Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасының 2020 жылғы 26 наурыздағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20197 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 11) тармақшасына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабынының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2020 жылғы 24 қазандағы № 9 (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде 2019 жылғы 30 қазанда № 19526 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 05 қарашасында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Ж. АСАНОВ

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2020 жылғы 26 наурызы № 12
Бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 5-2 бабына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі - Академия) білім алушылардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім тапсырысы шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Академияда оқуға жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламасын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      4. Магистратураға қабылдау даярлау бағыты мен оқу мерзімі көрсетіле отырып, құжаттарды қабылдау басталған күнге дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарияланады.

      5. Академияда оқуға құжаттарды қабылдау, оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру және оқуға қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен (бұдан әрі - Жоғарғы Сот Төрағасы) келісу арқылы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

      Қабылдау комиссиясы туралы ереже Жоғарғы Сот Төрағасымен келісу арқылы Академия ректорымен бекітіледі.

      6. Құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 31 шілде аралығында (қоса алғанда) жұмыс күндері жүзеге асырылады.

      7. Оқуға түсу емтихандары 10 - 22 тамыз аралығында, оқуға қабылдау 31 тамызына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

      8. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Академияның қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      9. "7М042 - Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша магистратураға бір жылдық оқу мерзімге қабылданады.

      10. Магистратураға оқуға түсу үшін мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне келесі талаптар қойылады:

      1) жиырма тоғыз жасқа толуы;

      2) жоғары заң білімінің болуы;

      3) қабылдау сәтінде заң мамандығы бойынша кем дегенде төрт жыл еңбек өтілінің болуы.

      11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін магистратураға түсетін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш және келесі құжаттар береді (бұдан әрі - Өтініш):

      1) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      2) жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге);

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басшының қолы қойылған жұмыс орнынан жолдама (бұдан әрі - Жолдама);

      4) жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;

      5) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша (егер бар болса) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификат (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады);

      6) 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосурет (алты дана);

      7) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086/У нысандағы медициналық анықтама.

      Шетелдік білім орындары берген білім туралы құжаттар нотариалдық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

      Шетелдік білім ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылуы (нострификациялануы) тиіс. Шетел тілінде берілетін құжаттың нотариалдық куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы болуы қажет.

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық Өтініш;

      2) жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) электрондық көшірмесі;

      3) Жолдаманың электрондық көшірмесі;

      4) жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі;

      5) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша (егер бар болса) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификаттың электрондық көшірмесі;

      6) 3х4 см көлемдегі JPEG нысанындағы түрлі-түсті фотосурет;

      7) № 907 бұйрығымен бекітілген 086/У нысандағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі.

      Электронды түрде берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарт (бұдан әрі - Стандарт) нысаны бойынша белгіленді.

      12. Өтініштер құжаттармен бірге қолма-қол берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші 30 минут ішінде:

      ұсынылған құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес тексереді;

      ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын сәйкестендіру арқылы тексереді, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға: жоғары білім туралы құжаттың (құжатқа қосымшамен бірге), шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың (олар болған жағдайда) түпнұсқаларын қайтарады;

      егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынса және мерзімі өтіп кетсе, көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін қайтарады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (бұдан әрі - қабылдаудан бас тарту туралы қолхат);

      көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін берген жағдайда, ол осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың келіп түскендігі туралы қолхат береді (бұдан әрі - келіп түскендігі туралы қолхат).

      Портал арқылы құжаттармен өтініштер түскен кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұрау салуды) қабылдау мәртебесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Әрі қарай, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын өңдейді және тексереді;

      порталда қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық нысанда қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы қолхаты көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетке"жібереді.

      Электрондық түрде ұсынылған құжаттардың түпнұсқалары магистратураға құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін тексеру үшін ұсынылуы керек.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сатысында мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылаудың ақпараттық жүйесіне мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті материалдар, мәліметтер мен ақпараттың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптардың сәйкес келмеуі.

      Түсушілердің көрінеу жалған ақпарат пен жалған құжаттарды ұсынуы олардың түсу емтихандарының барлық кезеңдеріне қатысудан шеттетуге, сондай-ақ оқу кезінде Академиядан шығаруға негіздеме болып табылады.

      15. Академияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) түсушілердің шағымданған жағдайда, шағым Академия ректоры атына не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) басшысының атына беріледі.

      Академияның немесе Департамент атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда түсушілер мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, түсуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      16. Түсу емтихандарын өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

      Емтихан комиссиясының құрамы Жоғарғы және жергілікті соттардың судьяларынан, сонымен қатар Академия қызметкерлерінен құрылады.

      Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасымен келісіле отырып, Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

      17. Магистратураға оқуға түсуші тұлғалар мына түсу емтихандарын тапсырады:

      1) таңдау бойынша шет тілдерінің бірі бойынша (ағылшын, француз, неміс);

      2) мамандық бойынша.

      18. Шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен даярланған технологиясы бойынша өткізіледі.

      Халықаралық сертификаттары бар тұлғалар, шет тілін меңгергенін растайтын Жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарға) сәйкес шет тілінен түсу емтиханының келесі бағдарламалар бойынша босатылады:

      ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) - кемінде 163 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл - кемінде 46), Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл - кемінде 453, Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) - шекті балл - кемінде 65), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл - кемінде 5.5);

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);

      француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) - кемінде 400 балл).

      19. Шетел тілінен қанағаттанарлықсыз (0 ден 29 балл) баға алған тұлға мамандық бойынша түсу емтиханына жіберілмейді.

      20. Мамандық бойынша түсу емтиханы Академияда жүргізіледі және үш кезеңмен өтетін емтихан компьютерде орындалады:

      1) құзыреттілікке компьютерлік тестілеу;

      2) кейстер шешу (ахуалдық тапсырмалар)

      Емтихан билеті азаматтық және азаматтық процестік құқық, қылмыстық және қылмыстық процестік құқық, әкімшілік құқық бойынша ахуалдық тапсырмаларды қамтиды;

      3) эссе жазу.

      21. Құзыреттілікке компьютерлік тестілеу кезеңінде кем дегенде 60 балл алған тұлғалар кейстерді шешуге жіберіледі.

      Кейстерді шешу кезеңінде кем дегенде 60 балл алған тұлғалар эссе жазуға жіберіледі.

      Эссе жазу кезеңінде кем дегенде 60 балл алған тұлғалар конкурсқа жіберіледі.

      Конкурсқа қатысуға кем дегенде 180 балл алған тұлғалар жіберіледі.

      22. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      23. Даулы мәселелерді шешу үшін Академияның апелляциялық комиссиясы (бұдан әрі - апелляциялық комиссия) құрылады. Апелляциялық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасымен келісіле отырып, Академия ректорымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссиясы туралы ереже Жоғарғы Сот Төрағасымен келісу арқылы Академия ректорымен бекітіледі.

      24. Мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген оқуға түсуші тұлға, апелляциялық комиссияға себебін көрсете отырып, өтініш беруге құқылы.

      25. Апелляцияға берiлетiн өтiнiш апелляциялық комиссия төрағасының атына жазылады. Емтихан материалдарының мазмұны бойынша өтiнiштер түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн келесi күнi сағат 13.00-ге дейiн қабылданады және апелляциялық комиссияға өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарастырылады.

      26. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы мен барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

4. Магистратураға оқуға қабылдау тәртібі

      27. Магистранттар қатарына қабылдау осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес анықталатын түсу емтихандарының үш кезеңінің бағалар сомасы бойынша конкурстық негізде іске асырылады.

      Түсу емтихандарының бағалау өлшемшарты (құзыреттілікке компьютерлік тестілеу, кейс шешу, эссе) Жоғарғы Сот Төрағасымен келісу арқылы Академия ректорымен бекітілетін мамандық бойынша түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру және емтихан комиссиясы туралы Ережесінде анықталған.

      28. Тұлғаны магистратураға қабылдау кезінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес қабылдау тұлғасы, Академия және тұлғаны оқытуға жіберген ұйым арасында үш жақты шарт жасалады.

      29. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры магистратураға қабылдау туралы бұйрық шығарады.

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының
ректорына

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      __________________________________________________________________ тұратын

      (тұрақты тұратын мекенжайды көрсету)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Төлқұжат деректері немесе жеке куәліктің мәліметтері ___________________________

      __________________________________________________________________________

Өтініш

      "7М042 - Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша 1 жыл оқу мерзіміндегі (күндізгі оқу нысаны бойынша) магистратураға оқуға түсу үшін түсу емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      1. Жұмыс орны_____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Лауазымы_______________________________________________________________

      3. Жалпы жұмыс өтілі __________, оның ішінде заң мамандығы бойынша өтілі

      ____________________________

      4. Телефон нөмірлері: қызметтік ______________________________________________

      үй ___________________; ұялы__________________ байланыс _____________

      5. Электрондық мекен-жайы: жеке ____________________________________________

      ұжымдық _________________________ факс №__________________________________

      6. Қандай шетел тілін тапсырасыз? (керегінің астын сызу керек)

      - ағылшын

      - неміс

      - француз

      7. Мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру тілі:

      қазақ немесе орыс тілі (қажеттісінің астын сызу керек)

      Кез келген мен ұсынған мәліметтер, бұрмалаушылықтар мен дәлсіздіктер түсу емтихандарына жіберуден бас тарту немесе Академияның оқыту процесінен шығарып тастауға негіз болуы мүмкін екендігі жөнінде хабардармын.

      Академияға қабылдау Қағидаларының талаптарымен таныстым және оларды сақтауға міндеттенемін.

      " " _________ 20__ж.                        __________________

      қолы

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  (фирмалық бланкте
толтырылады)

Жолдама

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (қызметшіні оқуға жіберген мемлекеттік органның атауы көрсетіледі) (оқуға түсушінің

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы) бір жыл мерзімге "7М042-Құқық"

      кадрларды даярлау бағыты бойынша магистратурада оқуға жіберіледі.

      _________________ _____________ ___________________________________________

      Лауазымы            қолы            (ҚР заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындау

                                          құқығына ие тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот төрелігі академиясына оқуға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" Республикандық мемлекеттік мекемесі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсыну жолдары

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші);
2) www.​egov.​kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде - 30 (отыз) минут;
портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні.
Қызмет берушіге жүгінген кезде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (жартылай автоматтандырылған) және / немесе қағаз түрінде.

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тарту туралы қолхат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынудың нысаны: электронды және/немесе қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызмет берушінің талап етілмеген құжаттарды сақтау шарттары: көзделген мерзімдерде қызмет алушымен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу бойынша өтініш жасамаған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушы оны алғанға дейін қабылдау орнында сақталуын қамтамасыз етеді.

6.

Мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы алудың мөлшері және
Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген жағдайда оны алудың жолдары

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және (бұдан әрі - Еңбек кодексі) "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыстар мен мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін беру жұмыс кестесіне сәйкес, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
2) порталдың - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы Заңға сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.​office.​sud.​kz интернет-ресурсында, "Сот төрелігі академиясы" бөлімінде орналасқан.

8.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) жоғары білім туралы құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады);
4) Жолдама;
5) жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;
6) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша (егер бар болса) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификат (сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көшірмесін алып, түпнұсқасын қызмет алушыға қайтарады);
7) 3х4 см көлемдегі түрлі-түсті фотосурет (алты дана);
8) № 907 Бұйрығымен бекітілген 086/У нысандағы медициналық анықтама.
Портал арқылы жүгінген кезде:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық Өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) электрондық көшірмесі;
3) Жолдаманың электрондық көшірмесі;
4) жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтаманың электрондық көшірмесі;
5) осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша (егер бар болса) шет тілінен тест тапсыру туралы сертификаттың электрондық көшірмесі;
6) 3х4 см көлемдегі JPEG нысаныдағы түрлі-түсті фотосурет;
7) № 907 Бұйрығымен бекітілген 086/У нысандағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда ЭЦҚ бар болған жағдайда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинет" қашықтан кіру жүйесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде қызмет алушы 1414, 8 800 080 77 77 Біріңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
___________________________
тұрғылықты мекенжайы

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академияда оқуға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан (бұдан әрі - мемлекет қызмет) бас тартады, мыналарға байланысты:

      1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (ақпараттың) жалғандығын анықтау;

      2) ұсынылған материалдар, мәліметтер мен ақпараттар мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Себебін көрсете отырып, жалған (жарамсыз) (соның ішінде жарамдылық мерзімі өткен) құжаттардың атауы:

      1. ___________________________________;

      2. ___________________________________.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар, мәліметтер және ақпараттар (соның ішінде толық емес ұсынылған құжаттардың) атауы:

      1. ___________________________________;

      2. ___________________________________;

      Осы қолхат 2 данада, әр тарап үшін бір данадан жасалды

      Берді: көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      қолы _____________________________________________

      Алды: көрсетілетін қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      қолы _____________________________________________

      20___ жылы "____"__________

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)

Құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхат

      1. өтініш;

      2. жоғары білім туралы құжаттың (құжаттың қосымшасымен бірге) көшірмесі;

      3. басшы қол қойған жұмыс орнынан жолдама;

      4. жұмыс орнынан заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетілген анықтама;

      5. шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат көшірмесі (болған жағдайда);

      6. 3х4 см көлемдегі алты түрлі-түсті алты фотосурет;

      7. 086/У нысандағы медициналық анықтама.

      Құжаттарды тапсырдым __________            Құжаттарды қабылдадым ________

      20___ жылы "___" ________                  20____ жылы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
6-қосымша

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі*

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасының 04.05.2020 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

Бағалаудың 5 балдық шкала бойынша балдар

90 - 100

Өте жақсы (5)

75 - 89

Жақсы (4)

60 - 74

Қанағаттанарлық (3)

0 - 59

Қанағаттанарлықсыз (2)

      * Шет тілі бойынша 0-ден 29-ға дейін балл "қанағаттанарлықсыз" деген бағаға сәйкес

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясына оқуға
қабылдау Қағидаларына
7-қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін көрсету № _______ ШАРТЫ

      Нұр-Сұлтан қ.                               20___ ж. "__" _______

      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі Академиясы"

      республикалық мемлекеттік мекеме, бұдан әрі "Академия", Жарғы негізінде әрекет ететін

      Ректорды ______________, бір тараптан, ______________________

      Қазақстан Республикасының азаматы, жеке куәлігі №___________________, _____________

      ж. берілген бұдан әрі "Магистрант", және

      ________________________________________________________________________________

      оқуға жіберген ұйымның атауы

      басшысы _________________________________________________________________,

      бұдан әрі "Жұмыс беруші", басқа тараптан, әрі қарай "Тараптар" төмендегілер туралы осы шартты жасады:

1. Шарттың пәні

      1.1. Осы Шарттың пәні "7М042-Құқық" кадрларды даярлау бағытының "7М04201 - Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - білім беру бағдарламасы) күндізгі оқу нысаны бойынша Академияда Магистрант үшін оқу процесін ұйымдастыруға байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.

      1.2. Қызмет көрсету орны - Нұр-Сұлтан қаласы.

      1.3. Оқу мерзімі-1 (бір) жыл.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1. Академия міндетті:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкес оқытумен қамтамасыз етуге;

      2) магистрантқа соңғы жұмыс орнының штаттық кестесі бойынша лауазымдық жалақысы мөлшерiнде стипендия төлеуге;

      3) Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда орындалмаған міндеттемелерге тепе-тең, магистранттан оның оқуына бөлінген бюджет қаражатын және оқытумен байланысты шығындарды өндіріп алу туралы талапты қоюға;

      4) магистранттан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Академияның мүлкіне келтірілген зиянды өтеуін талап етуге;

      5) Академияны бітіргеннен кейін төрт жыл ішінде Жұмыс берушіден және магистранттан әрбір алты ай сайын жұмыс орны туралы ақпаратты (анықтаманы) сұратуға.

      2.2. Академия құқылы:

      1) Білім беру бағдарламасын, білім беру процесін өз бетінше немесе әріптестермен бірлесіп жүзеге асыруға, оларды жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Академияның актілеріне сәйкес анықтауға;

      2) Қазақстан Республикасының заң актілері және Академияның ішкі құжаттарымен, Шартқа сәйкес магистранттан міндеттерін адал және тиісті орындауды талап етуге;

      3) магистрантты Шарттың 3.2-тармағымен көзделген негіздер бойынша оқудан шығарып жіберуге.

      2.3. Магистрант міндетті:

      1) кестеге сәйкес сабақтардың барлық түрлеріне қатысуға, емтихан сессияларын тапсыруға; білім беру бағдарламасы көлемінде білімді, шеберлікті және практикалық дағдыларды игеруге; академиялық бершектерді жібермеуге;

      2) академиялық адалдық қағидаларын, Академияның ішкі тәртібі Ережелерін сақтау және Академия басшылығының бұйрықтар мен өкімдерін орындауға және Шарттың талаптарын сақтауға;

      3) магистратурада білім алу кезінде жеке жұмыс жоспарын орындауға, оған мыналар кіреді:

      а) жеке оқу жоспары;

      б) ғылыми-зерттеу жұмысы (магистрлік жоба);

      в) Нұр-Сұлтан қаласындағы соттарда практика;

      г) ғылыми жарияланымдар жоспары;

      д) Академия белгілеген мерзімде жеке жоспарды орындау туралы есеп;

      е) қорытынды аттестациядан өту: кешендік емтиханды тапсыру, магистрлік жобаны қорғау;

      4) магистратураны бітірген соң судьялық лауазымға біліктілік емтиханын тапсыруға;

      5) судья лауазымына тағайындауын алмағанда Академияда оқуын бітірген соң, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде егер өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл, соның бірінші жылын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей еңбек қызметін жүзеге асыруға;

      6) магистратураны бітіргеннен кейін төрт жыл ішінде аудандық және оған теңестірілген соттарда судья бос лауазымына орналасу бойынша барлық конкурстарға қатысуға;

      7) Академияның мүлкіне ұқыпты қарауға;

      8) Академияға бір ай ішінде тұрғылықты жері мен төлқұжат мәліметтері, электрондық пошта мекенжайы өзгергендігі туралы хабарлауға;

      9) шетелдік тағылымдамадан өту, шетелдік конференциялар мен форумдарға қатысу кезінде барған елдің заңнамасын, жалпы қабылданған мінез-құлық және адамгершілік нормаларын бұзбауға;

      10) Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін оқу бағдарламасының аяқталуына байланысты оқудан шығару туралы бұйрық шыққаннан кейін жұмыс орнынан анықтаманы әрбір алты ай сайын Академияға ұсынуға;

      11) Шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті орындамаған жағдайда орындалмаған міндеттемелерге тепе-тең, оның оқуына бөлінген бюджет қаражатын және оқытумен байланысты шығындарды өтеуге.

      2.4. Магистрант құқылы:

      1) білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға;

      2) білім беру бағдарламасында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында Академияның материалдық-техникалық жабдықтауымен пайдалануға;

      3) ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысуға, өз жұмыстарын жариялауға, оның ішінде Академияның басылымдарында ұсынуға;

      4) оқу үдерісін ұйымдастыруды, білім беру бағдарламасының мазмұнын және оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге.

      2.5. Академияда магистрант оқуды аяқтағаннан және біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін Жоғарғы соттың ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органда, жергілікті және басқа соттарда және оның аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарында оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша конкурссыз орналасуы мүмкін.

      2.6. Жұмыс беруші міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, магистранттың жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалысын беруге;

      2) білім беру бағдарламасы бойынша Академияда құқық магистрі дипломын алғаннан кейін оқуға жолданған тұлғаға бұрынғы лауазымына сәйкес жұмыс ұсынуға;

      3) оқу аяқталғаннан кейін жұмыс орны магистрантқа жұмысқа шығу туралы акт шығаруға және бұл туралы жазбаша түрде Академияға хабарлауға;

      4) Академияның сұратуы бойынша магистранттың жұмыс орны туралы мәліметті он жұмыс күні ішінде тапсыруға;

      5) Академияға мемлекеттік органның алдағы қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы (жойылуы) туралы бір ай бұрын жазбаша хабар беруге.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      3.1. Тараптар өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар осы Шартта көзделмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      3.2. Магистрант Академиядан келесі негіздер бойынша шығарылады:

      1) академиялық үлгермеушілік;

      2) Академияның Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін және Шартты бұзу;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі нормаларын (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларын) бұзу;

      4) академиялық демалыс беру туралы бұйрықпен белгіленген мерзімде білім алушының академиялық демалыстан шықпауы;

      5) жоғары оқу орнында және басқа оқу орындарында оқумен байланысты жалған (қолдан жасалған) құжаттарды, оның ішінде білім туралы құжаттарды, медициналық анықтамаларды ұсыну.

      3.3. Магистрант Академиядан өз қалауы бойынша оқудан шыға алады.

      3.4. Академиядан шығарылған магистрантқа белгіленген нысан бойынша құжат беріледі.

      3.5. Магистрант Шарттың 3.2-тармағында көзделген негіздер бойынша шығарылған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша Академияда қайта оқу құқығынан айырылады.

      3.6. Егер Шарттың 3.2. және 3.3. тармақтарында көзделген негіздер бойынша магистратурадан шығарылған жағдайда, магистрант Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның оқуына бөлінген бюджет қаражатын және оқытумен байланысты шығындарды мемлекетке өтейді.

      3.7. Шарттың 2.3-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген міндеттемелерді орындамау Академияны оқып бітірген тұлғаға оның оқуына бөлінген бюджет қаражатын және оқытумен байланысты шығындарды мемлекетке өтеуге әкеп соғады.

      3.8. Мемлекетке бюджеттік қаражатты қайтарудың шарттары бұзылған жағдайда, негізгі қарызды төлеумен қатар, магистрант әр кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 0,01% (нөл бүтін жүзден бір пайыз) мөлшерінде айыппұл төлеуге, бірақ қарыздың жалпы сомасының 3% (үш пайыздан) аспауға міндетті.

4. Форс-мажорлық жағдаяттар

      4.1. Тараптардың бақылауына қисынды көлемде тәуелді емес және Шарт жасалғаннан кейін туындайтын форс-мажорлық жағдаяттар кезінде (су тасқыны, өрт, басқа дүлей апаттар, әскери қимылдар, сондай-ақ басқа да жағдаяттар) Тараптардың жауапкершілігі болмайды. Алайда, бұл ереже егер форс-мажорлық жағдаяттарға ұшыраған Тарап дәлелдемелерді ұсынған және бұл туралы басқа Тарапқа форс-мажор туындаған сәттен үш тәуліктен кешіктірмей хабарлаған жағдайда, әрекет етеді.

      4.2. Билік пен басқару органдарының Тараптардың біреуінің Шарт бойынша міндеттемелерін орындауына мүмкіндік бермейтін актілерді шығаруы Тараптардың бақылауына тәуелді емес жағдаяттар деп есептеледі.

      4.3. Тараптардың міндеттемелерді орындауы сәйкесінше форс-мажорлық жағдаяттардың іс-әрекеті мен олардың салдары мерзіміне ауыстырылады.

5. Дауларды шешу тәртібі

      5.1. Шартты орындау кезінде туындаған даулар мен келіспеушіліктер тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

      5.2. Осындай жолмен дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралатын болады.

      5.3. Шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

6. Шарттың әрекет ету мерзімі, өзгертулер мен толықтырулар тәртібі

      6.1. Шарт қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Тараптардың өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

      6.2. Шарттың жағдайлары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын есепке ала отырып, Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

7. Қорытынды ережелер

      7.1. Осы Шарт мемлекеттік /орыс тілдерінде 3 данада жасалған, бірдей заңдық күші бар.

      Тараптардың деректемелері

Академия

Магистрант

Жұмыс беруші

"Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы" РММ

ТАӘ_____________
_________________
_________________

Ұйымның атауы

010000, Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік көш. 46

Мекен-жайы:
_____________

Орналасқан жері

БСН 160340016701

Жеке куәлігі
берілген мерзімі

БСН

"Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті" РММ



ЖСК 92070101KSN0000000

ЖСН

ЖСК

БСК KKMFKZ2A

Электрондық пошта

БСК

Кбе 11


Кбе




Ректор
___________

Магистрант
______________

Жұмыс беруші
______________

М.О.


М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады