Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № ҚР ДСМ-14/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 наурызда № 20098 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15760 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында операциялық, таңып-байлау, емшара, манипуляциялық, босандыру, стоматологиялық кабинеттер, науқастарға арналған қабылдау және палаталық бөлімшелер орналастырылмайды.

      Ғимараттардың цоколдық және жертөле қабаттарында қалпына келтіру емінің үй-жайлары мен кабинеттерін (емдік дене шынықтыру залдары, емдік бассейндер, сумен емдеу үй-жайлары, массаж кабинеттері), сондай-ақ табиғи жарықтандыру ұйымдастырылған жағдайда электр-жарықпен емдеу кабинеттерін орналастыруға жол беріледі.";

      23-тармақ алынып тасталсын;

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Желдеткіш жүйесінің жабдығы сыртқа тарту және сору жүйелері үшін бөлек үй-жайларда орналастырылады.

      Шу мен дірілді оқшаулау жөніндегі іс-шаралар орындалған жағдайда жұмыс кабинеттерін, операциялық бөлімдерді, палаталарды, адамдар үнемі болатын үй-жайларды желдеткіш жүйесінің техникалық үй-жайларына тігінен және көлденеңінен жапсарлас орналастыруға жол беріледі.";

      48-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 148-1, 148-2, 148-3 және 148-4 тармақтармен толықтырылсын:

      "148-1. Гемодиализ бөлімшесіндегі тазартылған су стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      148-2. Эпидемиялық тұрғыдан гемодиализге арналған судың қауіпсіздігі оның осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада белгіленген микробиологиялық көрсеткіштер және эндотоксиннің болуы бойынша талаптарға сәйкес келуі арқылы айқындалады. Гемодиализге арналған судың физикалық-химиялық көрсеткіштері осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      148-3. Гемодиализге арналған су өндірістік бақылау жүргізу шеңберінде тоқсанына 1 рет, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілеріне ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кезінде зерттеледі.

      148-4. Гемодиализге арналған судың сапасын өндірістік бақылауды гемодиализ жабдығын пайдалануды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға жүзеге асырады.

      Судың сапасы тоған орындарында, су тазарту жүйесінен өткеннен кейін және гемодиализ аппаратына түсу алдында бақыланады.";

      197-тармақ алынып тасталсын;

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-14/2020 бұйрығына
1-қосымша
  "Денсаулық сақтау
объектілеріне қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
6-қосымша

Гемодиализге арналған судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі

Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің мәні

Сынау әдісі

Жалпы микробтық сан, КОЭ/см3, кем

100

ГОСТ 31942 бойынша

Орташа микробтық сан, КОЭ/см3, кем

50

ISO 13959-2014 бойынша

Эндотоксиндер құрамы, ЕЭ/см3, кем

0,25

5.2 бойынша

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ ҚР ДСМ-14/2020 бұйрығына
2-қосымша
  "Денсаулық сақтау
объектілеріне қойылатын
санитариялық-
эпидемиологиялық
талаптар" санитариялық
қағидаларына
7-қосымша

Гемодиализге арналған судың физикалық-химиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Көрсеткіштің мәні

Сынау әдісі

Меншікті электр өткізгіші, мкСм/cм, артық емес

5,0

ГОСТ 6709 бойынша

Алюминийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0100

ГОСТ 31870 бойынша

Сүрменің массалық шоғырлануы, мг/дм, артық емес

0,0060

ГОСТ 31870 бойынша

Күшәннің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0050

ГОСТ 31870 бойынша

Барийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 бойынша

Бериллийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0004

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18294 бойынша

Кадмийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0010

ГОСТ 31870 бойынша

Кальцийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,0

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 23268.5 бойынша

Хлораминнің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 18190 бойынша

Хромның массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0140

ГОСТ 31870 бойынша

Жездің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 4388 бойынша

Цианидтердің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0200

ГОСТ 4386 бойынша

Фторидтердің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,2000

ГОСТ 4386 бойынша

Бос қалдықты хлордың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,5000

ГОСТ 18190 бойынша

Қорғасынның массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0050

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18293 бойынша

Магнийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,0

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 23268.5 бойынша

Сынаптың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0002

ГОСТ 31950 бойынша

Нитраттардың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,000

ГОСТ 33045 бойынша

Калийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

2,0

ГОСТ 23268.7 немесе ГОСТ 31870 бойынша

Селеннің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0900

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 19413 бойынша

Күмістің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,0050

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18293 бойынша

Натрийдің массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

50

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 23268.6 бойынша

Сульфаттардың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

100

ГОСТ 4389 бойынша

Қалайының массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 бойынша

Мырыштың массалық шоғырлануы, мг/см, артық емес

0,1000

ГОСТ 31870 немесе ГОСТ 18293 бойынша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады