"Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 85/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20109 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 368/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.10.2022 № 368/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13339 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл қағидаларында":

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет – осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, сервистік бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Орталық мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат беруге жауапты тұлғаны тағайындайды және осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Оқыту аяқталғаннан кейін Бірыңғай байланыс орталығының және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік органдардың немесе қызмет берушінің уәкілетті өкілдері қол қоятын Бірыңғай байланыс орталығымен консультация беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жауапты тұлға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен берілген ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен орталық мемлекеттік орган және қызметті беруші жауапты тұлғаларды ауыстырған жағдайда бес жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына ерікті нысанда тиісті ескерту жібереді және жауапты тұлғалар туралы жаңа мәліметтерді ұсынады.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 наурыздағы
№ 85/НҚ бұйрығына
1-қосымша
  Бірыңғай байланыс
орталығының орталық
мемлекеттік органдармен,
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарымен, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердің,
ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдерімен,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл
қағидаларына
1-қосымша
  Форма

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түралы ақпарат

№ р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тізілімдегі №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер (оның деректемелерін көрсете отырып)

Нормативтік құқықтық актілердің өзгерістері туралы мәлімет

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат орналасқан интернет-ресурс

Жауапты тұлғаның және көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы

Мемлекеттік органның жауапты тұлғасының және көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8









      Жауапты орындаушының Т.А.Ә.

      Күні: 20__жылғы " __"________

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 5 наурыздағы
№ 85/НҚ бұйрығына
2-қосымша
  Бірыңғай байланыс
орталығының орталық
мемлекеттік органдармен,
облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарымен, қаладағы
аудандардың, аудандық маңызы
бар қалалардың, кенттердің,
ауылдардың, ауылдық
округтердің әкімдерімен,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл
қағидаларына
2-қосымша
  Форма

Есеп

№ р/с

Шағымның және өтініштің келіп түскен күні мен уақыты

Форумға жауапты тұлғаның Т.А.Ә.

Өңір

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініш сипаты

Шағымның және өтініштің мазмұны

Қолданған шаралар, сұраным №

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің бұзылуы

Қызметкерлердің іс-әрекеті (әрекетсіздігі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9











О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 81 "Об утверждении Правил взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 5 марта 2020 года № 85/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 марта 2020 года № 20109. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 4 октября 2022 года № 368/НҚ.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 04.10.2022 № 368/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 81 "Об утверждении Правил взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13339, опубликован 29 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах взаимодействия Единого контакт-центра с центральными государственными органами, местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, районов, городов областного значения, акимами районов в городе, городов районного значения, поселков, сел, сельских округов, а также услугодателями, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "1) информационно-коммуникационная услуга – услуга или совокупность услуг по имущественному найму (аренде) и (или) размещению вычислительных ресурсов, предоставлению программного обеспечения, программных продуктов, сервисных программных продуктов и технических средств в пользование, включая услуги связи, посредством которых обеспечивается функционирование данных услуг;";

      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "5) государственная услуга – одна из форм реализации отдельных государственных функций, осуществляемых в индивидуальном порядке по обращению или без обращения услугополучателей и направленных на реализацию их прав, свобод и законных интересов, предоставление им соответствующих материальных или нематериальных благ;";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Центральный государственный орган, после утверждения подзаконного нормативного правового акта, определяющего порядок оказания государственной услуги, в течение трех рабочих дней назначает ответственное лицо за представление информации о государственной услуге и направляют в Единый контакт-центр информацию по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. По окончании обучения составляется протокол принятия Единым контакт-центром государственной услуги для консультирования (далее – протокол), подписываемый уполномоченными представителями Единого контакт-центра и центрального государственного органа, утвердившего подзаконный нормативный правовой акт, определяющий порядок оказания государственной услуги, либо услугодателя.

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. В случаях внесения изменений и дополнений в подзаконный нормативный правовой акт, определяющий порядок оказания государственной услуги, ответственное лицо центрального государственного органа актуализирует представленную информацию в рабочем порядке в течение пяти рабочих дней с даты внесения изменений и дополнений и направляет в Единый контакт-центр.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. В случаях замены ответственных лиц центральный государственный орган, утвердивший подзаконный нормативный правовой акт, определяющий порядок оказания государственной услуги, и услугодатели в течение пяти рабочих дней направляют в Единый контакт-центр соответствующее уведомление в произвольной форме и представляют новые сведения об ответственных лицах.";

      приложения 1 и 2 изложить в новой редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
А. Жумагалиев

  Приложение 1 к приказу
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 5 марта 2020 года № 85/НҚ
  Приложение 1 к Правилам
взаимодействия Единого контакт-центра
с центральными государственными органами,
местными исполнительными
органами областей, городов
республиканского значения,
столицы, районов, городов
областного значения, акимами
районов в городе, городов
районного значения, поселков,
сел, сельских округов, а также услугодателями
  Форма

Информация о государственной услуге

№ п/п

№ государственной услуги в реестре

Наименование государственной услуги

Подзаконный нормативный правовой акт, определяющий порядок оказания государственной услуги (с указанием его реквизитов)

Сведения об изменениях нормативных правовых актов

Интернет-ресурс, на котором размещена информация о государственной услуге

Фамилия, имя, отчество, должность ответственного лица и/или услугодателя

Контактные телефоны, адрес электронной почты ответственного лица государственного органа, и/или услугодателя

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ф.И.О. ответственного исполнителя

      Дата: " __"________ 20__г.

  Приложение 2 к приказу
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 5 марта 2020 года № 85/НҚ
  Приложение 2 к Правилам
взаимодействия Единого контакт-центра
с центральными государственными органами,
местными исполнительными
органами областей, городов
республиканского значения,
столицы, районов, городов
областного значения, акимами
районов в городе, городов
районного значения, поселков,
сел, сельских округов, а также услугодателями
  Форма

Отчет

№ п/п

Дата и время поступления жалобы и обращения

Фамилия, Имя, Отчество ответственного за форум

Регион

Фамилия, Имя, Отчество заявителя

Характер обращения

Содержание жалобы и обращения

Принятые меры, № запроса

Нарушение подзаконного нормативного правового акта, определяющего порядок оказания государственной услуги

Действие (бездействие) работников

1

2

3

4

5

6

7

8

9