"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20212 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсіп

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының ұлттық

      экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қаржы министрінің
2020 жылғы 30 наурызы
№ 336 бұйрығымен
бекітілген

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) әзірленген аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) аудиторлық қызметін лицензиялау тәртібін көрсетеді.

      2. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

      3. Процесстің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес баяндалған.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      5. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма - қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      Көрсетілетін қызметті алушылар лицензия алу үшін осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші, өтініш беруші туралы мәліметтер және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші нысандары осы Қағидалардың 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының еңбек заңңамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде сұрауды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қызмет беруші деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жіберу арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (операторды) хабардар етеді sd@nitec.kz Мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (УИНЗ), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды, немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (УИНЗ), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)), немесе авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН).

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

      Лицензия беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді - бір жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушының электрондық сұрау салуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) ақпараттық сервисіне Жолдауы және оған аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімдеріне қатысты көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алуы - бір жұмыс күні ішінде;

      4) орындаушының ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарауы, дайындауы аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен қорытынды жобасын, лицензия беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай - ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру - бір жұмыс күні ішінде;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушының осы Қағидалардың 1-қосымша 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қарауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының жобасын және "лицензияны қайта ресімдеу туралы" бұйрық жобасын дайындауы және аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының бекітуі және тіркеуі немесе лицензияны қайта ресімдеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта ресімделген лицензияны беру немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау - екі жұмыс күні ішінде;

      заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді-бір жұмыс күні ішінде;

      3) орындаушының ҚСжАЕК ақпараттық сервисіне электрондық сұрау салуды жіберуі және оған аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімдеріне қатысты көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мәліметтер туралы жауап алуы - бір жұмыс күні ішінде;

      4) орындаушының ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарауы, дайындауы аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай - ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау - бір жұмыс күні ішінде;

      лицензияның телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің аудиторлық қызмет саласындағы тиісті басқармасына береді - бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды және лицензияны басып шығарады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ - мен куәландырады және лицензияның телнұсқасын береді - бір жұмыс күні ішінде.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші және басшысының атына беріледі және (немесе) уәкілетті органның және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауымен (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес беріледі.

      Қызметті көрсетушінің тарапына келген қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 29-тарауында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет)

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті.

2

Мемлекеттік қызметтің көрсетілуі тәсілдері (кіру арналары)

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алу: "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі

лицензия беру - 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресімдеу - 4 (төрт) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру-2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілі

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген жағдайлардан ақы алу тәсілдерінің төлем құны.

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.):
1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым - 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым-лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 % - ын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым-лицензия беру кезіндегі ставканың -100%.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
Портал-тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін:
Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияға қосымша.
"Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкіндігі болған жағдайда, осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
Басшының және аудиторлардың біліктілік куәліктерін беру туралы мәліметтер нысаны.
Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйымды құрған кезде, жоғарыда аталған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзінің мәртебесін растау үшін:
елдің кәсіби аудиторлық ұйымы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:
қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияға қосымша.
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;
қайта ресімдеу үшін негіздеме растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі);
3) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында рәсімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда):
мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда, осы құжатты ұсыну талап етілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бастартудың негіздері

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1)Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2)лицензиялық алым енгізілмеген;
3)көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
4)көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
5)сот орындаушысының ұсыныуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
6)көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып мемлеккеттен қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-76-56, 71-81-42, 71-81-53, 71-80-79, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1)Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында: www.minfin.gov.kz;
2) порталда: www.egov.kz орналастырылған.

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес - сәйкестендіру нөмірі болмаған

      жағдайда-шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны жүзеге асыру

      ________________________________________________________________________________

      (Қызметтің түрі және (немесе) қызметтің кіші түрінің (-лері) толық атауы көрсетілсін жүзеге

      асыруға лицензияны және(немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта (лицензияны

      қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ((шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс ___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы)

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      __________ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      Көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға

      сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық

      жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық

      қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы __________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

Өтініш беруші туралы мәліметтер

Кәсіпорынның мөлшерлігі:

шағын

х

орта

х

ірі

х

Қызметті растау

Қызмет түрлері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 20 қарашадағы 3-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес келетінін растаймын

х

      (тиісті жолққа х белгісі қойылады)

Басшы мәліметтерінің нысаны

      Аудитор ретіндегі аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________

      Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ________________

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың
нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Алдыңғы жұмыс орнының ұйымның атауы

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8









"Аудитор" біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері"

Куәліктің берілген күні

Куәлік нөмірі

"Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





Аудиторлар мәліметтердің нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Аудитордың тегі, аты, әкесінің аты(болған кезде)

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Алдыңғы жұмыс орнынан ұйымның атауы

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











"Аудитор" біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәліктің нөмірі

"Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
4-қосымша
  Нысаны

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды

      тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес - сәйкестендіру нөмірі)

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) қайта ресімдеуді сұраймын

      (керегінің астын сызу) № __________ бастап "___" _________ 20___ жыл берілген),

      ________________________ (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(-лардың)

      нөмірі (- лері), берілген күні,

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (- ларды) берген лицензиардың атауы)

      Жүзеге асыруға __________________________________________________________________

      (Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер)

      бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиатты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы

      16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - заң) 34-бабында айқындалған

      тәртіпке сәйкес (тиісті жолға х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      жеке шығу ____

      бөліну ____

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ___________________________________________

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _______________________________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "обьектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша

      берілген лицензияны иеліктен шығаруы ______________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе,

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, обьект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талап болған жағдайларда

      ________________________________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _____________________________________________________

      8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________________________

      қағаз тасығышта _____ (қағаз тасығышта лицензия алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,

      көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі)

      Электрондық пошта ______________________________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________________________

      Факс___________________________________________________________________________

      Банк шоты ______________________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

      үй/ғимарат(стационарлық үй-жай) нөмірі)

      ________парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға

      сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады;

      өтініш беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келіседі,

      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылғаны;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлық

      қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы _______ __________________________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Толтыру күні: "__" __________ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады