Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20239 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 263 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14840 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 8-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      __________________________

      2020 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      _________________________

      2020 жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі (бұдан әрі – Кредиттік бюро туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді (бұдан әрі – рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Кредиттік бюро туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда және "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген мәндермен қолданылады.

2-тарау. Рұқсат беру тәртібі

      3. Заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші, көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген рұқсатты алу үшін уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген рұқсатты беру туралы өтінішті "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептері, көрсету процесін, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - Стандарт) келтірілген.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдау мен тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші портал арқылы өтініш жіберген кезде "жеке кабинетте" нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратуды қабылдау туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      5. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар келіп түскеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды көрсетілген мерзімде дайындап, көрсетілетін қызметті берушіге жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні (бұдан әрі – сәйкестік туралы акт) алу үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті органның комиссиясына (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.

      6. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындау мен қол қоюды жүргізеді.

      Сәйкестік туралы актіні уәкілетті органның комиссиясы жасайды және тексерілетін кредиттік бюроның өкіліне қол қоюға жіберіледі. Егер комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестігі туралы актіге қол қоймаса, онда ол өзінің бас тарту себептері туралы ақпаратты комиссияға жазбаша нысанда ұсынады, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.

      Сәйкестік туралы акті Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған жағдайда жасалған болып саналады.

      Комиссия және оның құрамы туралы ереже, сондай-ақ тексеру жүргізу регламенті уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      7. Жауапты бөлімшенің қызметкері Комиссия сәйкестік туралы актіні ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды, рұқсаттың не рұқсат беруден бас тартудың жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы рұқсаттың не рұқсат беруден бас тартудың жобасына қол қояды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы рұқсаттың не рұқсат беруден бас тартудың жобасына қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сәйкестік туралы актімен қоса рұқсатты не рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген рұқсатты алуға арналған құжаттарды ұсынған жағдайда және кредиттік бюро Кредиттік бюро туралы заңның 8-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестік туралы актіні көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі − ЭЦҚ) қол қойылған құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      8. Рұқсат және сәйкестік туралы актіні уәкілетті орган шектеусіз мерзімге береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жіберген кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу кезінде жаңартылатын өтініш туралы ақпаратқа (жеткізілім, тіркеу, орындау туралы жазбалар, қарауға жауап немесе қараудан бас тарту туралы ескертпелер) қол жеткізуге болады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

      Уәкілетті органның толық атауы

Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат

Рұқсаттың нөмірі ____________

Берілген күні 20__ жылғы "___" ______

      _________________________________________________________________

      (кредиттік бюроның толық атауы)

      Төраға (Төрағаның орынбасары)

      Мөр орны

      Алматы қаласы

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын
талаптарға кредиттік бюроның
сәйкестігі туралы актіні беру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

_________________________________________________________________________ -ға (уәкілетті органның толық атауы) ________________________________________________________________________ -дан (өтініш берушінің/ көрсетілетін қызметті алушының толық атауы) Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру туралы өтініш

      Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беруді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үйдің нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      телефоны нөмірі, факсы)

      2. Кредиттік бюроның бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туылған жылы және күні, байланыс

      телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      3. Кредиттік бюроның акционерлері (құрылтайшылары, қатысушылары) туралы мәліметтер:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туылған жылы және күні, байланыс

      телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      ________________________________________________________________________;

      заңды тұлғалар үшін: толық атауы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы

      мәліметтер, жарғылық капиталының мөлшері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (бар болса )

      ________________________________________________________________________.

      4. Толық төленгенін растайтын құжаттардың: төлем тапсырмаларының, кассалық кіріс ордерінің деректемелерін көрсете отырып жарғылық капиталдың мөлшері (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)

      ________________________________________________________________________.

      5. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні (акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      6. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының саны

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толығымен растайды.

      Өтініш беру үшін өтініш беруші уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (ол бар болса), лауазымы

      __________________________________________________________________________

      ________________

      (қолы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      20__ жылғы "___" _______________

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру қағидаларына
3-қосымша

"Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

Порталға өтініш берген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актімен қоса, кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат не кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актімен қоса, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдеріндегі кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы рұқсат алу үшін өтініш;
2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттардың электрондық көшірмелері.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъектілердің осы санаттары үшін тыйым салынған қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру;

2) мыналарды ұйымдастыру, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды сақтамау:
ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауіпсіз орналастыруға және пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыру үшін ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастырған және пайдаланған кезде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамамасыз етуді қолдану;
ақпарат берушілермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттарда кредиттік тарихтың деректер базасын құру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастырған және пайдаланған кезде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша ұйымдастыру, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бірлесіп іске асырудың міндетті екендігі туралы талаптардың болуы;
кредиттік тарих субъектілері ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюроның қаладан тыс орналасқан резервтік серверінің болуы;

3) соттың қызметті алушыға қатысты оған қызметтің осы түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген шешімінің болуы;

4) кредиттік бюроның "Кредиттік бюролардың, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес кредиттік бюролардың ақпаратты берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 228 қаулысында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 қарашада № 17702 тіркелген) белгіленген ақпарат берушілермен және кредиттік есептерді алушылармен жасалатын шарттарда кредиттік тарихтың деректер базасын құру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастырған және пайдаланған кезде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау бойынша ұйымдастыру, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Кредиттік бюро қызметін жүзеге
асыру құқығына рұқсат және
кредиттік тарихтардың деректер
базасын, пайдаланылатын
ақпараттық жүйелерді қорғау
және олардың сақталуын
қамтамасыз ету жөніндегі
кредиттік бюроға және үй-
жайларға қойылатын талаптарға
кредиттік бюроның сәйкестігі
туралы актіні беру қағидаларына
4-қосымша
  нысан

      ________________________________________

      (кредиттік бюроның атауы)

кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы

Акт

________________________

20__ жылғы "__" _________

жасалған орны

берілген күні

      Осы кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні мынадай құрамдағы комиссия жасады:

      уәкілетті органның өкілдері:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Комиссияның жұмысына кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушысының өкілдері қатысады:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Комиссия тексерген объектілердің және зерделеген құжаттардың толық сипаты:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесі қатысушысының өкілдері түсіндірмелерінің қысқаша мазмұны:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Комиссияның кредиттік бюроның техникалық және өзге құжаттарын тексеруінен, оның техникалық үй-жайларын, электрондық-компьютерлік жабдығын, байланыс жүйелері мен қорғаныш құрылғыларын және кредиттік тарихтарды қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіндегі жұмысқа арналған өзге объектілерді тексеруінен мыналар анықталды:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      (қойылатын талаптарға сәйкес келуі (сәйкес келмеуі) және ұйымның ақпараттық қызметтер нарығындағы қызметін бастау (жалғастыру) үшін жеткілікті болуы (жеткіліксіз болуы).

      Кредиттік бюроға комиссияның актісіне қоса берілген мынадай техникалық құжаттама және өзге құжаттар ұсынылды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Комиссия мүшелері:

      __________ _________________________________________________________

      (лауазымы)             (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ______________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      __________ _________________________________________________________

      (лауазымы)             (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ______________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      __________ _________________________________________________________

      (лауазымы)             (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      ______________________

      келісілді (келісілген жоқ)

      Комиссия жетекшісі:

      ____________________________________________________________________

                        (электрондық цифрлық қолтаңба)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады