Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 302 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 26 наурызда № 20171 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-1-бабына және 58-2-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.07.2021 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляция басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 302 бұйрығына
1-қосымша

Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қызметкерлерін, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (келісім бойынша) және салалық қауымдастықтардың (келісім бойынша) өкілдерін қамтитын Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) құрамына кемінде 7 (жеті) адам кіреді:

      Апелляциялық комиссияның төрағасы;

      Апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары;

      Апелляциялық комиссия мүшелері кемінде 5 (бес) адам.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 302 бұйрығына
2-қосымша

Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2022 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 58-1-бабына және 58-2-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануды қарау жөніндегі апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексін (бұдан әрі – ҚР ӘРПК), Мемлекеттік аудит туралы заңды, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) Апелляциялық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) – Апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

      2) қарсылық – "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16689 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары), "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Камералдық бақылау жүргізу қағидалары) айқындалған нысан бойынша берілген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аудиторлық есебімен немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есебімен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасымен мемлекеттік аудит объектісінің келіспеуі;

      3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы.

2-тарау. Апелляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыру

      4. Апелляциялық комиссия уәкілетті органның жанынан құрылады.

      5. Апелляциялық комиссияның төрағасы Апелляциялық комиссияның қызметіне басшылық жасайды және оның отырыстарында төрағалық етеді.

      Апелляциялық комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Апелляциялық комиссия төрағасының орынбасары орындайды.

      6. Жұмыс органының өкілі Апелляциялық комиссияның хатшысы болып табылады.

      Апелляциялық комиссияның хатшысы Апелляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      7. Апелляциялық комиссияның отырыстары апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері, қарсылықтардың, уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдардың келіп түсуіне қарай (бұдан әрі – шағым), оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы мерзімді негізде өткізіледі.

      Қарсылықтарды (шағымдарды) уақтылы қарауды қамтамасыз ету мақсатында Апелляциялық комиссияның отырыстары аптаның бақа күндері өткізіледі.

      Егер отырысты өткізу күні мереке күнге келетін болса, онда отырыс одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.

      Егер отырыста Апелляциялық комиссияның төрағасы мен оның орынбасары болмаған жағдайда Апелляциялық комиссияның отырысы өткізілмейді.

      8. Апелляциялық комиссия отырысының барысы аудиотіркеу техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.

      9. Апелляциялық комиссияның отырысы кворум болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      Апелляциялық комиссияның отырысын өткізу үшін кворум Апелляциялық комиссияның төрағасы мен оның орынбасарын қоса алғанда, Апелляциялық комиссия мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.

      10. Апелляциялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы отырысқа қатысып отырған мүшелердің қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда Апелляциялық комиссияның төрағасы немесе оны алмастыратын Апелляциялық комиссияның төрағасының орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      11. Апелляциялық комиссияның мүшесі, егер шағым берген адам Апелляциялық комиссияның осындай мүшесіне жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) болып табылса, сондай-ақ егер тікелей немесе жанама мүдделілігі (мүдделер қақтығысы) бар болса, шағымды қарамайды және өз ұстанымын білдірмейді, сондай-ақ дауыс беруге қатыспайды.

      12. Осы Ереженің 11-тармағында көзделген жағдайларда қарсылық білдіру немесе өздігінен бас тарту мәлімделеді.

      Апелляциялық комиссия мүшесіне қарсылық білдіру немесе өздігінен бас тарту туралы шешімді Апелляциялық комиссия отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік даусымен Апелляциялық комиссия мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), қарсылық білдіру немесе өздігінен бас тарту себебін қамтитын жазбаша еркін нысанда қабылдайды және Апелляциялық комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.

      13. Қарсылық, шағым Апелляциялық комиссияға беріледі және Мемлекеттік аудит туралы заңның 11-1-тарауында, ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында, сондай-ақ осы Ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.

      Көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген бөлікте қарсылықтарды, шағымдарды беруге және қарауға байланысты қатынастар ҚР ӘРПК-те реттеледі.

      14. Жұмыс органы қарсылықты, шағымды алған күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы уәкілетті органның ведомствосына және (немесе) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қарсылықта, шағымда мәлімделген барлық талаптар (дәлелдер) бойынша ұстанымды егжей-тегжейлі негіздей және түсіндіре отырып, ақпарат ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауапты уәкілетті органның ведомствосы, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі Жұмыс органына осындай сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      15. Жұмыс органы қарсылықты, шағымды, сондай-ақ шағым жасалатын мәселелерге қатысты басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде қарсылықты, шағымды алған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті материалдарды (шағым жасалатын мәселелер бөлінісінде талдау нәтижелерін, қарсылықтың, шағымның көшірмелерін, сұрау салуларға жауаптарды), оның ішінде "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы заң) сәйкес Заңмен қорғалатын құпияға жататын материалдарды қоса бере отырып қарсылықты, шағымды зерделеу және талдау нәтижелері бойынша анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) қалыптастырады және Апелляциялық комиссияның мүшелеріне жібереді.

      Анықтама мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) қарсылық, шағым берген тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)/жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН);

      2) актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған органның атауы;

      3) шағым жасалатын мәселелер тізбесі;

      4) шағым жасалатын мәселелер бөлінісінде талдау нәтижелері;

      5) қарсылыққа, шағымға қатысты басқа да мәліметтер.

      Көрсетілген материалдар Апелляциялық комиссия мүшелеріне:

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылатын қызметкерлерге – электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы;

      мемлекеттік органдардың қызметкерлері болып табылмайтын жеке тұлғаларға – Жұмыс органына ұсынған электрондық пошта мекенжайларына жолданады.

      Өтініш беруші қарсылыққа, шағымға қосымша материалдарды қоса берген жағдайда, Апелляциялық комиссияның мүшелері осындай материалдармен Жұмыс органында танысады.

      16. Апелляциялық комиссияның мүшелері осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген Анықтама мен материалдарды қарайды және Жұмыс органына, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Апелляциялық комиссия шешімінің жобаларын және қарсылықты қарау нәтижелерін қалыптастыру үшін шағым жасалатын мәселелер бөлінісінде дәлелді негіздемелермен өз ұстанымдарын осындай материалдарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Апелляциялық комиссияның мүшесі, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде ұстанымын ұсынбаған жағдайда, Апелляциялық комиссияның тиісті отырысында өз ұстанымын білдіреді.

      17. Жұмыс органы Апелляциялық комиссия мүшелерінің ұсыныстары бойынша не өз бастамасы бойынша туындаған мәселелер бойынша ақпаратты, анықтамаларды, құжаттарды, түсіндірмелерді және (немесе) ұстанымдарды ұсыну туралы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелеріне, мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға тиісті сұрау салулар жібереді.

      18. Қарсылықты қарау мерзімі мемлекеттік органдарға, лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда жауап алған сәтке дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.

      19. Өтініш берушіге Апелляциялық комиссия шешімінің жобасына және шағымды тыңдау нысанында қарау нәтижелеріне өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін Жұмыс органы алдын ала, бірақ Апелляциялық комиссияның түпкілікті шешімі қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.

      Тыңдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

      1) өтініш берушіні әкімшілік іс бойынша, оның ішінде бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;

      2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;

      3) өтініш берушіге өз ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін байланыс тәсілдері арқылы.

      Тыңдау мынадай жағдайларда қолданылмайды, егер:

      1) қолайлы шешім қабылдайды;

      2) бұл туралы өтініш беруші өтінішхат береді;

      Бұл жағдайда шешімде тыңдау өткізілмеген дәлелдер көрсетіледі.

      Өтініш беруші шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шешімге қарсылықты ұсынады немесе білдіреді.

      Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, ҚР ӘРПК-нің 74-бабында көзделген тыңдау хаттамасы жүргізіледі.

      Жұмыс органы өтініш берушіге тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      20. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мына шешімдердің бірін шығарады:

      1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;

      2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы.

      21. Апелляциялық комиссия шығарған шешімдер, сондай-ақ қарсылықтарды, шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беруі осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қалыптастырылатын Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.

      Жұмыс органы хаттаманы отырыс күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      22. Хаттамаға Апелляциялық комиссияның отырысына қатысқан Апелляциялық комиссия мүшелері хаттама жобасын алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қол қояды.

      23. Апелляциялық комиссияның отырысында екі және одан да көп қарсылықтар, шағымдар бойынша мәселелер қаралған жағдайда, әрбір қарсылық, шағым бойынша жеке Хаттама ресімделеді.

      24. Хаттама тиісті қарсылықтың, шағымның материалдарына қоса тіркеледі.

      25. Апелляциялық комиссияның төрағасы Апелляциялық комиссияның отырысын ауыстыру немесе Апелляциялық комиссияның қосымша отырысын тағайындау туралы шешім қабылдаған жағдайда, тиісті қарсылық, шағым бойынша Хаттама толтырылмайды.

      26. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері Апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Апелляциялық комиссияның шешімдері өтініш берушіге қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері жіберілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

      27. Апелляциялық комиссия беру тәртібі мен мерзімдері Мемлекеттік аудит туралы заңның 58-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарсылықтарды, шағымдарды қараудан бас тартады.

      Қарсылықты, шағымды қараудан бас тартылған жағдайда, Жұмыс органы қарсылық, шағым келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісін, өтініш берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.

      28. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есепке, бұрын шағым жасалған және олар бойынша уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосы шешім шығарған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қайтадан қарсылық келіп түскен кезде уәкілетті орган мен уәкілетті органның ведомствосы мұндай қарсылықты қараусыз, сондай-ақ Апелляциялық комиссияның отырысына шығарусыз қалдырады.

      29. Мемлекеттік аудит объектісі немесе өтініш беруші қарсылықты, шағымдарды қарауды тоқтату туралы өтінішхатпен жүгінген жағдайда, мұндай қарсылықты, шағымды уәкілетті орган немесе уәкілетті органның ведомствосы Апелляциялық комиссия мүшелеріне хабарлай отырып, қараусыз қалдырады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      30. Апелляциялық комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік және Мемлекеттік құпиялар туралы заңға сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етілуге жатпайды.

      31. Апелляциялық комиссияның, Жұмыс органының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға және Апелляциялық комиссия мүшелеріне, сондай-ақ Жұмыс органының өкілдеріне қандай да бір ықпал етуге жол берілмейді.

      32. Апелляциялық комиссия қабылдаған шешімге ҚР ӘРПК талаптарына сәйкес сотқа шағым жасалады.

  Аудиторлық есепке немесе
қаржылық есептілік жөніндегі
аудиторлық есепке, ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның камералдық
бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды
жою туралы хабарламаға
қарсылықтарды және ішкі
мемлекеттік аудит жөніндегі
уәкілетті органның және
(немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдануды қарау жөніндегі
апелляциялық комиссия туралы
ережеге қосымша
Нысан

Апелляциялық комиссия отырысының № ___ХАТТАМАСЫ

      Нұр-Сұлтан қаласы 20_ жылғы "_" _____ № __

      ҚАТЫСҚАНДАР:

      Аппеляциялық комиссияның төрағасы/ төрағаның орынбасары:

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      Апелляциалық комиссияның мүшелері:

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      __________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      Апелляциялық комиссия хатшысы:

      ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      ШАҚЫРЫЛҒАНДАР:

      ______________________________________________________

      ______________________________________________________

      (шақырылған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі)

      Қарсылық, шағым _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің, өтініш берушінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі), шағым жасалып отырған аудиторлық есептің немесе қаржылық

      есептілік жөніндегі аудиторлық есептің, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы

      хабарламаның, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның

      лауазымды тұлғаның шағым жасалып отырған шешімінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің)

      нөмірі мен күні көрсетіледі)

      Шағым жасалып отырған аудиторлық есепті немесе қаржылық есептілік жөніндегі

      аудиторлық есепті, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған

      бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны шығарған, ішкі мемлекеттік аудит

      жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешіміне,

      әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған органның атауы,

      _____________________________________________________________________

      Қатысқан Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны: ______.

      Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Сұрақ мәні/ Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Апелляциялық комиссия мүшелерінің шешімі

(қолдаймын /қарсымын)

Негіздеме

1.

Сұрақ мәні




Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)




Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)




....




ЖИЫНЫ:



2.

Сұрақ мәні




Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)




Апелляциялық комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)




....




ЖИЫНЫ:



3.




...




      Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде ШЕШІМ

      қабылданды:

      __________________________________________________________________________

      (қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы, қарсылықты,

      шағымды осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, мәлімделген талаптар

      (дәлелдер) шегінде қанағаттандырудан бас тарту туралы)

      Апелляциялық комиссияның төрағасы/төрағаның орынбасары:

      _______ ___________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Апелляциалық комиссия мүшелері:

      ______ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      _______ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

      Апелляциялық комиссияның хатшысы:

      ______ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады