының бөлігінде ғана);

      2) Андорра Князьдігі;

      3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      4) Багам аралдары Достастығы;

      5) Барбадос мемлекеті;

      6) Белиз мемлекеті;

      7) Бруней Даруссалам мемлекеті;

      8) Біріккен Танзания Республикасы;

      9) Вануату Республикасы;

      10) Гватемала Республикасы;

      11) Гренада мемлекеті;

      12) Джибути Республикасы;

      13) Доминика Достастығы;

      14) Доминикан Республикасы;

      15) Жаңа Зеландия (тек Кука және Ниуэ аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      16) Испания (тек Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      17) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      18) Кооперативтік Гайана Республикасы;

      19) Коста-Рика Республикасы;

      20) Қытай Халық Республикасы (тек Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданның аумақтары бөлігінде ғана);

      21) Либерия Республикасы;

      22) Ливан Республикасы;

      23) Лихтенштейн Князьдігі;

      24) Мавритания Ислам Республикасы;

      25) Малайзия (тек Лабуан анклава аумағының бөлігінде ғана);

      26) Мальдив Республикасы;

      27) Мальта Республикасы;

      28) Мариан аралдары;

      29) Маршалл аралдары Республикасы;

      30) Марокко корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      31) Мьянма Одағы;

      32) Науру Республикасы;

      33) Нигерия Федеративтік Республикасы;

      34) Нидерланд (тек Аруба аралының аумағындағы және Антил аралдарының тәуелді аумақтар бөлігінде ғана);

      35) Палау Республикасы;

      36) Панама Республикасы;

      37) Португалия (тек Мадейра аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      38) Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      39) Сейшель аралдары Республикасы;

      40) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      41) Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      42) Сент-Люсия мемлекеті;

      43) Суринам Республикасы;

      44) Тонга Корольдігі;

      45) Тринидад және Тобаго Республикалары;

      46) Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі (тек мынадай аумақтар бөлігінде ғана):

      Ангилья аралдары;

      Бермуд аралдары;

      Британдық Виргин аралдары;

      Гибралтар;

      Кайман аралдары;

      Монтсеррат аралы;

      Норманд аралдары (Сарк, Олдерни аралдары);

      Оңтүстік Георгия аралы;

      Оңтүстік Сандвич аралдары;

      Теркс және Кайкос аралдары;

      Чагос аралы;

      47) Фиджи Тәуелсіз Демократиялық Республикасы;

      48) Филиппин Республикасы;

      49) Француз Республикасы (мынадай аумақтары бөлігінде ғана):

      Кергелен аралдары;

      Француздық Гвиана;

      Француздық Полинезия;

      50) Черногория Республикасы;

      51) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      52) Ямайка.

      2. Осы қаулының мақсаттары үшін, осы қаулының 1-тармағында айқындалған, офшорлық аймақтар деп жеңілдікпен салық режимін ұсынатын және (немесе) қаржылық операцияларды жүргізу барысында ақпаратты ашуды және ұсынуды көздемейтін мемлекеттер мен аумақтар түсініледі.

      3. Мыналардың:

      1) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 болып тіркелген);

      2) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 65 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5658 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 мамырда "Заң газеті" газетінде № 80 (1503) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады